Аумақтық бөлімшелер

"ҚР ТҚҚ агентігінің ШҚО ТҚҚ Департаментінің Жарма ауданының басқармасы" РММ

Басқарма бастығы ҚұлжанбековаГүлжахан Тегiсбекқызы

1959 жылы 20 наурызда, Семей облысының Аягөз қаласында дүниеге келдi. Ұлты қазақ. Мектеп бiтiрген соң Алматы қаласындағы Республикалық медициналық училищесiн бiтiрiп, Қарағанды қаласындағы медициналық институтiне түстi. 1986–1997 жылдар аралығында Шар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында бас дәрiгер қызметiн атқарды. 1998–1999 жылдарда Жарма аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында дәрiгер-бактериолог қызметiн атқарды. 1999 жылы Жарма аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқарма бастығы қызметiне тағайындалды.
Тұрмыста. Төрт баласы бар.

Лауазымдық міндеттері:

Аудан аумағында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
Басқарманың барлық құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша шешімдер қабылдау, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
Басқарма құзырына кіретін мәселелер бойынша аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің материалдық-техникалық қамтамасыз етуіне ықпал жасау;
Санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралардың ұйымдастырылуына және жүргізілуіне бақылау жасау;
Басқарма қызметінде заң талаптарының сақталуына бақылау жүргізу.

Мекен-жайы:
ШҚО, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Мұстанбай көшесі, 108,
телефон 8(72347) 65-262.
Электрондық адрес: ses_zharma@mail.ru

  Қабылдау уақыты: Әр аптаның бейсенбі күні, сағат 14.00 -ден бастап  17.00 -ге дейін.

 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016