Әлеуметтік қорғау

Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2017 жылғы 9 айдағы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарын, аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген ережелерін, ауданы әкімінің қаулыларын жүзеге асыруға бағытталған.
Бүгінгі күні бөлім штаты толық толықтырылған және 10 бірлік мемлекеттік қызметшілерден құрайды. Оның ішінде 1- басшы, 1 басшысының орынбасары, 8 - бас мамандары.
Осы мақсатта аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің құрамында «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі және «Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы»КММ-сі жұмыс істейді.
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері - ол аз қамтылғандардың санын азайту мен халықтың табысын арттыру мақсатындағы еңбекпен қамту, әлжуаз топтағы азаматтарға (мүгедектер, ардагерлер, жалғызбасты қарттар, аз қамтылған отбасылар) әлеуметтік көмек көрсету, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлеу, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыру болып табылады.
2017-жылдың 1 қазанына ресми тіркелген жұмыссыздар саны 180 адамды құрады, ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,9% мөлшерінде қалыптасты.
Жыл басынан 836 адам жұмысқа орналастырылып, 696 жұмыс орындары ашылды.
Мемлекеттік бағдарламалар және аумақты дамыту бағдарламасы шеңберінде, ақылы қоғамдық жұмысқа 460 адам,«Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасына 28 адам, қысқа мерзімді қайта даярлау курстарына 244 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 65 адам жолданды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жыл басынан 172 адамға тағайындалып, 2 465,4 мың теңге төленді.
Балалы  отбасыларға берілетін  мемлекеттік жәрдемақы  1463 алушыға тағайындалып, 16 261,9 мың теңге төленді.
Тұрғын үй көмегі 2017 жылдың басынан 246 алушыға тағайындалып, 2227,3 мың теңге төленді.
Ауылдық елді-мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамтамасыз ету, ветеринария саласының мамандарына отын алуға әлеуметтік көмек түрінде жергілікті бюджеттен 26 500,0 мың теңге бөлінді.
Қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың қараша айында төленетін болады.
Тоғыз айдың қорытындысы бойынша 114 отбасындағы 512 адамға «Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша шартты ақшалай көмек тағайындалып 16 759,0 мың теңге төленді. Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа 118 адамды орналасты.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде әр түрлі бюджеттер деңгейінен төленген:
«Шаңырақ» кешенді жоспары негізінде 4-балаға босанған аналарға жыл басынан бері 99 адамға, 4 950,0 мың теңге.
Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист-жауынгерлерді еске алу күніне 55 адамға әрқайсысына 70,0 мың теңгеден 3850,0 мың тенге.
Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күніне (Чернобыль апаты) қатысушыларға 28 адамға 70,0 мың теңгеден 1960,0 мың теңге.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әрқайсысына 600,0 мың теңгеден 7 адамға 4200,0 мың теңге.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» атағын алған 964 анаға, төрт және одан да көп балалы 555 анаға 10,0 мың теңгеден  15190,0 мың теңге біржолғы көмек көрсетілді.

Қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтардың өтініші негізінде жыл басынан 152 адамға 5 076,1 мың теңгенің әлеуметтік көмегі (дәрі-дәрмекке, киім-кешекке, азық-түлікке т.б.) көрсетілді, оның ішінде туберкулез ауруының белсенді түрімен ауыратындарғаденсаулық сақтау мекемесінің тізімдеріне сәйкес қосымша ай сайынғы материалдық көмек ретінде 1789,0 теңге.
Тұрмыс жағдайы төмен азаматтардың саны өткен жылмен салыстырғанда 0,6% - ға азайып, 1680 адамды құрады.
Мүгедектер саны 1328 адамды құрайды, оның ішінде 1,2- топтағы мүгедектер саны 623 адам, 3-топтағы мүгедектер саны 563 адам, 18 жасқа дейінгі бала-мүгедектер саны 142 адам.
2017 жылдың басынан мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 11 жанға тифлотехникалық құрал, 1 жанға сурдотехникалық құрал, 14 адамға арбаша беріліп, 16 мүмкіндігі шектеулі адам санаторлық-курорттық емделуге жолдама алып, шипажайға барды. Гигиеналық құрал-жабдықтарға бюджеттен 11908,0 мың теңге бөлініп, 66 адам қамтылды.
Үйде оқытылатын 32 мүмкіншілігі шектеулі балаға жыл көлемінде материалдық көмек ретінде 4 АЕК мөлшерінде 3485,1 мың теңге төленді.
Мүгедектердің құқықтарын қорғау жөніндегі кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың маусым айында «Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-сі құрылды, штат саны бекітілды және ғимараты сатып алынды 12 500,0 мың теңгеге. Қазіргі кезде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Хабарлама

«Жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру» екінші бағыты шеңберінде несие алған қатысушылар үшін «Өсімпұлсыз қарызыңды өте» акциясы өткізіліп отыр. Акцияның өту мерзімі 2017 жылдың 1-ші қыркүйегінен желтоксан айының 31 жұлдызына дейін.
Акция 2011-2014 жылдар аралығында ауданның (Жарма-2020, Ақшабай-2020 және Ақжан-Несие) кредиттік серіктестіктері арқылы несие алған қатысушылар үшін өткізіледі.
Өткізіліп отырған акцияның шарттарына сәйкес несие алған қатысушыда несие бойынша берешегі болған жағдайда негізгі қарыздың және сыйақының 100% төлеген кезде төленетін қарыз пропорционалды  түрде есептелген өсімпұл сомасы кредиттік серіктестікпен есептен шығарылады.
Туындаған сұрақтар бойынша Қалбатау ауылы, Мұсылманқұлов көшесі 21 «А» мекен-жайы бойынша орналасқан Жарма ауданы әкімдігінің «Жарма ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына» КММ-не 6-17-70, 6-24-56, 67-319 телефондары арқылы жүгінуге болады

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2017 жылдың 5 ай көлемінде атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде 2013 жылдан бастап Жарма ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз орта қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.       
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы №64 Қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспары негізінде, Жарма ауданында мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында аудан әкімінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі №79 өкіміне сәйкес жұмыс тобы құрылып, түгендеуге жататын бірінші кезекті инфрақұрылым нысандарының 2012-2018 жылдарға арналған жоспары мен тізімі бекітілген болатын. Жоспардың негізгі бағыты мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолайлы орта қалыптастыру болып табылады
Аудан көлемінде 2016 жылы 19 нысан түгенделді. Оның ішінде 3 нысан қызмет көрсету саласынан, 2 – мемлекеттік басқару, 12 нысан білім саласынан, 2 нысан денсаулық сақтау саласынан. Сонымен қатар 13 нысан бейімдеуден өткізілді, оның ішінде 4 нысан қызмет көрсету саласынан, 2 мемлекттік басқару, 5 нысан білім саласынан, 1 нысан денсаулық және 1 нысан мәдениет саласынан өтті.
2017 жылға жоспар бойынша 19 нысан түгенделіп, 13 нысан бейімделеді. Осыған байланысты нысан иелері мен мекеме басшыларына ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін  бейімдеуді аяқтау жөнінде хаттар жолданды. Бейімделген объектілер «Қолжетімді орта» порталына уақытылы енгізіліп, мәліметтер үнемі жаңартылып отырады.
Жарма ауданының «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМКМ мәліметі бойынша 2017 жылдың 1- қантарына мүгедектер саны 1382 адамды құрайды, оның ішінде 1,2- топтағы мүгедектер саны 667 адам, 3-топтағы мүгедектер саны 573 адам, 18 жасқа дейінгі бала-мүгедектер саны 142 адам.
Өткен 2016-жылдың көлемінде мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 102 мүмкіншілігі шектеулі жанға протездік-ортопедиялық бұйым, 24 жанға тифлотехникалық құрал, 2 мүмкіншілігі шектеулі жанға сурдо құрал, 16 адамға арбаша беріліп, 30 мүмкіндігі шектеулі адам санаторлық-курорттық емделуге жолдама алып, шипажайға барды. Гигиеналық құрал-жабдықтарға бюджеттен 8421,7 мың теңге бөлініп, 66 адам қамтылды.
ҰОС қатысушылары мен оларға теңестірілгендер, мүгедектер және зейнеткерлер қатарынан шипажай мекемелерінде денсаулықтарын жақсартуға 40 адам жолданды.
2017-жылдың басынан мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 1 мүмкіншілігі шектеулі жанға сурдо құрал, 8 мүмкіншілігі шектеулі жанға тифлотехникалық құрал, 11 мүмкіншілігі шектеулі жанға арбаша беріліп, 9 мүмкіндігі шектеулі адам санаторлық-курорттық емделуге жолдама алып, шипажайға барды. Гигиеналық құрал-жабдықтарға бюджеттен 11 908,0 мың теңге бөлініп, 66 мүгедек адам қамтылды.
Зырян ауданының Грехово ауылында ашылған оңалту орталығында 6  мүмкіншілігі шектеулі жан ем алып қайтты.
ҰОС қатысушылары мен оларға теңестірілгендер, мүгедектер және зейнеткерлер қатарынан шипажай мекемелерінде денсаулықтарын жақсартуға 17 адам жолданды.
Арнаулы әлеуметтік  қызметтер көрсетуде, Жарма  ауданы  бойынша бүгінгі күні 125  қызмет алушы,   оның   ішінде  мүмкіншіліктері  шектеулі балалар саны 51, 18 жастан асқан психоневралогиялық  паталогиясы  бар адамдар саны 74.  Бөлімшеде 1 меңгеруші, 1 кеңесші және 28 әлеуметтік  қызметкер жұмыс істейді. Шар қаласы  мен Ауезов кенті бойынша  жартылай  стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет алушы мүмкіншілігі шектеулі  балалар мен 18 жастан асқан психоневралогиялық  паталогиясы  бар  адамдар саны  22, мамандар  саны 9. Үйде оқытылатын 32 мүмкіншілігі шектеулі балаға 8 АЕК мөлшерінде 6352,0 теңге бюджеттен бөлініп, материалдық көмек көрсетілді.
Жеке көмекші қызметін алу үшін алғаш рет бюджеттен 1990,5 мың теңге бөлініп, мамыр айынан 6 мүмкіншілігі шектеулі жан осы қызмет түрімен қамтылатын болады.
Сонымен  қатар мемлекеттік  тапсырыс негізінде «Жарма  ауданының әлеуметтік  серіктестік  орталығы» қоғамдық  қоры арқылы қосымша 28 жалғызілікті қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар  арнаулы әлеуметтік  қызметпен  қамтылып отыр.
Шар қаласындағы   жартылай  стационарлық  жағдайда  арнаулы әлеуметтік  қызмет  көрсету бөлімшесінде  5 мүмкіншіліктері шектеулі бала, 18 жастан асқан психоневрологиялық паталогиясы бар 6 адам қызмет алуда. Мамандар саны 5. Үйде арнаулы әлеуметтік  қызмет  көрсетуде 23 қызмет алушы қамтылған.
Әуезов кенті бойынша  жартылай  стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік  қызмет  көрсету бөлімшесінде 4 мүмкіншілігі шектеулі бала, 18 жастан асқан психоневралогиялық паталогиясы бар 7 адам қызмет алуда. Үйде  арнаулы әлеуметтік  қызмет көрсетуде  4 қызмет алушы бар. 2016 жылы арнаулы әлеуметтік  қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге  бюджеттен  70,6 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. 2015 жылы бұл бағытқа 44,2 млн. теңге бөлінген болатын.
2016 жылы Шар қаласында күндізгі жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің жаңа ғимараты ашылды.

Қазіргі таңда ең өзекті мәселенің бірі мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту. Бұл бағытта да ауданымызда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Аудан бойынша 2016 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 18 мүмкіндігі шектеулі азаматты қамту жоспарланған болатын. Іс жүзінде 2017 жылдың 1-қаңтарындағы жағдайға 42 мүмкіндігі шектеулі азамат қамтылды. Оның ішінде 21 адам тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналастырылды,  2 адам «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 2 бағыты шеңберінде кәсіптік негіздерін оқып, 4,5 млн. теңге көлемінде несие алды және 19 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды.
2017 жылы аудан бойынша жеткізілген жоспарға сәйкес 18 мүмкіндігі шектеулі адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланып отыр. 2017 жылдың 1-мамырына жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 11 мүмкіндігі шектеулі азамат қамтылды. Оның ішінде 4 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды,  1 адам «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының 1 бағыты шеңберінде қысқа мерзімді тегін курстарына жіберіліп, 6 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды.
Аудан орталығы Қалбатау ауылындада мүмкіндігі шектеулі жандарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығын ашу мәселесі  аудан әкімдігі тарапынан қатаң бақылауға алынып, аудан бюджетінен қажетті мөлшердегі қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда мемлекеттік  сатып  алу жұмыстары   жүргізіліп, құқық белгілейтін құжаттар рәсімделуде. Осы ғимаратқа арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету  бөлімшесі  және педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті орналастырылады деп жоспарлануда.

Жарма ауданының әкімі   Н. Сыдықов

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуы бойынша ақпарат

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша бүгінгі күнге 748 адам бағдарламаға қатысуға өтініш білдіріп, 549 адам әлеуметтік келісім-шартқа қол қойды.

Ағымдағы жылға нысаналы топ қатарына жататын адамдарды қамту жоспары 526 адам, оның ішінде:
Жұмыссыздар – 294 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 122 адам, аз қамтылғандар – 110 адам.
Бүгінгі күнге 405жұмыссыз (137%), 144өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (118%), 106аз қамтылған (96 %).
«Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыты шеңберінде 2014 жылы 11 жобаның іске асырылуы жоспарланды. Жобаларға жалпы бөлінген қаражат сомасы 272480,0 мың теңге. Оның ішінде: республикалық бюджеттен 245228,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 27252,0 мың теңге. Жалпы уақытша ашылған жұмыс орындар саны – 92, оның ішінде жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен – 51 адам уақытша жұмысқа орналасуы жоспарланды. Бүгінгі күнге барлық жобаға 46 адам жолданды.

«Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» екінші бағыты шеңберінде
2014 жылы ауданға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы бөлінетін несие көлемі 170,0 млн. теңге және СПК «Ертіс» АҚ-мы арқылы 100,0 млн.теңге. Бүгінгі күнге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 136,3 млн.теңгені құрайтын 54 жоба қаржыландырылды. Жобалардың іске асыру салалары: мал шаруашылығы – 37 жоба 88,5 млн теңге, қызмет көрсету – 7 жоба 20,5 млн теңге, өнім өндіру, қайта өңдеу – 10 жоба 27,3 млн теңге.Несие серіктестіктер арқылы 97,7 млн теңгені құрайтын 51 жоба қаржыландырылды. Жобалардың іске асыру салалары: мал шаруашылығы – 37 жоба 72,0 млн теңге, қызмет көрсету – 7 жоба 15,0 млн теңге, өнім өндіру, қайта өңдеу – 7 жоба 10,7 млн теңге.
Барлығы бүгінгі күнге 234,0 млн теңгені құрайтын 105 жоба қаржыландырылды.155 адам кәсіпкерлік негіздерінің оқу курстарын өтіп, сертификаттарын қолдарына алды.
2014 жылы жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 30,0 млн теңге қаражат бөлінген. Бүгінгі күнге Ақжал ауылындағы наубайханаға, Үшбиік ауылындағы ет өндеу цехына, Салқынтөбе ауылындағы дәмханаға және Белтерек ауылындағы наубайхана жобаларына инженерлік-коммуникация желілердің құрылыс жұмыстары аяқталған.
Делбегетей ауылдық округінің «Теренсай» аумағында орналасқан «Жұмажан» шаруа қожалығына инженерлік-коммуникация өткізу мақсатында «БЕКИ» ЖШС-мен құрылыс жұмыстарын жүргізуге келісім-шартқа отырып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Шар қаласындағы қоғамдық моншаға электр желісін және Жаңғызтөбе кентіндегі қоғамдық моншаға су құбырының құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін «ПостЭксКом» ЖШС-гі жоба-сметалық құжаттардың әзірлеу жұмыстарын аяқтап, бүгінгі күнге жоба-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтуде.

«Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағыты шеңберінде
1-ші компонент «Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»
Қайта даярлау курстарына нақтыланған жоспар бойынша 24 адамды, 5554,0 мың теңге жолдау жоспарланған. Бүгінгіге 31 адам жолданып, қаражаттың игерілуі 4634,0 мыңтеңгені құрады. Бүгінгі күнге 29 адам оқуын аяқтап, 28-і тұрақты жұмысқа орналасты.
Біліктілікті арттыру курстарына7 адам жолдау жоспарланып, оған 791,0 мың теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі күнге 7 адам жолданып,447,0 мың теңге игерілді.
Кәсіби даярлауға 15 адам 2487,0 мың теңгеге жоспарланып, бүгінгіге 18 адам 2 мамандық бойынша 10 ай мерзіміне жолданды. Қаражат игерілуі 1187,0 мың теңгені құрады.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 29 адамды 6378,0 мың теңгеге жолдау жоспарланып, 10 айда 52 адам 4416,0 мың теңгеге жолданды.
Жастар іс-тәжірибесіне 15 адам 2875,0 мың теңгеге жолдау жоспарланып, 10 айда21 адам жолданып, 1986,0 мың теңге игерілді.
2-ші компонент «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» бойынша 2014 жылға жұмыс беруші 10% қоса қаржыландыру арқылы, өз қызметкерлерін қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуіне байланысты «Жарма Құрылыс – Газ» ЖШС-гі жұмыспен қамту орталығына 2 пәтерлі 5 үй құрылысын сатып алуға сұраныс білдіріп, қазіргі уақытта 10 жанұяның тізімі нақтылануда.
Жаңаөзен ауылынан жетім қалғандар арасынан 1 жас отбасы Өскемен қаласы маңындағы Шығыс кентіне қоныстандырылды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2014 жылғы I жартыжылдығына атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Бөлімнің қызметі Қазақстан Республикасының 17.07.2001 жылғы №246-II «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы", 28.06.2005 жылғы №63-ІІІ "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" және 23.01.2001 жылғы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарын, аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген ережелерін, ауданы әкімінің қаулыларын жүзеге асыруға бағытталған. Бөлім қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері - ол аз қамтылғандардың санын азайтумен халықтың табысын арттыру мақсатындағы еңбекпен қамту, әлжуаз топтағы азаматтарға (мүгедектер, ардагерлер, жалғызбасты қарттар, аз қамтылған отбасылар) әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.

Аудан бойынша 2014 жылдың 1 жартыжылдығына жалпы жұмыссыздық деңгейі – 4,5%, ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны – 147 адам,  ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 0,6 % құрады. Жыл басынан шілде айының 1-не 730 адам жұмысқа орналастырылған. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда – 100 % сәйкес келеді. (730 адам).

Жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған іс-шараларындағы ақылы қоғамдық жұмыстарға 2014 жылдың шілде айының 1-не 1012 жұмыссыз қатысты, бөлінген 26299,0 мың теңге қаржы толық игерілді. 2013 жылы  осы  мерзімге салыстырғанда 6,7 % кем (1085 жұмыссыз қатыстырылған). 

Аумақтарды дамыту бағдарламасы кескінінде «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 12 адам жұмысқа жіберіліп, мерзімдері аяқталысымен 3 адам жұмысқа орналастырылған, бөлінген қаражат 962,5 мың теңге игерілді.  2013 жылы осы мерзімге 12 адам жолданып, 2-уі жұмысқа орналастырылған.

Кәсіби даярлауға 37 жұмыссыз оқуға жолданып, осылардың ішінен оқуын аяқтағандар – 21 адам, жұмысқа орналасқандар - 21 адам. Бөлінген қаражат 4307,0 мың.теңге игерілген.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жыл басынан 16 адам жіберілді. Келісім-шарт мерзімі біткеннен кейін толығымен жұмысқа орналастырылатын болады. 2013 жылғы жіберілген 17 адам жұмысқа орналастырылған.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2014 жылдын 1 шілдесіне 390  адамға 3236,7  мың теңге тағайындалып, төленді. 2013 жылы осы мерзімге 566  алушыға 5986,0 мың теңге төленген. Алушылар 176 адамға азайған, осыған сәйкес қаражат көлемі де 45,9%-ға азайтылды. 

Балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы 1194 алушыға 9374,1 мың теңге тағайындалып төленді. Былтырғы жылы осы кезеңге 1674 алушы болып, 13071,1 мың теңге төленген, яғни алушылар саны 480-ге және қаражат 28,3%-ға кеміген.
Тұрғын үй көмегі жыл басынан 51 алушыға 472,0 мың теңге тағайындалып төленді. 2013 жылы осы мерзімге 203 адамға азайып, тағайындалған қаражат 71,4%-ға кеміген.
Тұрмыс жағдайы төмен тұратын азаматтардың саны 3,9%-ға азайып, 2179 адамды құрады.
2014 жыл басынан мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 30 мүгедекке протездік-ортопедиялық бұйым, 5 мүгедекке  тифлотехникалық құрал, 2 мүгедек  сурдо құралмен, 35 адам гигиеналық құралмен қамтамасыз етілді, 9 мүгедекке кресло-коляскаға құжаттар әзірленіп, оның ішінен 1-уі қамтамасыз етиілді. 12 мүмкіндігі шектеулі адам санаторлық-курорттық емдеуге жіберілді. 
Үйде оқылатын 49 мүгедек балаларға  4385,5 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек төленді.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша  жыл басынан 39  адамға 472,0 мың теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмегі көрсетілді. 
2014 жылдың 1 жартыжылдығына ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне 42 дананы құрайтын «Егеменді Қазақстан», «Казахстанская правда», «Дидар», «Рудный Алтай», «Қалба тынысы», «Қала мен дала», «Страна и мир», «Дидар», «Семей таңы» басылымдарына жазылды. Осы мақсатта аудандық бюджеттен 61630 теңгеге жазылды.

Жарма ауданы бойынша туберкулез ауруының белсенді түрімен ауратындарына,  туберкулезге қарсы ауруханасының тізімі негізінде  ай сайынғы материалдық көмекке күнделікті 300 теңге мөлшерінде  жергілікті бюджеттен 1062,0 мың теңге және жол жүру ақысы 8,6 мың теңге төленді.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» және «Батыр ана», атағын алған, 4 және одан көп балалы аналарға 10,0 мың теңгеден  15810,0  мың теңге біржолғы көмек төленді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде Жарма ауданы бойынша жалғызілікті қарттар мен мүмкіншіліктері шектеулі 305 қызмет алушы  қамтылған. Оның ішінде мүмкіншіліктері шектеулі 62-бала, 18 жастан асқан ПНП бар 83-адамға және 138-жағызілікті тұратын қарттар мен мүгедектерге үй жағдайында, сондай-ақ күндізгі стационар жағдайында 22 мүмкіншіліктері шектеулі бала мен 18 жастан асқан ПНП бар адамдарға.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде аудандық облыстық медициналық ұйыммен, төлем орталығымен, психологиялық-медициналық педагогикалық ұйыммен, түзету кабинетімен, сондай ақ мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыстар жүргізіледі.
Қазіргі уақытта балалар мен мүмкіншіліктері шектеулі жандар қажеттілігіне, қабілеттілігне және даму деңгейіне қолжетімді түрде әр түрлі қызмет алуға мүмкіндігі бар.
Балалардың күндізгі уақытта орталыққа келуі кейбір ата-аналардың жұмысқа шығуына немесе өз уақытын ерікті жоспарлауға мүмкіншілік берді.

Күндіз келетін балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін сенсорлық бөлме құрылды, тек қана психо-эмоциональдық түзету емес сауықтыру жобасына ыңғайлы жағдай жасалды. Орталықтың тренажорлармен жабдықталуы баланың психо-эмоциональды жағдайына және тірек-қимыл апаратына, жеңіл аяқ және қол маторикасы үшін, модуль-гаечка тақтасы, құм бұлау үстелі, музыкалы кресло жастық, сенсорлық жол, панно түрлі-түсті динамикалық жарық колонкасы, пано қисық айнасы және жұмсақ кубтардың маңызы аз емес.

Мүмкіншіліктері шектеулі жандардың және олардың ата-аналарының қызғушылғы тек қана арта түсуде. Орталықта бекітілген кесте бойынша іс-шаралар үнемі өткізіліп, аудан әкімінің ресми сайтына жарияланады.
Жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге, аулаларын тазартуға, бау-бақшаларын қалыпқа келтіру және басқада да шарауашылық жөніндегі  жұмыстарын орталықтың әлеуметтік қызметкерлері ұйымдастырып көмек көрсетеді.

 2014 жылдың 6 айында 254 адам «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысуға өтініш білдіріп, 150 адам әлеуметтік келісім-шартқа қол қойды. Оның ішінде нысаналы топ қатарынан 73 жұмыссыз, 75 өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 18 аз қамтылған және 5 мүгедек.

Бағдарламаның бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» шеңберінде2014 жылы 9 жобаның іске асырылуы жоспарланған. Жобаларға жалпы бөлінген қаражат сомасы 234538,0 мың теңге. Оның ішінде: республикалық бюджеттен 211080,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 23458,0 мың теңге. Жалпы уақытша ашылған жұмыс орындар саны – 74, оның ішінде жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен – 38 адам уақытша жұмысқа орналасуы жоспарланды. Жоспарланған жобаларға 6 ай ішінде 24 адам жолданды.
1. Сұлусары ауылындағы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепті күрделі жөндеу жұмыстарын іске асыру барысында 12 уақытша жұмыс орыны ашылып, оның ішінен жұмыспен қамту орталығыарқылы 6адам жолданды, мердігер – «Жарма - Курылыс» ЖШС-гі.
2. Белтерек ауылындағы Қажыгелды атындағы орта мектептің шатырына ағымды жөндеу жұмыстарын іске асыру барысында 5 уақытша жұмыс орыны ашылып, оның ішінен жұмыспен қамту орталығы арқылы 3 адам жолданды, мердігер – «БЕКИ» ЖШС-гі.
3. Қалбатау ауылындағы Абай атындағы көп салалы мектеп гимназиясы интернатының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын іске асыру барысында 10 уақытша жұмыс орынын ашу жоспарланып отыр, оның ішінде 5 адам жұмыспен қамту орталығынан жолданды, мердігер – «ҮМІТ-СЕМЕЙ» ЖШС-гі.
4. Үшбиік ауылындағы ауылдық клуб ғимаратына ағымды жөндеу жұмыстарына 4 уақытша жұмыс орыны ашылып, жұмыспен қамту орталығы арқылы 2 адам жолданды, мердігер – «Тайл - Транс» ЖШС-гі.
5. Жарма кентіндегі клуб ғимаратын ағымды жөндеу жұмыстарына7 уақытша жұмыс орыны ашылып, оның ішінде жұмыспен қамту орталығынан 3 адам жолданды, мердігер – «Тайл - Транс» ЖШС-гі.
6. Шар қаласындағы Карелин атындағы орта мектептің бас ғимаратына ағымды жөндеу жұмыстарына 2 уақытша жұмыс орыны ашылып, жұмыспен қамту орталығынан 1 адам жолданды, мердігер – «Тайл - Транс» ЖШС-гі.
7. Шар қаласындағы Карелин атындағы орта мектептің спорттық залының кіші корпусының ғимаратына ағымды жөндеу жұмыстарына 2 уақытша жұмыс орыны ашылып, жұмыспен қамту орталығынан 1 адам жолданды, мердігер – «Тайл - Транс» ЖШС-гі.
8. Қалбатау ауылындағы №1 Медицина бірлестігінің ғимаратының шатырына, су құбырына және кәріс желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарына 16 уақытша жұмыс орыны ашылып, жұмыспен қамту орталығы арқылы 12 адам жолданды, мердігер – «ПСК Өскемен құрылыс» ЖШС-гі.
9. Шар қаласындағы Тәуелсіздік көшесінің 3 шақырым жолына орта жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 16 уақытша жұмыс орыны ашылып, орталық арқылы 8 адам жолданды, мердігер – «Жарма тас жолы» ЖШС-гі.

«Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» екінші бағыты шеңберіндеЖарма ауданы бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» шеңберінде 2011-2013 жылдар аралығында барлығы 461,4 млн. теңгені құрайтын 256 жоба қаржыландырылған. Оның ішінде, 168 жоба (65,6 %) мал шаруашылығы, 51 жоба (20 %) қызмет көрсету, 31 жоба (12,1 %) өнім өндіру және қайта өңдеу және 6 жоба (2,3 %) басқа салалар (балық, құс, ара шаруашылығы және көкөніс өсіру) жобалары қаржыландырылды.Жобаларды іске асыру барысында 450 жаңа жұмыс орынын ашу жоспарланған, қазіргі танда 294 жаңа жұмыс орыны ашылған. Сонымен қатар 258 адам кәсіпкерлік негіздерінің оқу курстарын өткен.
2014 жылы ауданға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 170,0 млн. теңгеге және СПК «Ертіс» АҚ-мы арқылы 100,0 млн.теңгеге несие көлемі жоспарланған. Бүгінгі күнге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы88,8 млн.теңгені құрайтын 34 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде салалар бойынша: мал шаруашылығы – 22 жоба 55,7 млн. теңгеге, қызмет көрсету – 4 жоба 10,8 млн. теңгеге, өнім өндіру және қайта өңдеу – 8 жоба 22,3 млн. теңгеге.
Несие серіктестік арқылы 52 адам 100,0 млн.теңгеге несие алуға құжаттарын тапсырған. Соның ішінде «НС «Жарма-2020» арқылы 37 адам 68,0 млн. теңгеге, «НС «Ақшабай-2020» арқылы 8 адам 15,5 млн. теңгеге, «НС «Ақжан-Несие» арқылы 7 адам 16,5 млн. теңгеге. Аталған несиелер келесі жобаларды іске асыруға бағытталған: мал шаруашылығы – 33 жоба 61,3 млн. теңгеге, қызмет көрсету – 12 жоба 30, млн. теңгеге, өнім өндіру және қайта өңдеу – 6 жоба 8,7 млн. теңгеге.
2013 жылы ауданда кәсіпкерлікті дамыту картасы әзірленіп, оған округтерден несие алушылардың ұсыныстары енгізілді. Сонымен қатар аудан әкімімен өнім өндіру, қызмет көрсету саласын дамытуға бағытталған жоспар тапсырма бекітіліп, әр қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне жеткізілген.
Бөлім тарапынан жаңадан ашылған жұмыс орындарына орналасқан жұмыскерлердің ай сайынғы жіберілген міндетті зейнетақы аударымдарын тексерілгендіктен, қатысушы несие алған соң салық басқармасында міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі қажет. Сондықтан несие алушы өзіне және жұмысқа қабылдаған жұмысшысына міндетті зейнетақы аударымдарын жіберуі тиіс.
Жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 2014 жылы 30,0 млн. теңге бөлінді. 2011-2013 жылдар аралығында 7 жобаға қорытынды беріліп, осы жобаларға жобалы-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен. 2013 жылы екі жобаға электр желісімен, су құбыры тартылған. Қазіргі танда 5 жобаға құрылыс жұмыстарын жүргізуге және Шар қаласындағы, Жаңғызтөбе кентіндегі қоғамдық монша жобаларына жобалы-сметалық құжаттар әзірлеуге конкурс жарияланды.

«Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағытының1-ші компоненті бойынша:
Ағымды жылы кәсіби оқытуға 40 адамның жолданылуы жоспарланып, оған 7526,0 мың теңге бөлінген. Оның ішінде:

Қайта даярлаукурстарына 20 адамды оқыту жоспарланып, нақтысында 26 адам жолданды. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 4436,0 мың теңге қаражат бөлініп, 3814,0 мың.теңге қаражат игерілді.
Мамандық кескінінде: «Жарма ауданының ветеринарлық қызметі» КМК-ың тапсырысына сәйкес «Қолдан ұрықтандыру» мамандығына 12 адам «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжіне» 2 ай мерзіміне және «Жарма Проект ЛТД» ЖШС-гі, Жарма Құрылыс Газ» ЖШС-гі, ЖК «Есеркепов» тапсырысына сәйкес «Плотник – бетоншы» мамандығы бойынша 14 адам «Құрылыс колледжіне» 3 ай мерзіміне жолданылды.
«Қолдан ұрықтандыру» мамандығы бойынша оқыған 12 адам оқуын аяқтап, 10-ы тұрақты жұмысқа орналасты.
РАЗИЙ» ЖШС-гі және «Керуен» кешенінің тапсырысына сәйкес шілде айында Өскемен қаласындағы «Дедеман» бес жұлдызды қонақ үйінде «Қонақ үй администраторы» мамандығына 2 адам және «Бармен-даяшы» мамандығына 2 адамды оқыту жоспарлануда.

Біліктілікті арттырукурстарынатамыз айынан 5 адамды жолдау жоспарланып, осы мақсатқа 603,0 мың теңге қаражат бөлінген.
Жұмыс беруші жеке кәсіпкерлер «Тахауй Т.» және «Кәкен К.» тапсырысына сәйкес 2 адамды Алматы қаласындағы «Сымбат» сән академиясына «Тігінші» мамандығына оқытылуы жоспарланып отыр. Сонымен қатар «Есепші» мамандығына да оқыту жоспарлануда.
Кәсіби даярлауға15 адам слесарь КИПиА мамандығы бойынша. «Еңбек Өскемен» және «Казахцемент» ЖШС-гі тапсырысы негізінде жолдау жоспарланып,оған 2487,0 мың теңге бөлінген. Бүгінгі күнге «Казахцемент» ЖШС-гі оқыту мергімінің ұзақ болуына байланысты (10 ай) оқыту келісім-шартына қол қоюдан бас тартуда.

Әлеуметтік жұмыс орындарына50 адамның жолданылуы жоспарланып, 11 344,0 мың теңге қаражат бөлінген.6 айда әлеуметтік жұмыс орындарына 41 адамжолданып, 3770,0 мың теңге игерілген.

Жастар іс-тәжірибесіне15 адамның жолданылуы жоспарланып, 2875,0 мың теңгеге қаражат бөлінген. 6 айда 12 адам жолданып, 1-уі тұрақты жұмысқа орналасты. Қаражат игерілуі 477,0 мың теңгені құрайды.

2-ші компонент «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру»бойынша 2014 жылға жұмыс беруші 10% қоса қаржыландыру арқылы, өз қызметкерлерін қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуіне байланысты «Жарма Құрылыс – Газ» ЖШС-гі жұмыспен қамту орталығына 2 пәтерлі 5 тұрғын үйді сатып алуға сұраныс білдірді. Жыл басынан Жаңаөзен ауылынан жетім қалғандар арасынан 1 жас отбасы Өскемен қаласы, Шығыс кентіне жаңа үйге қоныстандырылды.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2014 жылғы I тоқсанына атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Бөлімнің қызметі Қазақстан Республикасының 17.07.2001 жылғы №246-II «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы", 28.06.2005 жылғы №63-ІІІ "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" және 23.01.2001 жылғы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарын, аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген ережелерін, ауданы әкімінің қаулыларын жүзеге асыруға бағытталған.  
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері - ол аз қамтылғандардың санын азайтумен халықтың табысын арттыру мақсатындағы еңбекпен қамту, әлжуаз топтағы азаматтарға (мүгедектер, ардагерлер, жалғызбасты қарттар, аз қамтылған отбасылар) әлеуметтік көмек көрсету болып табылады.
Аудан бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі – 4,5%, ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны – 151 адам, ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі – 0,6 % құрады.
Жыл басынан қараша айының 1-не 1435 адам жұмысқа орналастырылған. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда – 0,5 % артық (1428 адам)
Жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған іс-шараларындағы ақылы қоғамдық жұмыстарға 2013 жылдың қараша айының 1-не 1733 жұмыссыз қатысты, бөлінген 41976,0 мың теңге қаржы толық игерілді. 2012 жылы осы мерзімге салыстырғанда 2,1 % артық (1698 жұмыссыз қатыстырылған).
Аумақтарды дамыту бағдарламасы кескінінде «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 55 адам жұмысқа жіберіліп, мерзімдері аяқталысымен 18 адам жұмысқа орналастырылған, бөлінген қаражат 3392,5 мың теңге игерілді.  2012 жылы осы мерзімге 34 адам жолданып, 7-сі жұмысқа орналастырылған.

Кәсіби даярлауға 60 жұмыссыз оқуға жолданып, осылардың ішінен оқуын аяқтағандар – 57 адам, жұмысқа орналасқандар - 56 адам. Бөлінген қаражат 3537,7 мың.теңге игерілген.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жыл басынан 24 адам жіберіліп, 1555,5 мың теңге қаражат игерілген. Келісім-шарт мерзімдері аяқталысымен келісім-шартқа сәйкес 13 адам жұмысқа орналасты, ал қалғаны келісім-шарт аяқталысымен жұмысқа орналастырылады. 2012 жылғы жіберілген 28 адам жұмысқа орналастырылған.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2013 жылдын 1 қарашысына 612 адамға 9588,2 мың теңге тағайындалып, төленді. 2012 жылы осы мерзімге 1237 алушыға 14174,3 мың теңге төленген. Алушылар 625 адмаға азайған, осыған сәйкес қаражат көлемінде 32,3%-ға азайған.
Балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы 1816 алушыға 20348,5 мың теңге тағайындалып төленді. Былтырғы жылы осы кезеңге 2178 алушы болып, 24138,2 мың теңге төленген, яғни алушылар саны 362-ге азайып, қаражат 15,7%-ға кеміген.
Тұрғын үй көмегі жыл басынан 431 алушыға 3415,7 мың теңге тағайындалып төленді. 2012 жылы осы мерзімге 181 адамға көбейіп, тағайындалған қаражат 44,5%-ға өскен.
Тұрмыс жағдайы төмен тұратын азаматтардың саны азайып, 2255 адам құрады, немесе 4% азайды.
2013 жыл басынан мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 44 мүгедекке протездік-ортопедиялық бұйым, 20 мүгедекке тифлотехникалық құрал, 2 мүгедекке сурдо құралға құжаттары рәсімделді, 47 адамға гигиеналық құралмен қамтамасыз етілді. 6 мүмкіндігі шектеулі адам санаторлық-курорттық емдеуге жіберілді.
ҰОС қатысушылары мен оларға теңестірілгендер, мүгедектер және зейнеткерлер қатарынан шипажай мекемелерінде денсаулықтарын жақсартуға 40 адам жолданды.
Үйде оқылатын мүгедек балаларға материалдық көмек төлеуге 52 балаға 8 АЕК мөлшерінде 6840,9 теңге төленді.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жыл басынан 2142 адамға 9546,5 мың теңгенің қосымша әлеуметтік көмегі көрсетілді.
Азық - түліктің бағаларының өсуіне байланысты аудан бюджетінен аз қамтылған отбасыларындағы азаматтарға 2013 жылдың 1 шілдеге 1300 адамға 13,507 мың теңге (0,6АЕК) материалдық көмек төленді.  
«Қайырымдылық айлығы» акциясы барысында 521 қарт адамдарға 1302,5 мың теңге материалдық көмек көрсетілді және «Мүгедектер күніне» І,ІІ,ІІІ топтағы 1343 мүгедектерге 3357,5 мың теңге көмек көрсетілді.
Жыл сайын «Егеменді Қазақстан», «Казахстанская правда», «Дидар», «Рудный Алтай», «Қалба тынысы», «Қала мен дала», «Страна и мир», басылымдары ардагерлерге, мүгедектерге, аз қамтылған отбасыларына жаздырылып, осы мақсатта аудан бойынша 640 дана басылымға 932,1 мың теңге жұмсалды.
Жарма ауданы бойынша туберкулез ауруының белсенді түрімен ауратындарына, туберкулезге қарсы ауруханасының тізімі негізінде ай сайынғы материалдық көмекке күнделікті 300 теңге мөлшерінде жергілікті бюджеттен 2045,4 мың теңге және жол жүру ақысы 10,8 мың теңге төленді.
240 ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілгендерге ай сайын 2,0 және 5,0 мың теңгеден коммуналдық қызметке 8474,0 мың теңге төленді.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» және «Батыр ана», атағын алған, 4 және одан көп балалы аналарға 10,0 мың теңгеден 16330,0 мың теңге біржолғы көмек төленді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде Жарма ауданы бойынша жалғызілікті қарттар мен мүмкіншіліктері шектеулі 306 қызмет алушы қамтылған, оның ішінде мүмкіншіліктері шектеулі 60-бала, 18 жастан асқан ПНП бар 80-адамға және 144-жағызілікті тұратын қарттар мен мүгедектерге үй жағдайында, сондай-ақ күндізгі стационар жағдайында 22 мүмкіншіліктері шектеулі бала мен 18 жастан асқан ПНП бар адамдарға.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде аудандық облыстық медициналық ұйыммен, төлем орталығымен, психологиялық-медициналық педагогикалық ұйыммен, түзету кабинетімен, сондай ақ мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыстар жүргізіледі.
Ағымдағы жылда Орталық бойынша Шар қаласы мен Әуезов кентінде арнаулы жабдықталған күндізгі стационар бөлмелері іске қосылып, мамандардың штаттық көлемі өсті. Қазіргі таңда Жарма ауданы әкімдігінің «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» стандартта белгіленген нормативтерімен сәйкес 73,75 штаттық бірлік мөлшерлемесімен жұмысты іске асыруда.
Қазіргі уақытта балалар мен мүмкіншіліктері шектеулі жандар қажеттілігіне, қабілеттілігне және даму деңгейіне қолжетімді түрде әр түрлі қызмет алуға мүмкіндігі бар.
Сапалы түрде қызмет көрсетуге 4,187 млн. теңге сомаға техникамен қамтамасыз етіліп және барлық қажетті құрал жабдықтар алынды.
Балалардың күндізгі уақытта орталыққа келуі кейбір ата-аналардың жұмысқа шығуына немесе өз уақытын ерікті жоспарлауға мүмкіншілік берді.
Күндіз келетін балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін сенсорлық бөлме құрылды, тек қана психо-эмоциональдық түзету емес сауықтыру жобасына ыңғайлы жағдай жасалды
Орталықтың тренажорлармен жабдықталуы баланың психо-эмоциональды жағдайына және тірек-қимыл апаратына, жеңіл аяқ және қол маторикасы үшін, модуль-гаечка тақтасы, құм бұлау үстелі, музыкалы кресло жастық, сенсорлық жол, панно түрлі-түсті динамикалық жарық колонкасы, пано қисық айнасы және жұмсақ кубтардың маңызы аз емес.
Мүмкіншіліктері шектеулі жандардың және олардың ата-аналарының қызғушылғы тек қана арта түсуде.
Орталықта бекітілген кесте бойынша іс-шаралар үнемі өткізіліп, аудан әкімінің ресми сайтына жарияланады.
Жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге, аулаларын тазартуға, бау-бақшаларын қалыпқа келтіру және басқада да шарауашылық жөніндегі жұмыстарын орталықтың әлеуметтік қызметкерлері ұйымдастырып көмек көрсетеді.

 

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыру бойынша

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 2013 жылдың басынан 416 адам кеңес алып, 320 адам келісім-шартқа қол қойды.
«Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бағыты аясында ағымдағы жылы 6 жоба 255,493 млн.теңгеге жоспарланып, 44 адамның 50%-ы жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданды.
2013 жылы Үшбиік ауылы бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 4 жоба іске асырылды. Олар: Үшбиік ауылдық округіндегі емханалық амбулоторияның құрылысына, Үшбиік ауылындағы 17 Ақын, Байғара би көшесіне орта жөндеу жұмыстарына және Үшбиік ауылын абаттандыру жұмыстарына жіберілді. 4 жобаға республикалық қаражат есебінен 210,788 млн. теңге. Орталықтың жолдамасымен 10 адам жұмысқа орналасты.
Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен Жарық ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектептің шатырына, кәрізіне және ғимараттың ішкі жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 6 адам жолданды. Жобаға бөлінген қаражат сомасы – 36,9 млн. теңге.
Осы жылы Шалабай ауылында "Жеңіс саябағына" ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жобасы іске асырылды. Саябаққа 7,8 млн. теңге қаражат бөлінді. 2 адам ауқытша жұмысқа орналасты.
Бүгінгі күнге барлық жобалар жұмысын аяқтап, қаражат 100%-а игерілді.
«Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» екінші бағыты бойынша 2013 жылы ауданға 1 траншпен 165,0 млн.теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде: «Ертіс» АҚ-мы арқылы 150,0 млн.теңге және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мы арқылы 15,0 млн.теңге. Аудандық комиссиямен 150,0 млн.теңгені құрайтын 91 жоба іріктеліп, жергілікті несие серіктестік арқылы 88 жоба 144,35 млн.теңге және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 8 жоба 18,2 млн.теңгеге қаржыландырылды. Сонда барлығы 96 жоба 162,55 млн.теңгеге несиелендірілген. Оның ішінде: мал шаруашылығы - 72 жоба, құрылыс материалдарын өндіру - 4 жоба, жеңіл өнеркәсіп - 7 жоба, қызмет көрсету - 13 жоба. Жаңа жобалардың ашылу барысында алдағы бес жылда 144 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Сонымен бүгінгі күнге 125 нақты жұмыс орын ашылып отыр. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша бірінші транш аясында 95 адам кәсіпкерлік негіздерінің оқу курстарын өтіп, қолдарына сертификаттарын алды.
Екінші транш аясында ауданға «Ертіс» АҚ-мы арқылы 100,0 млн,теңге және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мы арқылы 15,0 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі таңда несие серіктестіктер арқылы 99,95 млн.теңгені құрайтын 39 жоба іріктеліп, қаржыландыруға жоспарланып отыр. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мы арқылы бүгінгі таңда 26,7 млн.теңгені құрайтын 14 жоба қаржыландырылды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы екінші транш аясында қаржыландырылған жобалардың іске асыру негізгі салалар: мал шаруашылығы – 13 жоба, қызмет көрсету – 1 жоба. Екінші транш бойынша 55 адам кәсіпкерлік негіздерінің оқу курстарын өтіп, қолдарына сертификаттарын алды.
2011-2012 жылдары алған несие алушыларды бағдарламаға бөлінген қаражаттың мақсатты игерілуін тексеру үшін 2 жұмыс тобы құрылып мониторинг жүргізді. Нәтижесінде барлық несие алушылардың бизнес жоспар бойынша несиелері мақсатты пайдалануы анықталды. Ай сайынғы несиені қайтару, несиені өтеу кестесіне сәйкес толығымен орындалуда.
Бағдарламаныңүшінші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»бойынша ағымдағы жылы кәсіби оқытуға жоспар бойынша 90 адам бекітілген. Оның ішінде: қайта даярлау курстарына 50 адам, біліктілікті арттыру курстарына 15 адам және жартылай жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмысшылар қатарынан 25 адам.
Қазіргі таңда қайта даярлау курстарына 50 адам, 5 мамандыққа  жолданып, түгелі оқуларын аяқтап, 48-і жұмысқа орналасты (96%).
Біліктілікті арттыру курстарына 15 адам 2 мамандық бойынша жолданып, түгелі оқуын аяқтап, жұмысқа 100% орналасты.
Жартылай жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмысшылар қатарынан 41 адам, 2 мамандық бойынша оқуға жолдандып, оқуын түгелі аяқтап 100%жұмысқа орналасты.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 10 ай ішінде 61 адам жолданып, 26 адам келісімшарттың мерзіміне сәйкес тұрақты жұмысқа орналасты.
Жастар іс-тәжірибесіне жоспарға сәйкес 40 адам жолданған,оның 10 адамы келісімшарттың мерзіміне сәйкес тұрақты жұмысқа орналасты.
Бағдарламаның 3-ші бағыты көшіру жұмыстарын белсендіру мақсатында оралмандармен және экономикалық әлеуеті төмен елді-мекендер тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген.Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында Қарақойтас стансасынан 5 жанұя, Жіңішке ауылынан 4 жанұя Семей қаласына және Дельбегетей стансасынан 1 жанұя Риддер қаласына көшуге ниет білдіріп, құжаттарын Жұмыспен қамту орталығына тапсырылған.
Өскемен қаласына 12 отбасы көшіруге жоспарланған. Бүгінгі күнге оралмандар тізімінен 3 отбасы көшуге ниет білдіруде, құжаттары толығымен дайын.
Қанатқақтық жоба бойынша үй құрылысын сатып алу үшін 2013 жылы «Жарма құрылыс газ» ЖШС-нің қатысуыменжұмыс беруші10% қоса қаржыландыру арқылы, өз қызметкерлерін қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуіне байланысты Қалбатау ауылында бір жеке қызметтік, төрт екі пәтерлі және екі пәтерлі үйдің бір пәтері салынып, қазіргі уақытта қоныстанатын 10 жанұяның тізімі дайын.

 

Парақтар өзгертілді: 16-04-2018