Әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2013 жылғы 1-ші қарашасына атқарылған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Аудан бойынша 45,1 мың адам тұрады,  оның ішінде экономикалық тұрғыдан белсенді халық – 23,4 мың, жұмыспен қамтылған - 22,3 мың адам, жұмыссыздар – 1060 адам, оның ішінде ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны – 151 адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,5%, ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 0,6 % құрады
Бөлімнің қызметі Қазақстан Республикасының 17.07.2001 жылғы №246-II «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы", 28.06.2005 жылғы №63-ІІІ "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" және 23.01.2001 жылғы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарын, аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген ережелерін, ауданы әкімінің қаулыларын жүзеге асыруға бағытталған.  
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері - ол аз қамтылғандардың санын азайтумен халықтың табысын арттыру мақсатындағы еңбекпен қамту, әлжуаз топтағы азаматтарға (мүгедектер, ардагерлер, жалғызбасты қарттар, аз қамтылған отбасылар) әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.
Жыл басынан қараша айының 1-не 1435 адам жұмысқа орналастырылған. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда – 0,5 % артық (1428 адам)
Жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған іс-шараларындағы ақылы қоғамдық жұмыстарға 2013 жылдың қараша айының 1-не 1733 жұмыссыз қатысты, бөлінген 41976,0 мың теңге қаржы толық игерілді. 2012 жылы осы мерзімге салыстырғанда 2,1 % артық (1698 жұмыссыз қатыстырылған).
Аумақтарды дамыту бағдарламасы кескінінде «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 55 адам жұмысқа жіберіліп, мерзімдері аяқталысымен 18 адам жұмысқа орналастырылған, бөлінген қаражат 3392,5 мың теңге игерілді.  2012 жылы осы мерзімге 34 адам жолданып, 7-сі жұмысқа орналастырылған.
Кәсіби даярлауға 60 жұмыссыз оқуға жолданып, осылардың ішінен оқуын аяқтағандар – 57 адам, жұмысқа орналасқандар - 56 адам. Бөлінген қаражат 3537,7 мың.теңге игерілген.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жыл басынан 24 адам жіберіліп, 1555,5 мың теңге қаражат игерілген. Келісім-шарт мерзімдері аяқталысымен келісім-шартқа сәйкес 13 адам жұмысқа орналасты, ал қалғаны келісім-шарт аяқталысымен жұмысқа орналастырылады. 2012 жылғы жіберілген 28 адам жұмысқа орналастырылған.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2013 жылдын 1 қарашысына 612 адамға 9588,2 мың теңге тағайындалып, төленді. 2012 жылы осы мерзімге 1237 алушыға 14174,3 мың теңге төленген. Алушылар 625 адмаға азайған, осыған сәйкес қаражат көлемінде 32,3%-ға азайған.
Балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы 1816 алушыға 20348,5 мың теңге тағайындалып төленді. Былтырғы жылы осы кезеңге 2178 алушы болып, 24138,2 мың теңге төленген, яғни алушылар саны 362-ге азайып, қаражат 15,7%-ға кеміген.
Тұрғын үй көмегі жыл басынан 431 алушыға 3415,7 мың теңге тағайындалып төленді. 2012 жылы осы мерзімге 181 адамға көбейіп, тағайындалған қаражат 44,5%-ға өскен.
Тұрмыс жағдайы төмен тұратын азаматтардың саны азайып, 2255 адам құрады, немесе 4% азайды.
2013 жыл басынан мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 44 мүгедекке протездік-ортопедиялық бұйым, 20 мүгедекке тифлотехникалық құрал, 2 мүгедекке сурдо құралға құжаттары рәсімделді, 47 адамға гигиеналық құралмен қамтамасыз етілді. 6 мүмкіндігі шектеулі адам санаторлық-курорттық емдеуге жіберілді.
ҰОС қатысушылары мен оларға теңестірілгендер, мүгедектер және зейнеткерлер қатарынан шипажай мекемелерінде денсаулықтарын жақсартуға 40 адам жолданды.
Үйде оқылатын мүгедек балаларға материалдық көмек төлеуге 52 балаға 8 АЕК мөлшерінде 6840,9 теңге төленді.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жыл басынан 2142 адамға 9546,5 мың теңгенің қосымша әлеуметтік көмегі көрсетілді.
Азық - түліктің бағаларының өсуіне байланысты аудан бюджетінен аз қамтылған отбасыларындағы азаматтарға 2013 жылдың 1 шілдеге 1300 адамға 13,507 мың теңге (0,6АЕК) материалдық көмек төленді.  
«Қайырымдылық айлығы» акциясы барысында 521 қарт адамдарға 1302,5 мың теңге материалдық көмек көрсетілді және «Мүгедектер күніне» І,ІІ,ІІІ топтағы 1343 мүгедектерге 3357,5 мың теңге көмек көрсетілді.
Жыл сайын «Егеменді Қазақстан», «Казахстанская правда», «Дидар», «Рудный Алтай», «Қалба тынысы», «Қала мен дала», «Страна и мир», басылымдары ардагерлерге, мүгедектерге, аз қамтылған отбасыларына жаздырылып, осы мақсатта аудан бойынша 640 дана басылымға 932,1 мың теңге жұмсалды.
Жарма ауданы бойынша туберкулез ауруының белсенді түрімен ауратындарына, туберкулезге қарсы ауруханасының тізімі негізінде ай сайынғы материалдық көмекке күнделікті 300 теңге мөлшерінде жергілікті бюджеттен 2045,4 мың теңге және жол жүру ақысы 10,8 мың теңге төленді.
240 ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілгендерге ай сайын 2,0 және 5,0 мың теңгеден коммуналдық қызметке 8474,0 мың теңге төленді.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» және «Батыр ана», атағын алған, 4 және одан көп балалы аналарға 10,0 мың теңгеден 16330,0 мың теңге біржолғы көмек төленді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде Жарма ауданы бойынша жалғызілікті қарттар мен мүмкіншіліктері шектеулі 306 қызмет алушы қамтылған, оның ішінде мүмкіншіліктері шектеулі 60-бала, 18 жастан асқан ПНП бар 80-адамға және 144-жағызілікті тұратын қарттар мен мүгедектерге үй жағдайында, сондай-ақ күндізгі стационар жағдайында 22 мүмкіншіліктері шектеулі бала мен 18 жастан асқан ПНП бар адамдарға.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде аудандық облыстық медициналық ұйыммен, төлем орталығымен, психологиялық-медициналық педагогикалық ұйыммен, түзету кабинетімен, сондай ақ мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыстар жүргізіледі.
Ағымдағы жылда Орталық бойынша Шар қаласы мен Әуезов кентінде арнаулы жабдықталған күндізгі стационар бөлмелері іске қосылып, мамандардың штаттық көлемі өсті. Қазіргі таңда Жарма ауданы әкімдігінің «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» стандартта белгіленген нормативтерімен сәйкес 73,75 штаттық бірлік мөлшерлемесімен жұмысты іске асыруда.
Қазіргі уақытта балалар мен мүмкіншіліктері шектеулі жандар қажеттілігіне, қабілеттілігне және даму деңгейіне қолжетімді түрде әр түрлі қызмет алуға мүмкіндігі бар.
Сапалы түрде қызмет көрсетуге 4,187 млн. теңге сомаға техникамен қамтамасыз етіліп және барлық қажетті құрал жабдықтар алынды.
Балалардың күндізгі уақытта орталыққа келуі кейбір ата-аналардың жұмысқа шығуына немесе өз уақытын ерікті жоспарлауға мүмкіншілік берді.
Күндіз келетін балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін сенсорлық бөлме құрылды, тек қана психо-эмоциональдық түзету емес сауықтыру жобасына ыңғайлы жағдай жасалды
Орталықтың тренажорлармен жабдықталуы баланың психо-эмоциональды жағдайына және тірек-қимыл апаратына, жеңіл аяқ және қол маторикасы үшін, модуль-гаечка тақтасы, құм бұлау үстелі, музыкалы кресло жастық, сенсорлық жол, панно түрлі-түсті динамикалық жарық колонкасы, пано қисық айнасы және жұмсақ кубтардың маңызы аз емес.
Мүмкіншіліктері шектеулі жандардың және олардың ата-аналарының қызғушылғы тек қана арта түсуде.
Орталықта бекітілген кесте бойынша іс-шаралар үнемі өткізіліп, аудан әкімінің ресми сайтына жарияланады.
Жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге, аулаларын тазартуға, бау-бақшаларын қалыпқа келтіру және басқада да шарауашылық жөніндегі жұмыстарын орталықтың әлеуметтік қызметкерлері ұйымдастырып көмек көрсетеді.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына жыл басынан 416 адам кеңес алып, 320 адам келісім-шартқа қол қойды.
«Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бағыты аясында ағымдағы жылы 6 жоба 255,493 млн.теңгеге жоспарланып, 44 адамның 50%-ы жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданды.
2013 жылы Үшбиік ауылы бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 4 жоба іске асырылды. Олар: Үшбиік ауылдық округіндегі емханалық амбулоторияның құрылысына, Үшбиік ауылындағы 17 Ақын, Байғара би көшесіне орта жөндеу жұмыстарына және Үшбиік ауылын абаттандыру жұмыстарына жіберілді. 4 жобаға республикалық қаражат есебінен 210,788 млн. теңге. Орталықтың жолдамасымен 10 адам жұмысқа орналасты.
Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен Жарық ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектептің шатырына, кәрізіне және ғимараттың ішкі жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 6 адам жолданды. Жобаға бөлінген қаражат сомасы – 36,9 млн. теңге.
Осы жылы Шалабай ауылында "Жеңіс саябағына" ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жобасы іске асырылды. Саябаққа 7,8 млн. теңге қаражат бөлінді. 2 адам ауқытша жұмысқа орналасты.
Бүгінгі күнге барлық жобалар жұмысын аяқтап, қаражат 100%-а игерілді.
«Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» екінші бағыты бойынша 2013 жылы ауданға 1 траншпен 165,0 млн.теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде: Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорация «Ертіс» АҚ-мы арқылы 150,0 млн.теңге және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мы арқылы 15,0 млн.теңге. Аудандық комиссиямен 150,0 млн.теңгені құрайтын 91 жоба іріктеліп, жергілікті несие серіктестік арқылы 88 жоба 144,35 млн.теңге және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 8 жоба 18,2 млн.теңгеге қаржыландырылды. Сонда барлығы 96 жоба 162,55 млн.теңгеге несиелендірілген. Оның ішінде: мал шаруашылығы – 72 жоба, құрылыс материалдарын өндіру – 4 жоба, жеңіл өнеркәсіп – 7 жоба, қызмет көрсету – 13 жоба. Оның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы мал шаруашылығы 6 жоба, қызмет көрсету саласында 2 жоба.Жаңа жобалардың ашылу барысында алдағы бес жылда 144 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Сонымен бүгінгі күнге 125 нақты жұмыс орын ашылып отыр. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша бірінші транш аясында 95 адам кәсіпкерлік негіздерінің оқу курстарын өтіп, қолдарына сертификаттарын алды.
Екінші транш аясында ауданға «Ертіс» АҚ-мы арқылы 100,0 млн,теңге және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мы арқылы 15,0 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі таңда несие серіктестіктер арқылы 99,95 млн.теңгені құрайтын 39 жоба іріктеліп, қаржыландыруға жоспарланып отыр. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мы арқылы бүгінгі таңда 26,7 млн.теңгені құрайтын 14 жоба қаржыландырылды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы екінші транш аясында қаржыландырылған жобалардың іске асыру негізгі салалар: мал шаруашылығы – 13 жоба, қызмет көрсету – 1 жоба. Екінші транш бойынша 55 адам кәсіпкерлік негіздерінің оқу курстарын өтіп, қолдарына сертификаттарын алды.
2011-2012 жылдары алған несие алушыларды бағдарламаға бөлінген қаражаттың мақсатты игерілуін тексеру үшін 2 жұмыс тобы құрылып мониторинг жүргізді. Нәтижесінде барлық несие алушылардың бизнес жоспар бойынша несиелері мақсатты пайдалануы анықталды. Ай сайынғы несиені қайтару, несиені өтеу кестесіне сәйкес толығымен орындалуда.
Бағдарламаның үшінші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша ағымдағы жылы кәсіби оқытуға жоспар бойынша 90 адам бекітілген. Оның ішінде: қайта даярлау курстарына 50 адам, біліктілікті арттыру курстарына 15 адам және жартылай жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмысшылар қатарынан 25 адам.
Қазіргі таңда қайта даярлау курстарына 50 адам, 5 мамандыққа жолданып, түгелі оқуларын аяқтап, 48-і жұмысқа орналасты (96%).
Біліктілікті арттыру курстарына 15 адам 2 мамандық бойынша жолданып, түгелі оқуын аяқтап, жұмысқа 100% орналасты.
Жартылай жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмысшылар қатарынан 41 адам, 2 мамандық бойынша оқуға жолдандып, оқуын түгелі аяқтап 100% жұмысқа орналасты.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 10 ай ішінде 61 адам жолданып, 26 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Жастар іс-тәжірибесіне жоспар 40 адам жолданды және 10 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында Қарақойтас стансасынан 5 жанұя, Жіңішке ауылынан 4 жанұя Семей қаласына және Дельбегетей стансасынан 1 жанұя Риддер қаласына көшуге ниет білдіріп, құжаттарын Жұмыспен қамту орталығына тапсырды. Бүгінгі күнге құжаттары толықтай жиналып, аудандық комиссия отырысына қарауға дайын.
Өскемен қаласына 12 отбасы көшіруге жоспарланған. Бүгінгі күнге оралмандар тізімінен 3 отбасы көшуге ниет білдіруде, құжаттары толығымен дайын.
Қанатқақтық жоба бойынша үй құрылысын сатып алу үшін 2013 жылы «Жарма құрылыс газ» ЖШС-нің қатысуымен жұмыс беруші 10% қоса қаржыландыру арқылы, өз қызметкерлерін қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуіне байланысты Қалбатау ауылында екі пәтерлі 10 үй салынып, қазіргі уақытта қоныстанатын 10 жанұяның тізімі дайын.

 

 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016