Аудандық бөлімдер

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

Баилов Рауан Болатұлы Бөлім басшысы - Баилов Рауан Болатұлы
1988 жылдың 31 қазанында Семей облысы Шар қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары, 2011 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Жарма ауданы Божығұр ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман-салық агенті ретінде бастаған.    2010 - 2011 жылдары Суықбұлақ кенті әкімі аппаратының жетекші маман-салық агенті. 2011 - 2012 жылдары Жарма ауданының қаржы бөлімінің экономисті. 2012 - 2013 жылдары Жарма ауданының тұрғын үй коммуналды шаруашылық жолаушы тасымалдау және автокөлік жолдары бөлімінің жетекші маманы. 2013 - 2014 жыдары Жарма ауданының қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі. 2014 - 2018 жылдары Жарма ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі. 2018 жылдың ақпан айынан бастап «Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-нің басшысы лауазымына тағайындалды.

Функционалдық міндеттері: Аудан аумағындағы сәулет және қала құрылысын жұмыстарын, барлық құрылыс кешенінің қызметін үйлестіру, күрделі құрал мен құрылыс материалдары өнеркәсібінің базасын дамыту жөніндегі әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар жоспарларын жаңа тұрғын үй саясатының мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды әзірлеуге және келісуге қатысу, ауданның жергілікті (аумақтық) пунктің генералдық жоспарын әзірлеу, қала құрылысын үйлестіру жоспарлар кестелерін, жинақтап, көркейту жоспарларына басшылық жасау. Ауданның жергілікті аумағының дамуына байланысты әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жоспарлап бекітуге қатысу, жаңа тұрғын үй саясатының мемлекеттік бағдарламасының іске асыру жұмыстарын жүргізу. Аудан аумағындағы үйлер мен ғимараттар құрылысына, кеңейтілуіне, жөндеуіне жоба-сметалық құжаттарды әзірлеуге және олардың жүзеге асырылуына бақылау жасау. Аудандағы құрылыс өндірісімен шұғылданатын кәсіпкерлік құрылымдармен, өнеркәсіп, құрылыс материалдары кәсіпорындарымен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, құрылыс кешеніне басшылық жасау.

 Мекен-жайы: Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 98 үй
 Телефон: 8 (723 47) 65-796, 65-802
 E-mail: r.bailov@akimvko.gov.kz   
 Қабылдау уақыты: күнделікті сағат 9-00 ден 18-30 дейін

Бөлімнің негізгі лауазымдық міндеттері
1. Елді мекендердің бас жоспарларының кешенді кестесін Заңмен белгіленген тәртіпте әзірлеуге қатысу;
2. Тұрғындарды аймақта жоспарланған құрылыс туралы және қала құрылысының өзгертілуі бойынша ақпараттандыру;
3. Нысандарды (кешендер) заңмен белгіленген мерзімде пайдалануға енгізу жұмыстарына қатысу;
4. Аудан аймағын дамытуда қала құрылысы кестесін дайындауда және әзірлеуде бастамашы болу, сонымен қатар, жоғарыда көрсетілгендерді бекіту үшін құжаттарды аудандық мәслихатқа дайындау;
5. Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте құрылысы жүріп жатқан нысандар (құрылысы жоспарланған) мен кешендер бойынша мониторинг жүргізу;
6. Қала құрылысы жобаларын әзірлеуге қатысу;
7. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында бірегей мемлекеттік саясатпен қамтамасыз ету;
8. бюджет есебінен аудан аймағындағы негізгі жоспарларды және қайта құру, құрылысқа жататын ғимарат және имарат жобаларының жобалық-сметалық құжаттамасын қарастыру және келісім беру;
9. Өндіріс өнеркәсіптерімен, құрылыс материалдарымен, ғылыми-зерттеу және жобалық-іздестіру ұйымдарымен, кәсіпкерлік және коммерциялық құрылымдармен, құрылыс өндірісімен айналысатын, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аудан аймағындағы сәулет-құрылыс кешендерін басқару
10. Тапсырманы орындауға бағытталып мекеме алдына қойылған мемлекеттік қаражатты бөлу және ұсыныстарды әзірлеу;
11. Аудан аймағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме жұмыстарын үйлестіру;
12. Аудан бюджеті есебінен құрылыс нысандарына тапсырыс берушінің бірегей қағидаттарына шығу;
13. Аудан елді мекендерінің жоба бөлшектік жоспарына, бас жоспарларға, аудандық жоспарлау кестесін әзірлеу;
14. Аудандағы салу ережелерін әзірлеу, аймақты инженерлі қамтамасыз ету мен абаттандыру, аудандағы басқа да ғимараттар мен имараттарды, тұрғын үй қорын күтіп ұстау мен сақтау;
15. Азаматтар мен мекемелердің өтініштерін қарастыру;
16. Жергілікті атқару органдарын таңдау бойынша акт жобаларын әзірлеуге қатысу, Заңнама актімен қарастырылған және басқа да қала құрылысын игеру немесе салу үшін аймақтық ведомстваға қарасты жер телімдерін мемлекет қажеті үшін алу;
17. Бөлім өзіне жүктелген тапсырмалардан  басқа және қолданыстағы заңнамаға қарсы емес қызметтерді атқара алады.

 

Парақтар өзгертілді: 02-04-2018