Аудандық бөлімдер

Ветеринария бөлімі

Ильясов Нурлан АшкеновичИльясов Нұрлан Ашкенұлы

30 қараша 1960 жылы Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында туған. 1978 жылы Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтын мал дәрігері мамандығы бойынша, 2003 жылы Талдықорған заң колледжін заңгер мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1984 жылы «Скотоимпорт» конторасының мал дәрігері  болып бастады. 1985-1989 жылдары «Майский» совхозының мал дәрігері. 1989-1990 жылдары «Октябрьский» совхозының мал дәрігері. 1990-1996 жылдары «Расцвет» колхозының  бас мал дәрігері. 1996-1999 жылдары «Арай» ЖШС-нің бас мал дәрігері. 1999-2000 жылдары ОВ 156/16 мекмесінің жабдықтау бойынша агент. 2000-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарында қызмет атқарды. 2013-2014 жылдары  «Тілек» шаруа қожалығында бригадир. 2014-2015 жылдары «Жарма ауданының ветеринарлық қызметі» КМК-нің мал дәрігері қызметтерін атқарды. 2015 жылдың 4 маусымынан қазіргі уақытқа дейін «Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ветернария бөлімі» ММ-нің басшысы.

kn   Мекен-жайы: Қалбатау ауылы, Қабанбай көшесі, 142 үй 
kn   Телефон: 8 (723 47) 61-811
kn   E-mail: vetotdel.zharma@mail.
kn   Қабылдау  уақыты: күнделікті  9-00–ден 18-00–ге  дейін

Бөлімнің негізгі лауазымдық міндеттері
Бөлім мамандарына жалпы басшылық жүргізіп, бөлімге жүктелген тапсырмалардың орындалуы үшін дербес жауапты болады, лауазымдық міндеттерді қызметкерлер арасында және олардың жауапкершілік деңгейлерін үлестіреді. Мал дәрігерлігінің негізгі бағыттарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, даму тенденциялары мен көріністерін белгілейді, ауылшаруашылық жануарлардың ауруларымен күресу бойынша жоспарларды жасап шығару жұмысын ұйымдастырады, ауылшаруашылық жануарлардың ауруларының мал дәрігерлік мониторингін жүргізіп, бұл аурулардың пайда болуына жол бермеу шараларын қабылдайды. Қала мен ауылдық округтері бойынша эпизоотияға қарсы барлық аурулардың жүргізілуін ұйымдастырады. Ағымдағы және бақылау хаттарына жауаптарды дайындайды. Мал дәрігерлігі мәселелері жөнінде қала әкімінің шешімдерін, қалалық әкімдіктің қаулыларын даярлайды. Мал дәрігерлігі мәселелері жөнінде қалалық шараларды жүргізуді ұйымдастырған кезде, материалдарды, ақпараттарды дайындайды. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алуға арналған мал дәрігерлік дәрілердің сақталуын, тасымалдануын (жеткізіліп берілуін) ұйымдастырады. Мал дәрігерлік қызметтің озық жұмыс тәжірибесін зерттеп, оның таратуға қатысады. Белгіленген талаптарға сәйкес сапа менеджментінің жүйесі құжаттарын басқару бойынша жұмысты ұйымдастырады. СМЖ бойынша сапаны ішкі тексеру нәтижелері бойынша түзету және ескерту әрекеттерін жасап шығарады және осы жасалып шығарылған түзету және ескерту әрекеттерінің нәтижелілігіне талдау жасайды. Сапа жөніндегі кеңестің жұмысына қатысып тұрады. Белгіленген үлгідегі есептік мәліметтерді ұсынады. Бөлімге қарасты мемлекеттік кәсіпорын  мен  ветеринарлық пунктерінің жылдық жоспар бойынша ветеринарлық алдын-алу, зерттеу жұмыстарын  қадағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016