Әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2014 жылы атқарған жұмыстары туралы

Бөлімнің қызметі Қазақстан Республикасының 17.07.2001 жылғы №246-II «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы", 28.06.2005 жылғы №63-ІІІ "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" және 23.01.2001 жылғы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарын, аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген ережелерін, ауданы әкімінің қаулыларын жүзеге асыруға бағытталған. Бөлім қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері - ол аз қамтылғандардың санын азайтумен халықтың табысын арттыру мақсатындағы еңбекпен қамту, әлжуаз топтағы азаматтарға (мүгедектер, ардагерлер, жалғызбасты қарттар, аз қамтылған отбасылар) әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.

Аудан бойынша 2014 жылдың 12 айына жалпы жұмыссыздық деңгейі – 4,5%, ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны – 140 адам,  ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 0,6 % құрады. Жыл басынан аудан көлемінде - 890 жаңа жұмыс орындары құрылды.
Аумақтарды дамыту бағдарламасы кескінінде жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған іс-шараларға жергілікті бюджеттен 68735,0 мың теңге бөлініп, ақылы қоғамдық жұмыстарға 1959 жұмыссыз қатыстырылды, кәсіби даярлауға 57 жұмыссыз, әлеуметтік жұмыс орындарына 22 жұмыссыз жолданған, «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасына 21 жұмыссыз адамдар қатыстырылды. Жыл басынан 1545 адам тұрақты және уақытша құрылған жұмыс орындарына орналастырылды.
Тұрмыс жағдайы төмен тұратын азаматтардың саны 2013 жылмен салыстырғанда 5%-ға азайып, 2118 адамды құрады.

Аз қамтылған азаматтарды қолдауға бағытталған әлеуметтік төлемдерге жергілікті бюджеттен 37590,1 мың теңге қарастырылып, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 485  адамға, 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 1406 алушыға және тұрғын үй көмегі 1081 алушыға төленді.

2014 жылы енгізілген «Өрлеу» шартты ақшалай көмек пилоттық жобасы бойынша 90 жанұядағы 394 алушыға 5998,0 мың теңге Республикалық бюджеттен тағайындалып төленді.
«Қайырымдылық айлығы» іс-шарасы аясында ауданы бойынша демеушілердің көмегімен қосымша 1318 адамға 4248,1 мың теңгенің түрлі көмектері көрсетілді.

2014 жыл басынан мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, 32 мүгедекке протездік-ортопедиялық бұйым, 21 мүгедекке  тифлотехникалық құрал, 5 мүгедек  сурдо құрал, 62 адам гигиеналық құралмен, 15 адам кресло-арбашалармен қамтамасыз етілді. 15 мүмкіндігі шектеулі адам санаторлық-курорттық емдеуге жолданылды. 

Үйден оқытылатын 38 мүгедек балаларға 6593,1 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек төленді.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша  жыл басынан 4007 адамға 49762,2 мың теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмегі көрсетілді.

 Атап айтқанда:
2014 жылдың 12 айына ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне 42 дананы құрайтын «Егеменді Қазақстан», «Казахстанская правда», «Дидар», «Рудный Алтай», «Қалба тынысы», «Қала мен дала», «Страна и мир», «Дидар», «Семей таңы» басылымдарына жазылды. Осы мақсатқа аудандық бюджеттен 61,6 теңге жұмсалды. Республикалық және облыстық дәрежедегі 5 дербес зейнеткерге жалпы 120,0 мың теңге материалдық көмек төленді.

Жарма ауданы бойынша туберкулез ауруының белсенді түрімен ауратындарына,  туберкулезге қарсы ауруханасының тізімі негізінде  ай сайынғы материалдық көмекке күнделікті 300 теңге мөлшерінде  жергілікті бюджеттен 1506,9 мың теңге және жол жүру ақысы 13,3 мың теңге төленді.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» және «Батыр ана», атағын алған, 4 және одан көп балалы аналарға 10,0 мың теңгеден  15810,0  мың теңге біржолғы көмек төленді. Азаматтардың жеке өтініші бойынша 109 адамға 1899,1 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
«Мектепке жол» акциясы шеңберінде 91 адамға 10,0 мың теңгеден 910,0 мың теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді. Сондай-ақ, ҰОС ардагерлеріне, ауған соғысының ардагерлеріне және чернобыль АЭС-індегі апат құрбандарына жалпы аудандық бюджеттен 1465,0 мың теңгеге ақшалай көмек көрсетілді.
Коммуналдық қызметтер шығыстарына өтем ақы төлеуге 240 адамға 9593,0 мың теңге көлемінде материалдық көмек төленді. Аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерді оқу ақысын төлеуге облыстық бюджеттен барлығы 28 адамға 2595,0 мың теңгенің көмектерімен төлемдері тағайындалып төленді.

Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, әлеуметтік қорғау, ауылшаруашылық-ветиринария саласында жұмыс істейтін 1755 қызметкерге отын сатып алуға 15788,3 мың теңге көмектері төленді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде Жарма ауданы бойынша жалғызілікті қарттар мен мүмкіншіліктері шектеулі 264 қызмет алушы  қамтылған. Оның ішінде мүмкіншіліктері шектеулі 61-бала, 18 жастан асқан ПНП бар 74-адамға және 129-жағызілікті тұратын қарттар мен мүгедектерге үй жағдайында, сондай-ақ күндізгі стационар жағдайында 21 мүмкіншіліктері шектеулі бала мен 18 жастан асқан ПНП бар адамдарға.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде аудандық облыстық медициналық ұйыммен, төлем орталығымен, психологиялық-медициналық педагогикалық ұйыммен, түзету кабинетімен, сондай ақ мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыстар жүргізіледі.
Қазіргі уақытта балалар мен мүмкіншіліктері шектеулі жандар қажеттілігіне, қабілеттілігне және даму деңгейіне қолжетімді түрде әр түрлі қызмет алуға мүмкіндігі бар.
Балалардың күндізгі уақытта орталыққа келуі кейбір ата-аналардың жұмысқа шығуына немесе өз уақытын ерікті жоспарлауға мүмкіншілік берді.

Күндіз келетін балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін сенсорлық бөлме құрылды, тек қана психо-эмоциональдық түзету емес сауықтыру жобасына ыңғайлы жағдай жасалды. Орталықтың тренажорлармен жабдықталуы баланың психо-эмоциональды жағдайына және тірек-қимыл апаратына, жеңіл аяқ және қол маторикасы үшін, модуль-гаечка тақтасы, құм бұлау үстелі, музыкалы кресло жастық, сенсорлық жол, панно түрлі-түсті динамикалық жарық колонкасы, пано қисық айнасы және жұмсақ кубтардың маңызы аз емес.
Мүмкіншіліктері шектеулі жандардың және олардың ата-аналарының қызғушылғы тек қана арта түсуде. Орталықта бекітілген кесте бойынша іс-шаралар үнемі өткізіліп, аудан әкімінің ресми сайтына жарияланады.
Жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге, аулаларын тазартуға, бау-бақшаларын қалыпқа келтіру және басқада да шарауашылық жөніндегі  жұмыстарын орталықтың әлеуметтік қызметкерлері ұйымдастырып көмек көрсетеді.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыруда

Ағымдағы жыл 778 адам бағдарламаға қатысуға өтініш білдіріп, 578 адам әлеуметтік келісім-шартқа қол қойды. Оның ішінде нысаналы топ қатарынан 434 жұмыссыз, 144 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 122 аз қамтылған және 15 мүгедек.
«Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыты шеңберінде 2014 жылы 11 жобаның іске асырылуы жоспарланды. Жобаларға жалпы бөлінген қаражат сомасы 272480,0 мың теңге. Құрылыс – жөндеу жұмыстары жүргізілген кезеңге жалпы уақытша ашылған жұмыс орындар саны – 92, оның ішінде жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен – 47 адам уақытша жұмысқа орналасуы жоспарланды. Бүгінгі күнге барлық жобаға 49 адам жолданылып қатыстырылған.
«Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» екінші бағыты шеңберінде

2014 жылы ауданға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы бөлінетін несие көлемі 170,0 млн. теңге және СПК «Ертіс» АҚ-мы арқылы 100,0 млн.теңге. Бүгінгі күнге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 137,3 млн.теңгені құрайтын 55 жоба қаржыландырылды. Жобалардың іске асыру салалары: мал шаруашылығы – 38 жоба 89,5 млн теңге, қызмет көрсету – 7 жоба 20,5 млн теңге, өнім өндіру, қайта өңдеу – 10 жоба 27,3 млн теңге. Несие серіктестіктер арқылы 100,0 млн теңгені құрайтын 53 жоба қаржыландырылды. Жобалардың іске асыру салалары: мал шаруашылығы – 39 жоба 74,3 млн теңге, қызмет көрсету – 7 жоба 15,0 млн теңге, өнім өндіру, қайта өңдеу – 7 жоба 10,7 млн теңге.
Барлығы бүгінгі күнге 237,3 млн теңгені құрайтын 108 жоба қаржыландырылды.

«Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағыты шеңберінде
1-ші компонент «Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»

Кәсіби оқытуға жолданғандардың барлық саны 56 адам, оның ішінде:
Қайта даярлау курстарына Бүгінгі күнге 31 адам «қолдан ұрықтандыру», «плотник-бетоншы», «даяшы», «қонақ үй администраторы» мамандақтарына жолданып, Оның ішінен бүгінгі күні 29 адам оқуын аяқтап, 28-зі тұрақты жұмысқа орналасты (97%).
Біліктілікті арттыру курстарына7 адам «тігінші», «аспазшы» мамандығына жолданып, қазіргі уақытта 7 адам оқуын аяқтап, тұрақты жұмысқа 6 адам орналасты(100%).
Кәсіби даярлауға 18 адам «КИПиА слесарі» және «Бағдарламашы» мамандығы бойынша 10 ай мерзіміне жолданды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына нақтыланған жоспар бойынша 29 адамды жолдау жоспарланып, бүгінгі күнге 53 адам жолданды.
Жастар іс-тәжірибесіне 15 адам жолдау жоспарланып, бүгінгі күнге 28 адам жолданды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 3 бағытының екінші компоненті «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» бойынша 2014 жылға, жұмыс беруші 10% қоса қаржыландыру арқылы өз қызметкерлерін қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуіне байланысты «Жарма Құрылыс – Газ» ЖШС-гі жұмыспен қамту орталығына 2 пәтерлі 5 үй сатып алуға сұраныс білдіріп, 10 жанұяның тізімі нақтылануда. Бүгінгі күнге тұрғын үйлердін құжаттары әділет басқармасында тіркеуде.
Жаңаөзен ауылынан жетім қалғандар арасынан 1 жас отбасы Өскемен қаласы маңындағы Шығыс кентіне қоныстандырылды.

2015 жылға, жұмыс беруші 10% қоса қаржыландыру арқылы «Шалабай» ЖШС-гі 10 үй және «Жарма Құрылыс – Газ» ЖШС-гі 2 пәтерлі 5 үй сатып алуға сұраныс білдірді.

 

 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016