Аумақтық бөлімшелер

Әділет басқармасы

Бастығы – Ахметов Темірлан Мұхтарұлы

1958 жылдың 25 наурызы күні Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Георгиевка ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 1965 жылдан 1975 жылға дейін Георгиевка ауылының Маяковский атындағы орта мектепте білім алды. 1975 жылдың қыркүйек айынан 1976 жылдың сәуір айына дейін Новореченск ауылындағы Чапаев атындағы 8 жылдық мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жұмысын атқарды. 1976 жылдың мамыр айында Совет армиясы қатарына шақырылып, Забайкал әскери округінде Даурия станциясында мотоатқыштар полкінде жүргізуші-механик болып қызмет еттім. 1978 жылдың мамыр айында әскери қатардан босатылды.

1978 жылдан 1981 жылға дейін Семей қаласындағы көлік техникумын оқып бітірді. 1981 жылдан 1982 жылдың мамыр айына дейін Жарма аудандық тұтынушылар одағына көлік жүргізушісі қызметін атқарды. 1982 жылдан 2003 жылға дейін Жарма аудандық ішкі істер бөлімінің жол полициясының инспекторы болып, кейіннен жол полициясы бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 1999 жылы сырттай Өскемен қаласындағы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ін бітіріп, юрист-құқықтану мамандығын алды. 2005 жылдың қараша айында жарма аудандық Әділет басқармасының құжаттандыру бөліміне бас маман болып орналасты. 2011 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Жарма аудандық Әділет басқармасының бастығы. Отбасылы. Екі баланың әкесі.

Мекен-жайы:Қалбатау ауылы Достық көшесі 98
Қабылдау күндері:күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
Телефон:8 (723 47) 65 -847
 E-mail:jarma-just@ustk.kz

 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016