Спорт және туризм

«Мейірім» спорттық-сауықтыру лагері

«Мейірім» спорттық - сауықтыру аудан орталығынан 7 шақырым жерде орналасқан. Кәсіпорынның негізгі қызметі әлеуметтік жағдайы төмен, қолайсыз, толық емес отбасынан шыққан, жетім балаларға арнап жазғы демалыс маусымын сауықтырылуын ұйымдастыру, басқа маусым кездерінде аудан халқы тұрғындарына салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қызмет көрсету. Жыл сайын аудан бойынша балалар IV-ауысымда 125 баладан барлығы 500 бала демалады. Жыл сайын демалатын балалардың саны өсуде.Сонымен қатар, демалам және денсаулықтарын жақсартам дегендер үшін, бұл лагерде жаттығу залы, волейбол, баскетбол және футбол ойнайтын алаңдар бар. Қысқы уақытта «Мейірім» лагерінде мұз айдыны құйылып, шаңғы жолдары салынады. Лагерь  екі ғимараттан тұрады: негізгі ғимарат және жатақхана. Негізгі ғимаратта  асхана, жаттығу залы, демалыс бөлмелері, спорт зал орналасқан.
Жатақхана лагерь штабы, акт залы, жатын бөлмелер, гигиеналық бөлмелерімен қамтылған.

«Мейірім» Спортивно-оздоровительный лагерь «Мейрим
   
«Мейірім» «Мейірім»
   
Спортивно-оздоровительный лагерь «Мейрим  

 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016