Аудандық бөлімдер

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Бастығы - Даутов Аманжол Төлеубекұлы

1955 жылдың 11 мамырында Семей облысы Жарма ауданы Қапанбұлақ ауылында дүниеге келді. Ұлты - қазақ. Еңбек жолын 1972 жылдың қазан айынан Жарма совхозында №4 фермасында вет.санитар болып бастады. 1973 және 1975 жылдар аралығында Кеңес Әскері қатарында әскери міндетін атқарды. 1975 жылдан 1980 жылға дейін Жарма совхозында спорт бойынша нұсқаушы-әдіскер. 1980 және 1983 жылдар аралығында АВШП оқуына бару себепті «Жарма совхозының» комсомол комитетінде босатылған хатшы қызметіне тіркелді. 1983 жылдан 1987 жылға дейін Алматы жоғарғы партия мектебінде төрт жылдық мерзіммен тыңдаушы болды. 1987 жылы Георгиевка ауылында Қазақстан райком компартиясының инструкторы болып тағайындалды, кейін Криуши совхозына жұмысқа жіберілді. 1988 жылы Криуши совхозында профком төрағасы қызмет атқарды. 1992 жылдан 1993 жылға дейін Криуши совхозының №1 фермасында меңгеруші. 1993 жылдың қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы. Жанұялы. Үш баланың әкесі.

Бөлімнің негізгі лауазымдық міндеттері
Бөлім өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады.

  1. Мәдениет мекемелерінде басшылықты жүзеге асыру, бұқаралық мәдени шараларды ұйымдастыру;
  2. Мәдениет мекемелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету, олардың іс-әрекетіне бақылау жасау;
  3. Мекемелер мен ұйымдар жұмыстары практикасына жұмыс формалары мен әдістерін енгізу;
  4. Мәдениет пен тілдерді дамытудың мемлекеттік, облыстық, аудандық жоспарларының негізгі бағыттарын құру;
  5. Халықаралық және республикалық, облыстық шараларға мәдени делегациялардың қатысуын қамтамасыз етеді;
  6. Мәдениет қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру ұйымдастырады;
  7. Ведомостволық бағыныстағы мекемелердің қаржылық жұмыстарына басшылық етеді;
  8. Ауданның жергілікті атқарушы органдарында «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарының, тілдерді дамыту мен қолданудың Мемлекеттік бағдарламасының орындалуын үйлестіруді және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
  9. «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша ұсыныстар мен аналитикалық материалдарды даярлауды қамтамасыз етеді;
  10. Мекемелермен, ұйымдармен мемлекеттік тілді енгізу жөнінде өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады;
  11. Аудандық ономастикалық комиссияның іс-әрекетін қамтамасыз етеді, сондай-ақ ауданның ономастикалық ісіне талдау жүргізеді;
  12. Мәдениет пен тілдерді дамыту саласында ұлтаралық қатынастардың үйлесімділігіне бағытталған, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге арналған шараларды іске асырады;
  13. Мәдениет пен тіларалық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттын мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер ұйымдастырады;
  14. Аудандағы тілдік ахуалдың мониторингін жүргізеді;
  15. Тілдік ортаны жасау, сондай-ақ мәдениет пен тілді дамытудың өзекті мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер ұйымдастырады;
  16. Орыс, ағылшын және Қазақстан халықтарының басқа тілдерінің ұйлесімді дамуы үшін жағдай жасауға жәрдемдеседі;
  17. Мемлекеттік, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың және басқа ұйымдардың тіл мен мәдениет заңнамаларын сақтау мәселесі бойынша іс-әрекеттерін үйлестіреді және бақылайды, олардың бұзылу фактілерін қарайды және шара қолдану бойынша ұсыныстар енгізеді.

Мекен-жайы:Қалбатау ауылы Әлімбетов көшесі 53
Қабылдау күндері: күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін
Телефон:8 (723 47) 65-730
E-mail: a.dautov@akimvko.gov.kz

 

Парақтар өзгертілді: 05-12-2016