Аумақтық бөлімшелер

ҚР ТЖМ ШҚО Жарма ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

Отынбаев Қабдылғабит Бастық – Отынбаев Қабдылғабит

1968 жылғы 8 ақпанда дүниеге келген. 1985 жылы Георгиевка ауылында Абай орта мектепті бітірген.  2002-2004 ж.ж. Талдықорған заң колледжінде оқыған. 2007-2009 ж.ж. Қ.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық университетінде білім алған. 
1986-1988 ж.ж. қарулы күштер қатарында борышын өтеген. 1988-1989ж.ж. Георгиевка АТП машинист болып жұмыс істеген.  1989 ж. аудандық халықтық комитетте жүргізуші болған.1989-1992 ж.ж. Жарма аудандық денсаулық сақтау бөлімінді жүргізуші болған. 1993-1996 ж.ж Жарма аудандық экология басқармасында жүргізуші болған. 1996 - 2000 ж.ж. Жарма аудандық еңбек биржасында жұмыс атқарған. 2000-2004 ж.ж. ШҚО Мемлекеттік өртке қарсы қызметі-10 отряды №55 ӨСБ жүргізушісі лауазымында істеген. 2004 - 2006 ж.ж. ШҚО Мемлекеттік өртке қарсы қызметі-10 отряды №55 ӨСБ анықтаушы лауазымында болған. 2006 – 2010 ж.ж  ШҚО Жарма ауданы Қалбатау  ауылы   Төтенше жағдайлар бөлімінің  аға анықтаушы лауазымында болған.
2010 - 2015 ж.ж ШҚО Жарма ауданы Калбатау ауылының Төтенше жағдай бөлімінің, бас маманы лауазымында жұмыс атқарған.
2015 жылдын  3 қарашасынан бастап   Жарма ауданының ТЖБ бастығы болып тағайындалған. Отбасылы. Үш баланын әкесі.

Мекен жайы:
ШҚО, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Қабанбай көшесі, 3 үй
Қабылдау күндері:дүйсенбі-сәрсенбі, сағ 16.00 ден 18.00-ге дейін
Телефон: 8-72347-65-251
E-mail:   pch55@vkogps.kz

Лауазымдық және функционалдық міндеттері

Бөлім бастығына мына міндеттер жүктеледі:
Жарма ауданының төтенше жағдайлар бөліміне басшылық ету:

  1. меншік нысана және ведомстволық бағыныс тиесілігіне қарамастан ұйымдардың барлық өндірістік объектілерінде төтенше жағдайлардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру;
  2. тұрақты мониторингті ұйымдастыру, талдау жүргізу, төтенше жағдайлардың туындауын болжау;
  3. проблемаларды, олардың туындау себептерін анықтау;
  4. анықталған проблемаларды жою және олардың шығу себептері бойынша шараларды әзірлеу, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірлеу;
  5. Департамент басшылығын жедел хабарлауды жүзеге асыру үшін материалдарды дайындау.
  6. бекітілген нысандар мен ведомстволарда мемлекеттік өрт бақылау функцияларын жүзеге асырады.
  7. жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға міндетті және ол үшін жеке жауапкершілік артады.

Қызметтің тиісті бағыттары бойынша, соның ішінде Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарымен және ведомстволарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру:
1) Департаменттің барлық бөлімшелерімен іс-әрекеттің келісушілігін, реттеушілігін және толассыздығын ұйымдастыру;
2) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің арасында ақпараттық алмасуды ұйымдастыру;
3) Департаменттің және бөлімнің Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарымен, соттарымен және ведомстволарымен қарым-қатынаста мүддесін білдіру;
4) Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілер жобасын және мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ведомстволарына жедел хабарлауды жүзеге асыру;

Қабылданатын нормативті құқықтық актілерді және Министрліктің нұсқауын, сондай-ақ өзге де басқармалық шешімдерді орындауды ұйымдастыру:
1) нормативті құқықтық актілерді, Министрлік пен Департамент басшылығының нұсқауларын және өзге де басқармалық шешімдерді орындау барысында мониторингті жүзеге асыру, сондай-ақ Министрлік пен Департаменттің қызметтік стратегиясын іске асыру;
2) өртке қарсы қызметтің жұмысын реттейтін нормативті құқықтық актілердің жобасын әзірлеуді ұйымдастыру;
3) қабылданған нормативті құқықтық актілерді, Министрлік және Департамент басшылығының нұсқауларын іске асыру нәтижелері бойынша есептік материалдар мен ұсыныстарды дайындау.

Жаңа технологияларды,басқарудың прогрессивті нысанын енгізу үшін жағдайлар жасау:
1) жаңа технологияларды, басқарудың прогрессивті нысандарын, еңбекті бағалаудың ғылыми негізделген өлшемдерін кең қолдану негізінде жұмыс қызметтерін жүзеге асыру;
2) басқарудың әкімшілік әдістерінің үйлесу, қызметкерлерді материалдық және моральдық ынталандыру мәселелерін талқылауда дара басшылығы және алқалығы, тапсырылған учаске үшін әр қызметкердің жеке мүдделілігі және жауапкершілігі қағидаттарын және барлық ұжымның жұмыс нәтижесін қолдану;
3) кадрлық, техникалық және әкімшілік ресурстарды қолданудың тиімділігі мен ұтымдылығын арттыру мақсатында мониторингті жүзеге асыру және жаңа технологияларды, прогрессивті басқару нысандарын үйрену.

Заңдылықты, қызметтік, әскери және еңбек тәртібін, құпиялық режимді және жұмылдыру дайындығын сақтауды бақылау:
1) заңдылықты, қызметтік, әскери және еңбек тәртібін сақтау жөнінде алдын алу шараларын кабылдау, ұжымда әскери-қызметтік қарым-қатынасты, сондай-ақ жұмылдыру дайындығының талаптарын реттеу;
2) қызметтік, әскери және еңбек тәртібін, құжаттармен жұмыс істеген кезде құпиялылық режимін және жұмылдыру дайындығын бұзу фактілері мониторингін ұйымдастыру;
3) қызметтік, әскери және еңбек тәртібі және жұмылдыру дайындығы заңдылықтарын бұзуға ықпал ететін фактілерді, олардың туындау себептерін анықтау;
4) заңдылықты, қызметтік, әскери және еңбек тәртібін, құпиялылық режимін және жұмылдыру дайындығын бұзуға ықпал ететін анықталған себептерді жою жөніндегі шараларды әзірлеу.

Бірыңғай кадрлық саясатты іске асыруға ықпал ету:
1) бөлімді білікті мамандармен қамтамасыз ету, олардың білімдерін және дағдыларын оңтайлы пайдалану, жұмыс сипатына тән жағымды еңбек жағдайларын құру бойынша шараларды қабылдау;
2) бөлім қызметкерлері жұмысының қозғамдама механизмдерін және баға өлшемдерін құру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
3) тәлімгерлік институтын, сондай-ақ тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруда Департамент бөлімшелерінің озық тәжірибесін енгізу бойынша шаралар қабылдау.

Өтініштерді қабылдау ережесі:

Азаматтардан немесе ұжымнан жазбаша түскен өтініштер №1 кабинетте қабылданады. Өтініштерді қабылдау күнделікті сағат 9.00 - 13.00-ге дейін және 14.30 - 18.30 дейін.
Өтініште аты-жөні, тегі, СТН, тұрғылықты тұратын жері, органның атауы немесе қызмет иесі, кімнің әсері, арыз беру себебі, өзінің талаптары көрсетілу керек. Азаматтар мемлекеттік немесе ұлттық қатынас тілінде өтініш беруге болады. Оларға жауап түскен тілде беріледі. Өтініштер бөлімге түскеннен бастап бір айға дейін қаралады.

 

Жарма ауданы төтенше жағдайлар бөлімі басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін  қабылдау кестесі

Аты-жөні Лауазымы Қабылдау күндері мен уақыты Мекен-жайы Байланыс телефоны
Отынбаев Қабдылғабит Жарма ауданының ТЖБ-нің бастығы Күн сайын
сенбі және жексенбіден басқа жұмыс уақытында
Жарма ауданы, Қалбатау ауылы Қабанбай көшесі №3 65-251

 

Жарма ауданы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен азаматтарды қабылдау кестесі

Аты-жөні

Лауазымы

Қабылдау күндері мен уақыты

Мекен-жайы

Байланыс телефоны

Отынбаев Қабдылғабит Жарма ауданының ТЖБ-нің бастығы Дүйсенбі-сәрсенбі
16.00-18.00
Жарма ауданы, Қалбатау ауылы Қабанбай көшесі №3 65-251
Маржан Ракишева Жарма ауданының ТЖБ-нің бас маманы Бейсенбі - Жұма
10.00-18.00
Жарма ауданы, Қалбатау ауылы Қабанбай көшесі №3 65-205
  Жарма ауданының ТЖБ-нің аға инженері Бейсенбі - Жұма
10.00-18.00
Жарма ауданы, Қалбатау ауылы Қабанбай көшесі №3 65-205
  Жарма ауданының ТЖБ-нің аға инженері Бейсенбі - Жұма
10.00-18.00
Жарма ауданы, Қалбатау ауылы Қабанбай көшесі №3 65-205

 

Жарма ауданыны Қалбатау ауылы  № 55 өрт сөндіру бөлімінің  қызметкерлерімен азаматтарды  қабылдау кестесі

Аты-жөні

Лауазымы

Қабылдау күндері мен уақыты

Мекен-жайы

Байланыс телефоны

Бакибаев Бахытжан Капезович Қалбатау ауылы №55 ӨСБ  бастығы Жұмыс күндері
10.00-17.00
Жарма ауданы, Қалбатау ауылы Қабанбай көшесі №3 65-205
Қыстаубаев Талғат Талапкерович Қалбатау ауылы №55 ӨСБ  бастығының орынбасары Жұмыс күндері
10.00-17.00
Жарма ауданы, Қалбатау ауылы Қабанбай көшесі №3 65-205

 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016