Дипломмен ауылға

Жарма ауданында «Дипломмен аулылға» бағдарламасының іске асырылуы бойынша ақпарат

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы 2009 жылдан бастап «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысының қабылдануымен байланысты жүзеге асырылып келеді.
Бағдарламаның басты мақсаты – ауылды жаңғырту, ауылдық елді мекендерде кадр тапшылығы мәселесін шешу болып табылады.
Аталған мемлекеттік жоба аясында мамандарға 70 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы және 1500 АЕК мөлшерінде төмендетілген пайызбен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит ұсынылады.
Жарма ауданында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2009 жылдан – 2017 жылдың 8 айы кезеңінде 242 маманға жалпы сомасы 28 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы төленген.
Сонымен қатар 2010 жылдан бастап – 2017 жылдың 8 айы кезеңінде 125 маманға жалпы сомасы 263,2 млн.теңгеге тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит берілген. Соның ішінде келісім бойынша міндеттемелерінің орындалуына байланысты 13 маман жалпы сомасы 19,6 млн. теңгеге бюджеттік кредитті мерзімінен бұрын толығымен жапқан.
Жарма ауданының аувылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұруға ниет білдірген, аталмыш бағдарламаға қатысушылардың саны жыл артуда.
Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін аудан әкімдігі тарапынан аудандық мәслихаттың депутаттарынан, ауданның атқарушы органдарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тұратын, тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылған.
Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттерді төлеуге 20 маманға – 68,1 млн.теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 9 маманға жалпы сомасы 28,9 млн. теңгеге кредит берілген, соның ішінде салалар бойынша: денсаулық сақтау саласына – 2 маманға жалпы сомасы 6,8 млн.теңге, білім беру саласына – 4 маманға жалпы сомасы 12 млн. теңге, спорт саласына – 2 маманға жалпы сомасы 6,8 млн. теңге, мәдениет саласына – 1 маманға 3,3 млн. теңге.
Бұдан басқа жергілікті бюджеттен 11,5 млн. теңге қаражат қарастырылған, оның ішінде көтерме жәрдемақы төлеуге – 2,9 млн. теңге (25%), сенім білдірілген өкілдің (Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры) операциялық шығындарын өтеуге – 8,6 млн.теңге (75%). 2017 жылдың 8 айы бойынша 16 маманға жалпы сомасы – 2,5 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы төленген.
Берілген қаражат басым бағыттарға сәйкес шалғай ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұруға келген мамандарға қажеттілікті ескере отырып беріледі.
Бөлінген бюджеттік қаражат қаржыландыру жоспарына сәйкес толық игерілуде.

 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ақпарат

 

Парақтар өзгертілді: 12-09-2017