Спорт және туризм

Байжан және Алжан таулары

Алматы-Майқапшағай тас жолы өтетін Аршалы өңірі өзінің көрікті әсем табиғатымен кез-келген жанды қызықтыратын жер. Тас жолдың батысында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай байжан және Ажан таулары өркештене жалданып орналасқан, Қаракөл көлін көмкеріп жатқан қаракөл тауы мен Қаракөлдің өзі, тауардың қына жапқан жасыл түсті тақта тастары, алыстан көз тартып көрінетін сайаралық шағын тоғайары өте әсем-ақ. Таулардың Байжан және Алжан атауы көне көз қарттардың әңгімесі бойынша 18-ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығы кезінде біраз уақыт шамамен 35-50 жылдай Байжан және Алжан атты Жоңғар байларының иелігінде болып, атау сол кезден қалған дейді.

Таулар өзінің әсем көркімен және тынығуға қоайы табиғи жағдайарымен жергілікті тұрғындармен ауыға келген қонақтарды қызықтырады. Аса биік емес шамамен 450-500 м болатын көлбеу беткейлі тау жоталары мен қырқаларының беті тау басына шыққанда бүкіл айнала көрініп , тау аралық сайлармен ұсақ шоқылар алақандағыдай көрініп ерекше бір әсем, жанға жайлы табиғи көрініс береді. Тау аралық саймен тереңдеу ойыстармен ағып жатқан бұлақтар шағын шоқ тоғайлар жайқалған, көк майса шалғын, таза ауа және әртүрлі бейнені беретін тау тастары демалушыарды өзіне баурап ерекше рахатқа бөлейді. Сонау палеоген дәуірінен өсіп күні бүгінге дейін жарма аймағында тек біздің Аршаы өңірінде ғана сақталып қалған қарағайлы-көктеректі жерлер, қазақ халқы ертеден қасиетті, киелі деп санаған, жыл бойы жап-жасыл түсі өзгермей хош иісі аңқыған, таудың аршасы дем аламын деген жандар үшін табиғаттың ерекше сыйы дерсің!

Шоқ тоғайлар арасында шатыр тігіп, жайбарақат дем алатын болсаңыз, тауға шығып тас түбінде жайнап тұрған әртүрлі гүлдерді теріп, ағып жатқан бұлақтарға жуынып бір бой жазып қалатыныңызға сенімдіміз. Алжан және Байжан тауларында жылда қыдырып қызықтап демалған демалушылар Попов орманы, 12 құдық, тау үңгірі, қызыл баз деп атау берген орындары ерекше көрікті де әсем жерлер деуге болады.

 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016