Әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2016 жылдың көлемінде атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Бөлімнің қызметі Қазақстан Республикасының 17.07.2001 жылғы №246-II «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы", 28.06.2005 жылғы №63-ІІІ "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" және 06.04.2016 жылғы № 482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарын, аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген ережелерін, аудан әкімінің қаулыларын жүзеге асыруға бағытталған. 
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері - ол аз қамтылғандардың санын азайту мен халықтың табысын арттыру мақсатындағы еңбекпен қамту, әлжуаз топтағы азаматтарға (мүгедектер, ардагерлер, жалғызбасты қарттар, аз қамтылған отбасылар) әлеуметтік көмек көрсету, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлеу, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыру болып табылады.
Осы мақсатта аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  мемлекеттік мекемесінің құрамында Жұмыспен қамту Орталығы,  мүмкіншіліктері шектеулі мүгедек балалар мен 18 жастан асқан ПНП бар адамдарға үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі және жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі жұмыс істейді.
2016 жылдың көлемінде салаға бөлінген бюджет көлемі 264,4 млн. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет – 64,8 млн. теңге, облыстық бюджет – 28,7 млн. теңге және аудан бюджетінің қаражаты - 170,9 млн. теңге.
Жұмыспен қамтуға бағытталған іс-шаралар:
Аудан бойынша статистика мәліметтеріне сәйкес 2017-жылдың 1- қаңтарына жалпы жұмыссыздар саны 989 адамды құрап, былтырғы жылдан 71 адамға азайды. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,7% мөлшерінде қалыптасып, ресми тіркелген жұмыссыздар саны 135 адамды құрады. Жыл басынан 1116 адам жұмысқа орналастырылып, 837 жаңа жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде 305 - тұрақты,  532 - уақытша және маусымдық жұмыс орындары құрылған.
  Жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған іс-шаралар бойынша «Аумақтарды дамыту» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдаламалары аясында ақылы қоғамдық жұмыстарға жыл көлемінде 748 жұмыссыз қатысып, бөлінген 39700,0 мың теңге қаржы толық игерілді.
«Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы бойынша аудан көлемінде 47 адам жұмысқа жіберіліп, мерзімдері аяқталысымен  23 адам жұмысқа  орналастырылды, бөлінген  қаражат  7790,7 мың теңге толық игерілді игерілді.
Ағымдағы жылы аудан бойынша барлығы 18 адамды кәсіби оқытуға 2595,0 мың теңге қаражат игерілді. Оның ішінде: қайта даярлау курстарына 18 адамға 1777,0 мың теңге және кәсіби даярлауға 3 адамға 818,0 мың теңге бөлінді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына аудан көлемінде жыл басынан 39 адам жіберіліп, 3541,0 мың теңге қаражат игерілді. Келісім-шарт мерзімдері аяқталысымен 32 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Нысаналы топтарға жатқызылған жұмыссыздар қатарынан: 13 мүгедек, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған 10 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолданды.

Әлеуметтік төлемдер мен көмектер:

2017-жылдың 1- қаңтарына тұрмыс жағдайы төмен азаматтардың саны 16,1%-ке азайып, 1695 адамды құрады. Өткен жылдың осы кезеңіне 2021 адамды құраған болатын.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жыл көлемінде 307 адамға тағайындалып, 4650,0 мың теңге төленді. 2015 жылы 244 алушыға 5965,0 мың теңге төленген.
Балалы  отбасыларға берілетін  мемлекеттік  жәрдемақы  1513 алушыға тағайындалып, 23200,2 мың теңге төленді. Былтырғы жылы 1389 алушы болып, 24248 мың теңге төленген.
Жыл қорытындысы бойынша 125 отбасындағы 551 адамға «Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша шартты ақашалай көмек тағайындалып төленді, оның құрамында: 18 жасқа дейінгі балалар саны - 334, үш жасқа дейінгі балалар және 1,2-топтағы мүгедектер 63 адам. Жұмысқа жарамды адамдар саны - 151, оның ішінде тұрақты жұмыстары болғандар саны - 8, жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларына қатысқандар саны - 143. Барлығына республикалық және аудандық бюджеттен 26774,0 мың теңге төленді.
Тұрғын үй көмегі 767 алушыға тағайындалып, 7000,0 мың теңге төленді. Өткен жылы бұл мақсатқа 6300,0 мың теңге бөлініп, 720 алушыға тағайындалған болатын.
Ауылдық елді-мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамтамасыз ету, спорт және ветеринария саласының 1711 маманына отын алуға әлеуметтік көмек түрінде 17200,0 мың теңге төленді. Осы мақсатқа 2015 жылы 16926,0 мың теңге қарастырылып, 1727 аушыға төленген.

Жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде барлық бюджеттер деңгейінен 2019 адамға 66058,1 мың теңге төленген, оның ішінде:
«Шаңырақ» кешенді жоспары негізінде төртінші балаға босанған аналарға 50,0 мың теңгеден төленетін жәрдемақы 99 адамға 4950,0 мың теңге көлемінде бюджеттен төленді.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» және «Батыр ана» атағын алған 1002 анаға, төрт және одан да көп балалы 513 анаға 10,0 мың теңгеден  15150,0  мың теңге біржолғы көмек төленді.
Облыс әкімі грантымен облыстың жоғары оқу орындарында оқитын 20 студентке 2016 жылы 27564,0 мың теңге көлемінде оқу ақысына, шәкіртақыға және жатақханада тұрғаны үшін жеке шоттарына қаражат аударылды.  2016 жылы жоғарғы оқу орынын облыс әкімінің грантымен 11 студент бітіріп шықты. Бүгінгі күнге 9 студент оқуларын жалғастыруда.  Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист-жауынгерлерді еске алу күніне 57 адамға әрқайсысына 65,0 мың теңгеден 3705,0 мың тенге төленді.
Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күніне (Чернобыль апаты) қатысушыларға 18 адамға 65,0 мың теңгеден 1170,0 мың теңге және оларға теңестірілген 11 адамның әрқайсысына 5,0  мың теңгеден  55,0 мың теңге төленді.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс бір жылдығына орай, қатысушылары мен мүгедектеріне әрқайсысына 590,0 мың теңгеден 9 адамға 5310,0 мың теңге және ҰОС теңестірілгендер мен мүгедектеріне барлығы 121 адамға 3120,0 мың теңге мемлекет тарапынан берілді.
Қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтардың өтініші негізінде жыл көлемінде 127 адамға 2642,2 мың теңгенің әлеуметтік көмегі (дәрі-дәрмекке, киім-кешекке, азық-түлікке т.б.) төленді.
Жарма ауданы бойынша туберкулез ауруының белсенді түрімен ауыратын 24 адамға қосымша көмек ретінде 2391,9 мың теңге мөлшерінде жергілікті бюджеттен ай сайынғы материалдық көмек төленді.

Мүгедектерді әлеуметтік қолдау:
Жарма ауданының «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМКМ мәліметі бойынша мүгедектер саны 1375 адамды құрайды, оның ішінде 1,2- топтағы мүгедектер саны 662 адам, 3-топтағы мүгедектер саны 574 адам, 18 жасқа дейінгі бала-мүгедектер саны 139 адам.
2016-жылдың басынан мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 102 мүмкіншілігі шектеулі жанға протездік-ортопедиялық бұйым, 54 жанға тифлотехникалық құрал, 16 адамға арбаша беріліп, 33 мүмкіндігі шектеулі адам санаторлық-курорттық емделуге жолдама алып, шипажайға барды. Гигиеналық құрал-жабдықтарға бюджеттен 8421,7 мың теңге бөлініп, 69 адам адам қамтылды.

ҰОС қатысушылары мен оларға теңестірілгендер, мүгедектер және зейнеткерлер қатарынан шипажай мекемелерінде денсаулықтарын жақсартуға 80 адам жолданды.
Үйде оқытылатын 32 мүмкіншілігі шектеулі балаға жыл көлемінде материалдық көмек ретінде 8 АЕК мөлшерінде 6351,5 мың теңге төленді. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетумен Жарма ауданы бойынша жалғызілікті қарттар мен мүмкіншіліктері шектеулі 298 қызмет алушы  қамтылған, оның ішінде 51 бала, 18 жастан асқан психо-неврологиялық потологиясы бар 76 адам және 149 жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге үй жағдайында, сондай-ақ Шар қаласы мен Әуезов кентінде күндізгі жартылай стационарлық жағдайда 22 мүмкіншіліктері шектеулі бала мен 18 жастан асқан психо-неврологиялық патологиясы бар адамдар қызмет алуда.

Аудан әкімі Нұрлан Бәтташұлының қолдауымен Шар қаласында күндізгі жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің жаңа ғимараты ашылды.
2016 жылы арнаулы  әлеуметтік  қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге  бюджеттен  70,6 млн. теңгеден астам қаражат бөлініп отыр.
Бұл салада 73 әлеуметтік қызметкер қызмет атқарады. Сонымен қатар арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылмаған жалғызілікті қарттар мен мүмкіншілігі шектеулі жандарды облыстық басқарманың жариялаған мемлекеттік тапсырысы негізінде «Жарма ауданының әлеуметтік серіктестігі» Қоғамдық қоры арқылы қосымша 28 қызметке мұқтаж адамды қамтып отыр. Әлеуметтік қызметкерлер ҰОС ардагерлеріне, жауынгер жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне, жалғыз басты қарттардың тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге, аулаларын тазартуға, бау-бақшаларын қалыпқа келтіру, азық-түліктерін жеткізу және басқада да жұмыстарын ұйымдастырып, қол ұшын беруде.

 

МҰРАҒАТ

2016 жылы жергілікті атқарушы органдар және бюджеттік бағдарламалар әкімшелеріңің қаржыны игеруі туралы *.doc 23 KB
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2016 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы АҚПАРАТ
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2015 жылы атқарған жұмыстары туралы
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2014 жылы атқарған жұмыстары туралы
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуы бойынша ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2014 жылғы I жартыжылдығына атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2014 жылғы I тоқсанына атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2013 жылғы 1-ші қарашасына атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

 

Парақтар өзгертілді: 01-11-2017