Әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2015 жылы атқарылған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Бөлімнің қызметі Қазақстан Республикасының 17.07.2001 жылғы №246-II «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы", 28.06.2005 жылғы №63-ІІІ "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" және 23.01.2001 жылғы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарын, аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген ережелерін, аудан әкімінің қаулыларын жүзеге асыруға бағытталған. Бөлім қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері - ол аз қамтылғандардың санын азайту мен халықтың табысын арттыру мақсатындағы еңбекпен қамту, әлжуаз топтағы азаматтарға (мүгедектер, ардагерлер, жалғызбасты қарттар, аз қамтылған отбасылар) әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.

Жұмыспен қамтуға бағытталған іс-шаралар:

Аудан бойынша 2016-жылдың 1- қаңтарына жалпы жұмыссыздар саны 898 адамды құрап, былтырғы жылдан 162 адамға азайды. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,2% мөлшерінде қалыптасып, ресми тіркелген жұмыссыздар саны – 140 адамды құрады. Жыл басынан 1997 адам жұмысқа орналастырылды. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,0-ке % артық (1545 адам). 2016-жылдың 1-қаңтарына 960 жаңа жұмыс орындары ашылып, оның ішінде 395 - тұрақты, 565 - уақытша және маусымдық. Келесі мемлекеттік бағдарламалар бойынша: Үдемелі Индустриалды Даму Бағдарламасы бойынша 36 жұмыс орны, «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы бойынша 15 жұмыс орны, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» Бағдарламасы бойынша 43 жұмыс орны, Аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша 866 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған іс-шаралардағы аумақтарды дамыту бағдарламасы кескінінде ақылы қоғамдық жұмыстарға 2015-жылдың көлемінде 1427 жұмыссыз қатысып, бөлінген 37 600,0 мың теңге қаржы толық игерілді. 2014 жылы осы мерзімге 1959 жұмыссыз қатыстырылған. «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 13 адам жұмысқа жіберіліп, мерзімдері аяқталысымен 3 адам жұмысқа орналастырылды, бөлінген қаражат 2 345,0 мың теңге игерілді. Кәсіби даярлауға 56 жұмыссыз оқуға жолданып, олардың ішінен оқуын аяқтағандар – 51 адам, жұмысқа орналасқандар - 50 адам. Бөлінген қаражат 4362,0,0 мың.теңге толық игерілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына жыл басынан 20 адам жіберіліп, 1264,0 мың теңге қаражат игерілді. Келісім-шарт мерзімдері аяқталысымен келісім-шартқа сәйкес 20 адам жұмысқа орналасты.

Нысаналы топтарға жатқызылған жұмыссыздар қатарынан: 31 мүгедек, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған 18 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолданды. Әлеуметтік төлемдер мен көмектер: 2016-жылдың 1-қаңтарына тұрмыс жағдайы төмен азаматтардың саны 4,1%-ке азайып, 2031 адамды құрады. Өткен жылдың осы кезеңіне 2118 адамды құраған. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2016-жылдың 1-қантарына 244 адамға тағайындалып, 5965,0 мың теңге төленді. 2015 жылдың 1-қаңтарындағы жағдайға 485 алушыға 7356,0 мың теңге төленген. Алушылар саны 241 адамға азайды, осыған сәйкес қаражат көлемі де 18,9%-ке азайды. Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы жыл көлемінде 1389 алушыға тағайындалып, 24248,0 мың теңге төленді. Былтырғы жылдың осы кезеңіне 1406 алушы болып, 22306,2 мың теңге төленген, яғни алушылар саны 17 адамға азайып, қаражат 8,%-ке көбейді. Тұрғын үй көмегі жыл басынан 720 алушыға тағайындалып, 6300,0 мың теңге төленді. 2015-жылы 1081 алушыға 7927,9 мың теңге төленген, яғни 361 адамға азайды. Жыл қорытындысы бойынша 104 отбасындағы 456 адамға «Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша шартты ақашалай көмек тағайындалып төленген, оның құрамында: 18 жасқа дейінгі балалар саны - 281, күндізгі оқу бөлімінде оқитындар 4 адам, үш жасқа дейінгі бала және 1,2-топтағы мүгедектер 37 адам. Жұмысқа жарамды адамдар саны - 134, оның ішінде тұрақты жұмыстары болғандар саны - 15, жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларына қатысқандар саны - 119 адам. Барлығына республикалық және аудандық бюджеттен 29988,9 мың теңге төленді. Ауылдық елді-мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамтамасыз ету, спорт және ветеринария саласының 1727 мамандарына отын алуға әлеуметтік көмек түрінде 16925,0 мың теңге төленді. 2014 жыл көлемінде 1730 адамға 16015,6 мың теңге төленген немесе 3 адамға көбейіп, ал қаражат көлемі медицина қызметкерлерінің төлемақы мөлшерінің өсуіне байланысты 5,6 %-ға өсті.

Жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде барлық бюджеттер деңгейінен 2539 адамға 66838,2 мың теңге төленген, оның ішінде: «Шаңырақ» кешенді жоспары негізінде 4-балаға босанған аналарға 50,0 мың теңгеден төленетін жәрдемақы – 45 адамға 2250,0 мың теңге көлемінде бюджеттен төленді. Облыс әкімі грантымен облыстың жоғары оқу орындарында оқитын 29 студенттерге 2015-жылы 15683,0 мың теңге оқу ақысына, шәкіртақыға және жатақханада тұрғаны үшін жеке шоттарына қаражат жіберілді. 2015-жылы жоғарғы оқу орынын облыс әкімінің грантымен 9 студент Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист-жауынгерлерді еске алу күніне 62 адамға 65,0 мың теңгеден - 4030,0 мың тенге төленді. Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күніне (Чернобыль апаты) 32 адамға 65,0 мың теңгеден - 2080,0 мың теңге төленді.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» және «Батыр ана» атағын алған 1059 аналарға, 4 және одан көп балалы 490 аналарға 10,0 мың теңгеден 15 490,0 мың теңге біржолғы көмек төленді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына орай, қатысушылары мен мүгедектеріне әрқайсысына 500 мың теңгеден барлығы 11 адамға және ҰОС теңестірілгендер мен тыл ардагерлеріне барлығы 689 адамға 24054,0 мың теңге мемлекет тарапынан төленіп берілді. Қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтардың өтініші негізінде жыл көлемінде 77 адамға 1200,0 мың теңгенің әлеуметтік көмегі (дәрі-дәрмекке, киім-кешекке, азық-түлікке т.б.) төленді. Жарма ауданы бойынша туберкулез ауруының белсенді түрімен ауыратын 56 адамға қосымша көмек ретінде 2051,2 мың теңге мөлшерінде жергілікті бюджеттен материалдық көмек төленді. Мүгедектерді әлеуметтік қолдау: Жарма ауданының «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМКМ мәліметі бойынша мүгедектер саны 1439 адамды құрайды, оның ішінде 1,2- топтағы мүгедектер саны 680 адам, 3-топтағы мүгедектер саны 608 адам, 18 жасқа дейінгі бала-мүгедектер саны 151 адам. 2015-жылдың басынан мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 41 мүгедекке протездік-ортопедиялық бұйым, 27 мүгедекке тифлотехникалық құрал, 18 мүгедекке арбаша беріліп, 6 мүмкіндігі шектеулі адам санаторлық-курорттық емделуге жолдама алып, шипажайға барды. Гигиеналық құрал-жабдықтарға бюджеттен 4600,0 мың теңге бөлініп, 64 мүгедек адам қамтылды.

ҰОС қатысушылары мен оларға теңестірілгендер, мүгедектер және зейнеткерлер қатарынан шипажай мекемелерінде денсаулықтарын жақсартуға 23 адам жолданды. Үйде оқытылатын 29 мүгедек балаға жыл көлемінде материалдық көмек ретінде 8 АЕК мөлшерінде 5517,8 теңге төленді. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде Жарма ауданы бойынша жалғызілікті қарттар мен мүмкіншіліктері шектеулі 286 қызмет алушы қамтылған, оның ішінде 60 бала, 18 жастан асқан психо-неврологиялық потологиясы бар 68 адам және 137 жалғызілікті тұратын қарттар мен мүгедектерге үй жағдайында, сондай-ақ Шар қаласы мен Әуезов кентінде күндізгі жартылай стационар жағдайында 21 мүмкіншіліктері шектеулі бала мен 18 жастан асқан психо-неврологиялық потологиясы бар адамдар қызмет алуда. Арнаулы әлеуметтік қызметті қолдауға бюджеттен 44 210,0 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылмаған адамдарды облыстық басқарманың жариялаған мемлекеттік тапсырысы негізінде «Жарма ауданының әлеуметтік серіктестігі» Қоғамдық қоры арқылы қосымша 37 адамды қамтып отыр.

Мүгедек жандардың қолжетімділігін арттыру мақсатында аудандық бюджеттен мемлекеттік мекемелерге 654,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлініп, 10 мекеменің ғимараты арнайы жабдықтармен (пандус, поручень, пиктограммалармен жабдықтау) қамтылды. Осы бағытта кәсіпкерлермен жұмыс жүргізіліп, жаңа ғимараттардың құрылыс стандарттарына сәйкестігі үнемі қадағалауға алынуда.

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016