Аумақтық бөлімшелер

Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі

   Жапаров Берік Ондабайұлы- Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник.

1971 жылы 13 желтоқсанда Семей облысы, Мақаншы ауданы, Мақаншы ауылында дүниеге келген. Ұлты –қазақ. Білімі: а) азаматтық 1994 жылы Семей зооветеринар институты «зооинженер» мамандығы бойынша. «Мінсіз қызметі үшін» III дәрежелі мемлекеттік медалі, марапаттары: ҚР ҚК 10 және 20 жылдық мерейтойы. Отбасылық жағдайы үйленген.

01.08.1989-20.02.1994 жж. студент, Семей зооветеринар институты «зооинженер» мамандығы бойынша. 20.03.1994-13.04.1995жж. Құрылыс кооперативі «экспедитор». 20.11.1997-10.11.1998 жж.Фирма «Сонар» жұмысшы, 11.11.1998-20.07.2001 жж.«Намыс» ЖШС қауіпсідік қызметінің қызметкері, 14.08.2001-30.05.2002жж.«Алматы Халықаралық Әуежайы» ААҚ, инспектор. 31.05.2002-04.05.2003жж. Үржар аудандық әскери комиссариатына 2-бөлімше бастығының көмекшісі. 04.05.2003-11.12.2003жж. Қатон қарағай ауданы әскери комиссарының орынбасары-1-бөлімше бастығы, 11.12.2003-15.03.2008жж. Зырян ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары-жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімшесінің бастығы. 15.03.2008-07.07.2009жж.

Семей қаласы қорғаныс істері жөніндегі Басқармасы шақыру және әскери қызметкерлерді келісім шарт бойынша қабылдау бөлімшесінің бастығы. 07.07.2009-01.09.2012жж. Глубокий ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары-жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімшесінің бастығы. 01.09.2012-02.06.2014 жж. Ұлан ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы. 02.06.2014 ж. бастап Жарма ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы.

Лауазымдық міндеттері

  1. Қатысты мемлекеттік органдармен бірлесіп әкімшілік –аумақтық бірліктердегі көлк және адам қорларын жұмылдыруды өткізу жоспарын дайындау және ұйымдастыру.
  2. ЖБО (жергілікті басқарушы орган) бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктердің адамдар, көліктер мен материалдық қорларын жұмылдыруды ұйымдастыру мен өткізу.
  3. Әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағындағы жұмылдыру тапсырмалары бар ұйымдар басшылары, ТЖ бөлімі және АІІБ, ҰҚК аумақтық органдарын, ЖБО жұмылдыру туралы құлақтандыру.
  4. Қазақстан Республикасының әскери құрылымдары және басқа да әскерлері, Қарулы күштерін жұмылдыру қорларымен толықтыру бойынша ауылдық (кенттік) округтер арасында жұмылдыру тапсырмаларын белгілеу.
  5.  Қатысты мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, алғашқы әскери дайындқ, әскери-патриоттық және интернационалистік тәрбие, далалық оқу-жаттығу жұмыстары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының әскери-техникалық мектептеріне мамандарды дайындау жұмыстарын өткізуді ұйымдастыруға бақылау жасауды басқарады.
  6. Халықаралық келісімдерге сәйкес ҚР ҚМ сонымен қатар басқа да мемлекеттердің орта және жоғары арнайы оқу мекемелеріне азаматтардың оқуға түсуіне іріктеу жүргізеді және ұйымдастырады.
  7. ЖБО бірлесе отырып азаматтарды шақыру учаскелерінде тіркеу, келісім шарт қызметі, мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру комиссиясының жұмысын, жұмылдыру жарияланған уақыттағы әскери жиындарды ұйымдастыру.
  8. Әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткен, әскери қызметке шақырудан бас тартқан азаматтармен жұмысты есепке ал бойынша бақылауды ұйымдастырады, шешім қабылдау үшін олар туралы мәліметтер мен ақпараттард құқыққорғау органдарына ұсынады.
  9. Жиын және құлақтандыру, әскерлерге адамдар мен көлік қорларын жеткізу бойынша ұйымдар мен құлақтандыру штабтарын, ауылдық (кенттік) округтердің дайындықтарын тексеруді жүзеге асырады.
  10. Мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау бойынша тікелей жауапты.

   Мекен-жайы:Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 90
   Қабылдау уақыты:сейсенбі, бейсенбі сағат 15.00-18.00. Шалғай аудандардан келген азаматтарға қүн сайын сағат 9.00-18.00
   Телефон:8 (72347) 65-404

 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016