Әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2016 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Бөлімнің қызметі Қазақстан Республикасының 17.07.2001 жылғы №246-II «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы", 28.06.2005 жылғы №63-ІІІ "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" және 06.04.2016 жылғы № 482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарын, аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген ережелерін, аудан әкімінің қаулыларын жүзеге асыруға бағытталған.
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері - ол аз қамтылғандардың санын азайту мен халықтың табысын арттыру мақсатындағы еңбекпен қамту, әлжуаз топтағы азаматтарға (мүгедектер, ардагерлер, жалғызбасты қарттар, аз қамтылған отбасылар) әлеуметтік көмек көрсету, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлеу, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыру болып табылады.
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы қаңтардағы Қазақстан халқынана Жолдауы әлеуметтік саланы жаңғырту үдірісіне тың серпіліс әкелсе, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» идеясы жаңа бағыттарды айқындап, міндеттерді нақтылап берді.
Атап айтқанда, Президент құқық пен әділдік қағидаттарына негізделген әлеуметтік қатынастарды қалыптастыруды жүктеп отыр. Оған бізде толық мүмкіндік бар.
Осы мақсатта аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің құрамында Жұмыспен қамту Орталығы, мүмкіншіліктері шектеулі мүгедек балалар мен 18 жастан асқан ПНП бар адамдарға үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі және жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі жұмыс істейді.
Тәуелсіздік алған ширек ғасыр көлемінде азаматтардың хал –ахуалының жақсаруы, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының артуы мемлекет саясатының басты басымдығы болып, тұрғындарға жан-жақты қамқорлық көрсетіліп келеді. Халықтың әлеуметтік әл-ауқатынының артуы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың әлемнің дамыған отыз елінің қатарына ену жөніндегі алға қойған стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудің маңызды элементі болып табылады. Бүгінгі таңда мемлекеттік деңгейінде үлкен мән беріліп отырған халықты әлеуметтік қорғау саласында тұрғындардың әлсіз топтарын қолдау бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Жұмыспен қамтуға бағытталған іс-шаралар:
Аудан бойынша статистика мәліметтеріне сәйкес 2016-жылдың 1- қаңтарына жалпы жұмыссыздар саны 989 адамды құрап, былтырғы жылдан 71 адамға азайды. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,7% мөлшерінде қалыптасып, 2016-жылдың 1- қазанына ресми тіркелген жұмыссыздар саны 130 адамды құрады.
Жыл басынан 909 адам жұмысқа орналастырылды.
2016-жылдың 1- қазанына 696 жаңа жұмыс орындары ашылып, оның ішінде 215 - тұрақты, 481 - уақытша және маусымдық. Оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар: «Бизнестің жол картасы - 2020» Бағдарламасы бойынша 13 жұмыс орны, «Агробизнес» Бағдарламасы бойынша 11 жұмыс орны, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» Бағдарламасы бойынша 55 жұмыс орны, Аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша 25 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған іс-шаралардағы аумақтарды дамыту бағдарламасы кескінінде ақылы қоғамдық жұмыстарға 2016-жылдың 1- қазанына 578 жұмыссыз қатысып, бөлінген 27254,3 мың теңге қаржы толық игерілді. 2015 жылы осы мерзімге 1095 жұмыссыз қатыстырылған.
«Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойынша аудан көлемінде 39 адам жұмысқа жіберіліп, мерзімдері аяқталысымен 17 адам жұмысқа орналастырылды, бөлінген қаражат 4194,9 мың теңге толық игерілді игерілді.
Аудан бойынша кәсіби оқытуға 11 адам оқуға жолданып, олардың ішінен оқуын аяқтап, жұмысқа орналасқандар – 7 адам. Осы мақсатта 1469,0 мың.теңге қаржы игерілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына аудан көлемінде жыл басынан 31 адам жіберіліп, 2405,0 мың теңге қаражат игерілді.

Әлеуметтік төлемдер мен көмектер:
2016-жылдың 1- қазанына тұрмыс жағдайы төмен азаматтардың саны 4%-ке азайып, 1699 адамды құрады. Өткен жылдың осы кезеңіне 2036 адамды құраған болатын.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2016-жылдың 1- қазанына 269 адамға тағайындалып, 3608,0 мың теңге төленді. 2015 жылдың 1-қазанындағы жағдайға 225 алушыға 4144,8 мың теңге төленген.
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 9 айдың көлемінде 1409 алушыға тағайындалып, 16648,6 мың теңге игерілді. Былтырғы жылдың осы кезеңіне 1262 алушы болып, 16316,3 мың теңге төленген.
9 айдың қорытындысы бойынша 95 отбасындағы 400 адамға «Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша шартты ақашалай көмек тағайындалып төленді, оның құрамында: 18 жасқа дейінгі балалар саны - 242, үш жасқа дейінгі балалар және 1,2-топтағы мүгедектер 43 адам. Жұмысқа жарамды адамдар саны - 115, оның ішінде тұрақты жұмыстары болғандар саны - 4, жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларына қатысқандар саны - 111. Барлығына республикалық және аудандық бюджеттен 20902,3 мың теңге төленді.
Тұрғын үй көмегі 2015 жылы 279 отбасына тағайындалып, 6300,0 мың теңге төленді. 2016 жылы бұл мақсатқа 7000,0 мың теңге бөлініп, қараша-желтоқсан айларында толық игерілетін болады.
Ауылдық елді-мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамтамасыз ету, спорт және ветеринария саласының 1727 маманына 2015 жылы отын алуға әлеуметтік көмек түрінде 16926,0 мың теңге төленді. Осы мақсатқа 2016 жылы 17200,0 мың теңге қарастырылып, қараша-желтоқсан айларында толық игерілетін болады.
«Шаңырақ» кешенді жоспары негізінде 4-балаға босанған аналарға 50,0 мың теңгеден төленетін жәрдемақы 40 адамға 2000,0 мың теңге көлемінде бюджеттен төленді.
Облыс әкімі грантымен облыстың жоғары оқу орындарында оқитын 20 студентке 2016 жылы 17207,0 мың теңге көлемінде оқу ақысына, шәкіртақыға және жатақханада тұрғаны үшін жеке шоттарына қаражат аударылды. 2016 жылы жоғарғы оқу орынын облыс әкімінің грантымен
Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист-жауынгерлерді еске алу күніне 57 адамға әрқайсысына 65,0 мың теңгеден 3705,0 мың тенге төленді.
Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күніне (Чернобыль апаты) 29 адамның әрқайсысына 5,0 мың теңгеден 145,0 мың теңге төленді.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» және «Батыр ана» атағын алған 1002 анаға, төрт және одан да көп балалы 513 анаға 10,0 мың теңгеден 15150,0 мың теңге біржолғы көмек төленді.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс бір жылдығына орай, қатысушылары мен мүгедектеріне әрқайсысына 590,0 мың теңгеден 8 адамға және ҰОС теңестірілгендер мен мүгедектеріне барлығы 139 адамға 4200,0 мың теңге мемлекет тарапынан төленіп берілді.
Қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтардың өтініші негізінде жыл көлемінде 86 адамға 1402,8 мың теңгенің әлеуметтік көмегі (дәрі-дәрмекке, киім-кешекке, азық-түлікке т.б.) төленді.
Жарма ауданы бойынша туберкулез ауруының белсенді түрімен ауыратын 20 адамға қосымша көмек ретінде 840,0 мың теңге мөлшерінде жергілікті бюджеттен материалдық көмек төленді.

Мүгедектерді әлеуметтік қолдау:
Жарма ауданының «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМКМ мәліметі бойынша мүгедектер саны 1306 адамды құрайды, оның ішінде 1,2- топтағы мүгедектер саны 557 адам, 3-топтағы мүгедектер саны 610 адам, 18 жасқа дейінгі бала-мүгедектер саны 139 адам.
2016-жылдың басынан мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 43 мүмкіншілігі шектеулі жанға протездік-ортопедиялық бұйым, 45 жанға тифлотехникалық құрал, 14 адамға арбаша беріліп, 35 мүмкіндігі шектеулі адам санаторлық-курорттық емделуге жолдама алып, шипажайға барды. Гигиеналық құрал-жабдықтарға бюджеттен 6701,8 мың теңге бөлініп, 67 адам адам қамтылды.
Үйде оқытылатын 32 мүмкіншілігі шектеулі балаға жыл көлемінде материалдық көмек ретінде 8 АЕК мөлшерінде 4768,0 мың теңге төленді.
2016 жылдың 9 айында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына сәйкес келесі іс-шаралар атқарылды

«Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыты шеңберінде
2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағытын жүзеге асыру үшін Жарма ауданына 1-2 транш аясында 12 жобаның іске асырылуына 173 799,0 мың теңге бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен 156 419,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 17 380,0 мың теңге.
7 жоба білім саласындағы нысандар және 5 жоба денсаулық сақтау саласындағы нысандар. 12 жоба бойынша құрылыс жұмыстары аяқталған. Жалпы игерілген қаражат сомасы 153 358,1мың теңгені құрады.
Жөндеу жұмыстары кезінде жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен 38 адам жұмысқа орналасты.
3 транш аясында 26 жобаның іске асуына жалпы 150 444,0 мың теңге қаражат бөлінген. Оның ішінде 15 жоба бойынша аумақтарды абаттандыруға 95 676,0 мың теңге және 11 жоба инженерлі-транспортты инфрақұрылымдарға 54 768,0 мың теңге бөлінген. 82 жаңа жұмыс орындарының ашылуы жоспарланып отыр, оның ішінде жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен 43 адам.
4 тарнш аясында 3 жобаның іске асырылуына 46 226,0 мың теңге бөлінген, оның ішінде 2 жоба жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдардағы нысандарға 31 117,0 мың теңге және 1 жоба денсаулық сақтау саласындағы нысанға 15 109,0 мың теңге. 19 жаңа жұмыс орындарының ашылуы жоспарланып отыр, оның ішінде жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен 10 адам. Жобалардың әкімшілерімен 3 жобаның конкурсы жарияланған.
«Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру» екінші бағыты шеңберінде
2016 жылы 48 адамды шағын несиелендіруімен қамтамасыз ету мақсатында бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде ауданға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 120,0 млн. теңге қаражат бөлініп, бүгінгі күнге 17 адам 40,8 млн. теңге көлемінде несие алды. Қалған несие алуға үміткерлердің құжаттары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қаралуда.
«Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағыты шеңберінде
1-ші компонент бойынша 2016 жылы кәсіби оқытуға 9 адамға 2158,0 мың теңге қаражат бөлінді, оның ішінде қайта даярлау курстарына 6 адамға 1340,0 мың теңге және кәсіби даярлауға 3 адамға 818,0 мың теңге.
9 айда қайта даярлау курстарына 8 адам жолданды. Оның ішінде «Газ бен электр дәнекерлеуші» мамандығына 2 адам, «Кран автокөлігінің жүргізушісі» мамандығына 2 адам және «Аспазшы» мамандығына 4 адам. Оқуды аяқтаған 7 адамның 6-уы (01.10.2016 жылға) тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Кәсіби даярлауға 3 адам «Есепші» мамандығына жолданып, оқуын жалғастыруда. 9 айда 1469,0 мың теңге қаражат игерілді.
Жастар іс-тәжірибесіне 10 адамға 2291,0 мың теңге бөлініп, 11 жас маман уақытша жұмысқа жолданды. Мерзімінен бұрын тұрақты жұмысқа орналасуына байланысты 3 адам практиканы аяқтады. 9 айда 1201,0 мың теңге игерілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 10 адамға 2581,0 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күнге 21 адам жолданып, 17 адам жұмыстарын жалғастыруда. 9 айда игерілген қаражат сомасы 1201,0 мың теңге.
2-ші компонент бойынша Жарма ауданында 2016 жылы жұмыс берушінің қатысуымен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде өз жұмысшыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету 10 % қоса қаржыландыру арқылы 98,1 млн теңгеге 2 пәтерлі 6 үй сатып алынды.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетумен Жарма ауданы бойынша жалғызілікті қарттар мен мүмкіншіліктері шектеулі 297 қызмет алушы қамтылған, оның ішінде 52 бала, 18 жастан асқан психо-неврологиялық патологиясы бар 74 адам және 149 жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге үй жағдайында, сондай-ақ Шар қаласы мен Әуезов кентінде күндізгі жартылай стационарлық жағдайда 22 мүмкіншіліктері шектеулі бала мен 18 жастан асқан психо-неврологиялық потологиясы бар адамдар қызмет алуда. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 2015 жылы 41300,0 мың теңге бөлінген болса, 2016 жылы 42774,0 мың теңге бөлініп отыр. Бұл салада 2 бөлімше меңгерушісі, 2 консультант, 2 әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман және 67 әлеуметтік қызметкерлер бар. Сонымен қатар арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылмаған адамдарды облыстық басқарманың жариялаған мемлекеттік тапсырысы негізінде «Жарма ауданының әлеуметтік серіктестігі» Қоғамдық қоры арқылы қосымша 28 қызметке мұқтаж адамды қамтып отыр.
Әлеуметтік қызметкерлер ҰОС ардагерлеріне, жауынгер жесірлеріне және тыл еңбеккерлерінің тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге, аулаларын тазартуға, бау-бақшаларын қалыпқа келтіру, азық-түліктерін жеткізу және басқада да жұмыстарын ұйымдастырып, қол ұшын беруде.
Әлеуметтік сала мамандары «Біз Қазақстанның балаларымыз», «Мектепке жол», «Қамқорлық» - атты республикалық акцияларға белсене қатысып іс шаралар өткізілді, демеушілер көмегімен сыйлықтар таратылып, мерекелік дорбаша берілді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2016 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Бөлімнің қызметі Қазақстан Республикасының 17.07.2001 жылғы №246-II «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы", 28.06.2005 жылғы №63-ІІІ "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" және 23.01.2001 жылғы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарын, аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген ережелерін, аудан әкімінің қаулыларын жүзеге асыруға бағытталған.
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері - ол аз қамтылғандардың санын азайту мен халықтың табысын арттыру мақсатындағы еңбекпен қамту, әлжуаз топтағы азаматтарға (мүгедектер, ардагерлер, жалғызбасты қарттар, аз қамтылған отбасылар) әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.

Жұмыспен қамтуға бағытталған іс-шаралар:
Аудан бойынша 2016-жылдың 1- шілдесіне жалпы жұмыссыздар саны 898 адамды құрап, былтырғы жылдан 162 адамға азайды. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,2% мөлшерінде қалыптасты.
2016-жылдың 1-шілдеіне аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша 434 адам жұмысқа орналастырылды, 398 жаңа жұмыс орындары ашылып, оның ішінде 166 - тұрақты, 232 - уақытша және маусымдық. Ресми тіркелген жұмыссыздар саны – 133 адамды құрады.
Жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған іс-шаралардағы аумақтарды дамыту бағдарламасы кескінінде ақылы қоғамдық жұмыстарға 386 жұмыссыз қатысып, бөлінген 16683,0 мың теңге қаржы толық игерілді. 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 815 жұмыссыз қатыстырылған.
«Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 10 адам жұмысқа жіберіліп, бөлінген қаражат 1920,0 мың теңге игерілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жыл басынан 9 адам жіберіліп, бұл бағытта 636,0 мың теңге қаражат игерілді. Келісім-шарт мерзімдері аяқталысымен келісім-шартқа сәйкес адамдар жұмысқа орналастырылады.
Нысаналы топтарға жатқызылған жұмыссыздар қатарынан: 18 мүгедек,
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған 9 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолданды.

Әлеуметтік төлемдер мен көмектер:
2016-жылдың 1-сәуіріне тұрмыс жағдайы төмен азаматтардың саны 4,6%-ке азайып, 2021 адамды құрады. Өткен жылдың осы кезеңіне 2118 адамды құраған.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2016-жылдың 1-сәуіріне 120 адамға тағайындалып, 1196,7 мың теңге төленді. 2015 жылдың 1-сәуіріндегі жағдайға 115 алушыға 1102,1 мың теңге төленген. Алушылар саны 5 адамға көбейді.
Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 1512 алушыға тағайындалып, 7792,7 мың теңге төленді. Былтырғы жылдың осы кезеңіне 1128 алушы болып, 6561,8 мың теңге төленген.
Тұрғын үй көмегі жыл басынан 68 алушыға тағайындалып, 532,6 мың теңге төленді. 2015-жылдың сәйкес кезеңінде 3 алушыға 38,8 мың теңге төленген.
2016 жылдың 1-шілдесіне 63 отбасындағы 258 адамға «Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша шартты ақашалай көмек тағайындалып төленген, оның құрамында: 18 жасқа дейінгі балалар саны – 154, үш жасқа дейінгі бала және 1,2-топтағы мүгедектер 23 адам. Жұмысқа жарамды адамдар саны - 80, оның ішінде тұрақты жұмыстары болғандар саны - 2, жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларына қатысқандар саны - 78. Барлығына республикалық және аудандық бюджеттерден 12780,7 мың теңге төленді.
Облыс әкімі грантымен облыстың жоғары оқу орындарында оқитын 20 студентке 2016 жылдың 1-сәуіріне оқу ақысына, шәкіртақыға және жатақханада тұрғаны үшін 29083,1 мың теңге қаржы бөлініп, жеке шоттарына жіберілді.
Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист-жауынгерлерді еске алу күніне 57 адамға 65,0 мың теңгеден - 3705,0 мың тенге төленді.
Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күніне (Чернобыль апаты) 29 адамға 5,0 мың теңгеден - 145,0 мың теңге төленді.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына орай, қатысушылары мен мүгедектеріне әрқайсысына 590 мың теңгеден 9 адамға және ҰОС теңестірілгендерге барлығы 139 адамға 4200,0 мың теңге мемлекет тарапынан төленіп берілді.
Қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтардың өтініші негізінде 52 адамға 750,0 мың теңгенің әлеуметтік көмегі (дәрі-дәрмекке, киім-кешекке, азық-түлікке т.б.) төленді.
Жарма ауданы бойынша туберкулез ауруының белсенді түрімен ауыратын 12 адамға қосымша көмек ретінде 360,0 мың теңге мөлшерінде жергілікті бюджеттен материалдық көмек төленді. Сонымен қатар ағымдағы жылдың 6 айы ішінде амбулаторлық ем алатын туберкулез ауыруымен ауыратын адамдарға ай сайынғы әлеуметтік көмек ретінде 1289,0 мың теңге төленді.
Жарма ауданының «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМКМ мәліметі бойынша мүгедектер саны 1475 адамды құрайды, оның ішінде 1,2- топтағы мүгедектер саны 698 адам, 3-топтағы мүгедектер саны 638 адам, 18 жасқа дейінгі бала-мүгедектер саны 139 адам.
2016-жылдың басынан мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 9 мүгедек жан тифлотехникалық құралдармен және 64 мүгедек адам гигиеналық құрал-жабдықтармен қамтылды. 4 мүмкіндігі шектеулі адам санаторлық-курорттық емделуге жолдама алып, шипажайға барды.
ҰОС қатысушылары мен оларға теңестірілгендер, мүгедектер және зейнеткерлер қатарынан шипажай мекемелерінде денсаулықтарын жақсартуға 14 адам жолданды.
Үйде оқытылатын 31 мүгедек балаға жыл басынан материалдық көмек ретінде 8 АЕК мөлшерінде 3207,0 мың теңге төленді.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» және «Батыр ана» атағын алған 1001 аналарға, 4 және одан көп балалы 513 аналарға 10,0 мың теңгеден 15140,0  мың теңге біржолғы көмек төленді.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде Жарма ауданы бойынша жалғызілікті қарттар мен мүмкіншіліктері шектеулі 292 қызмет алушы  қамтылған, оның ішінде 56 бала, 18 жастан асқан психо-неврологиялық потологиясы бар 70 адам және 144 жалғызілікті тұратын қарттар мен мүгедектерге үй жағдайында, сондай-ақ Шар қаласы мен Әуезов кентінде күндізгі жартылай стационар жағдайында 22 мүмкіншіліктері шектеулі бала мен 18 жастан асқан психо-неврологиялық потологиясы бар адамдар қызмет алуда. Сонымен қатар арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылмаған адамдарды облыстық басқарманың жариялаған мемлекеттік тапсырысы негізінде «Жарма ауданының әлеуметтік серіктестігі» Қоғамдық қоры арқылы қосымша 28 адамды қамтып отыр.
Мүгедек жандардың қолжетімділігін арттыру мақсатында қызмет көрсету ғимараттарын, сауда орындарын мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімдеу (пандус, поручень, пиктограммалармен жабдықтау) жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 1-сәуірдегі жағдайға 6 нысан паспорттаудан және 10 нысан бейімдеуден өтті.

2016 жылдың I жартыжылдығында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпарат

«Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыты шеңберінде
2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағытын жүзеге асыру үшін Жарма ауданына республикалық және жергілікті бюджеттерден барлығы 12 жобаға 175 051,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде 7 жоба білім саласындағы және 5 жоба денсаулық сақтау саласындағы нысандар.
5 жоба бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Оның ішінде 3 білім саласындағы жобалар, 2 денсаулық сақтау саласындағы жобалар. Игерілген қаражат сомасы 17 098,0 мың теңге.
Жөндеу жұмыстары кезінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарынан жалпы 74 уақытша жұмыс орынын құру жоспарланып отыр, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 39 адам. Бүгінгі күнге жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен 13 адам жұмысқа орналасты.
«Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру» екінші бағыты шеңберінде
2016 жылы 24 адамды шағын несиелендіруімен қамтамасыз ету мақсатында бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде ауданға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 60,0 млн. теңге қаражат бөлініп, бүгінгі күнге 6 адам 18,2 млн. теңге көлемінде несие алды. Қалған несие алуға үміткерлердің құжаттары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ қаралуда.
«Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағыты шеңберінде
1-ші компонент бойынша 2016 жылы кәсіби оқытуға 9 адамға 2158,0 мың теңге қаражат бөлінді, оның ішінде қайта даярлау курстарына 6 адамға 1340,0 мың теңге және кәсіби даярлауға 3 адамға 818,0 мың теңге.
Қайта даярлау курстарына 8 адам жолданды. Оның ішінде «Газ бен электр дәнекерлеуші» мамандығына 2 адам, «Кран автокөлігінің жүргізушісі» мамандығына 2 адам және «Аспазшы» мамандығына 4 адам.
Жастар іс-тәжірибесіне 10 адамға 2291,0 мың теңге бөлініп, 10 адам уақытша жұмысқа жолданып, жұмыстарын жалғастыруда.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 10 адамға 2581,0 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күнге 13  адам жолданып, жұмыстарын жалғастыруда.
2-ші компонент бойынша Жарма ауданында 2016 жылы жұмыс берушінің қатысуымен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде өз жұмысшыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету 10 % қоса қаржыландыру арқылы 98,1 млн теңгеге 2 пәтерлі 6 үй сатып алынды.

Жарма ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы Р.Касенов

 

Инфракұрылымдық жобаларды жөндеу жұмыстары барысы туралы ақпарат

«Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыты шеңберінде
2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағытын жүзеге асыру үшін Жарма ауданына республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 12 жобаға 175 051,0 мың теңге бөлінген. Оның ішінде 7 жоба білім саласындағы нысандар және 5 жоба денсаулық сақтау саласындағы нысандар.
5 жоба бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Оның ішінде 3 білім саласындағы жобалар, 2 денсаулық сақтау саласындағы жобалар. Игерілген қаражат сомасы 17 098,0 мың теңге.
Жөндеу жұмыстары кезінде халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарынан жалпы 74 уақытша жұмыс орынын құру жоспарланып отыр, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 39 адам. Бүгінгі күнге жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен 13 адам жұмысқа орналасты.

 

Инфракұрылымдық жобаларды жөндеу жұмыстары барысы туралы ақпарат

Инфракұрылымдық жобаларды жөндеу жұмыстары барысы туралы ақпарат

Инфракұрылымдық жобаларды жөндеу жұмыстары барысы туралы ақпарат

 

Парақтар өзгертілді: 25-01-2017