Спорт және туризм

Аудан спортшыларының 2016 жылғы жетістіктері

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы салауатты өмір салтын насихаттауға баса көңіл бөлінеді. Аудандық газет беттеріне тұрақты түрде дене шынықтыру және спорт туралы мақалалары шығып тұрады. 2016 жылдың басынан бұқаралық ақпарат құралдарына спорт тақырыбында 97 мақала жарыққа шықты.

БЖСМ-де Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Б.Тұрлыхановқа арналған мұражай және спорт кешені бар.

Әрине, спортқа деген мұндай көзқарас біздің спортшыларымыздың облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарда көрсеткен нәтижелеріне өз әсерін тигізбей қоймайды. 2016 жылы Қаражал ауылының тұрғыны Дәулетжанқызы Еркежан Якутия елінде өткен жазғы балалар Азия ойындарында қыздар арасында бокстан 52 кг.салмақта күміс жүлдеге ие болып, еліміздің намысын қорғады. Сондай-ақ, бокстан жасөспірімдер арасында Молдашев Нығметолла, қыздар арасында гір тасын көтеруден Республикалық турнирлардың, Қазақстан Чеионатының жүлдегерлері Кирдасымова Жансая, Кабидоллаева Балнұрды мақтан тұтамыз.  

Облыстық Халықтық спорт ойындарында аудан намысын қорғап жүрген үстел теннисінен Жұбатханов Қанат, Ақатай Құрмет, Қабдылжар Бақтыбала 14 ауданның ішіннен 2-орынды иеленді.

 

Mұрағат

Аудан спортшылары. 2016 жыл
Аудан спортшылары. 2015 жыл
2012 жылдың аудан спортшыларының жетістіктері

 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016