Әлеуметтік қолдау

«Еңбек жолы» байқауы

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы идеясынының алға басуы үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен алдыңғы жылдан бастап еңбек әулеті мен өнідіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек Жолы»

Республикалық конкурсы құрылды. Оның мақсаты – ел экономикасының дамуына еңбекті елеулі үлес қосқан отандастардың жетістіктеріне қазақстандықтардың мақтанышын тәрбиелеу. Конкурс 3 номинациядан құрылған:
1. «Ең үздік еңбек әулеті» – марапат саны ең көп болған ең ұзақ өтілі бар, сансыз көп әулет таңдалады;
2. «Өндірістің ең үздік жас жұмыскері» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, өндірістің ең белсенді және еңбекқор жұмысшысы таңдалады;
3. «Жұмыс істеуші жастардың ең үздік тәлімгері» – еңбек өтілі 20 жылдан кем емес, аса тиімді тәлімгер тандалады.

Үміткерлерден өтінім қабылдау 2017 жылдың 20 мамырынан 2017 жылдың 20 шілдесіне дейін қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
1) конкурсқа қатысу туралы номинацияны көрсетумен ерікті нысанда өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) 1-3 минуттан аспайтын номинация тақырыбы бойынша бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орынды және икемділікті көрсетумен);
4) Конкурсқа қатысушы туралы (жұмысы, отбасы, қызығушылығы, хоббиі және т.с.с.) 1-3 минуттық компьютерлік таныстыру рәсімі (Microsoft Power Point нысанында);
5) Еңбек кітапшасының және жұмыс берушімен расталған, еңбек әулетінің әр бір өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын басқа да құжаттардың көшірмесі/жұмыс орнынан анықтама;
6) Жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыныс хат.

Келесі құжаттардың (көшірмесі) бар болу жағдайында:
- мемлекеттік немесе ведомстволық марапат, мадақстама, алғыс хаттар көшірмесі;
- біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.
«Еңбек Жолы» конкурсына жеңімпаздарды іріктеу өңірлік және республикалық деңгейде екі этаптан өтетін болады:
- әр номинация бойынша ең көп дауыс санын жинаған (барлығы 9 үміткер) үштік көшбасшыны анықтайтын онлайн дауыс беру;
- онлайн дауыс беру нәтижелері бойынша анықталған, үштік көшбасылар санынан конкурс жеңімпаздарын комиссиямен анықтау. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау Еңбек күніне орайластырылған және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай» республикалық форумында ағымдағы жылдың қазан айында өтетін болады.
Жарма өңірінің кәсіпорындарына Республикалық конкурсқа белсенді қатысуға және өзінің өтінімдерін ұсынуды, осылайша еңбек әлеуетін арттыру мен сақтау, еңбекке құрметпен қарау рухында жастарды тәрбиелеуге өз үлестерін қосуды сұраймыз.

Конкурс туралы бұдан толық ақпаратты «Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нен (тел: 65399) алуыңызға болады.

 

Концепция проведения республиканских мероприятий *.pdf 801 KB

 

Парақтар өзгертілді: 10-07-2017