Спорт және туризм

kn 2017 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында дене шынықтыру және спорт саласы бойынша атқарылған іс-шаралар *doc 7 MБ
kn Жарма аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 2017 жылы атқарылған мәдени-іс шаралар туралы ақпарат *doc 1 MБ
Шығыс-Қазақстан облысы, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жарма балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» ММ  

2016 жылы дене шынықтыру және спорт саласы бойынша атқарылған іс-шаралар

Ауданда әрдайым спорттың әртүрлері бойынша біріншіліктер өтеді.  2016 жылдың IV тоқсаны бойынша, Жарма ауданының әкімінің жүлдесіне арналған оқушылар спартакиадасы,  «Денсаулық Фестивалі - 2016»,  волейбол, футбол, баскетбол, шағын-футбол, дойбы, шахматтан, тоғызқұмалақтан, үстел теннисінен ересектер және оқушылар арасында аудандық және облыстық біріншіліктер өткізілді. 
2016  жылдың IV тоқсаны бойынша ауданда 26211 адам қатысқан облыстық және аудандық деңгейде 112 жарыс өткізілді.
Олардың ішіндегі ең көлемділері: «Денсаулық фестивалі!», аудан әкімінің жүлдесі үшін ХІ – шы Халықтық спорт ойындары, аудан әкімінің жүлдесіне арналған балалар спорттық ойындары, бюджеттік ұйымдар қызметкерлері арасында волейболдан, баскетболдан, шағын-футболдан Қалбатау біріншілігі, оқушылар және ересектер арасында әр спорт түрлері бойынша аудан біріншіліктері.

  • 2016 жылы дене шынықтыру және спорт саласы бойынша атқарылған іс-шаралар
  • 2016 жылы дене шынықтыру және спорт саласы бойынша атқарылған іс-шаралар
  • 2016 жылы дене шынықтыру және спорт саласы бойынша атқарылған іс-шаралар

Аудан спортшыларының 2016 жылғы жетістіктері

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы салауатты өмір салтын насихаттауға баса көңіл бөлінеді. Аудандық газет беттеріне тұрақты түрде дене шынықтыру және спорт туралы мақалалары шығып тұрады. 2016 жылдың басынан бұқаралық ақпарат құралдарына спорт тақырыбында 100-ге жуық мақала жарыққа шықты.
БЖСМ-де Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Б.Тұрлыхановқа арналған мұражай және спорт кешені бар.
Әрине, спортқа деген мұндай көзқарас біздің спортшыларымыздың облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарда көрсеткен нәтижелеріне өз әсерін тигізбей қоймайды. 2016 жылы Қаражал ауылының тұрғыны Дәулетжанқызы Еркежан Якутия елінде өткен жазғы балалар Азия ойындарында қыздар арасында бокстан 52 кг.салмақта күміс жүлдеге ие болып, еліміздің намысын қорғады. Сондай-ақ, бокстан жасөспірімдер арасында Молдашев Нығметолла, қыздар арасында гір тасын көтеруден Республикалық турнирлардың, Қазақстан Чеионатының жүлдегерлері Кирдасымова Жансая, Кабидоллаева Балнұрды мақтан тұтамыз.  
Облыстық Халықтық спорт ойындарында аудан намысын қорғап жүрген үстел теннисінен Жұбатханов Қанат, Ақатай Құрмет, Қабдылжар Бақтыбала 14 ауданның ішіннен 2-орынды иеленді.

Mұрағат

2016 жылдың өткізілген спорттық шаралар
2015 жылдың өткізілген спорттық шаралар
2014 жылдың өткізілген спорттық шаралар
2013 жылдың өткізілген спорттық шаралар
2012 жылдың өткізілген спорттық шаралар

 

Парақтар өзгертілді: 20-06-2017