Аудандық бөлімдер

Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушы тасымалдау көлігі және автокөлік жолдары бөлімі

Бастығы - Самежанов Берик Есенгельдиевич
1982 жылдың 2 ақпанында Онтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Ванновка ауылында дүниеге келді. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2003 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «экономист» мамандығын алып шықты. 2005 жылдан айынан 2007 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы, «Жарма ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2007 жылдан 2009 жылға дейін «Жарма ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі болып жұмыс атқарды. 2009 жылдың тамыз айынан қазіргі уақытқа дейін «Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушы тасымалдау көлігі және автокөлік  жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы. Үйленген. 2 баланың әкесі.

Бөлімнің негізгі лауазымдық міндеттері
1) тұрғын-үй–коммуналдық шаруашылық аясында заңнаманы бақылауды жүзеге асыру («Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 23.01.2001 жылғы №148 Заңының 35-бабының 1-тармағының 19 тармақшасы);
2) жол-көпір шаруашылы аясында заңнаманы бақылауды жүзеге асыру («Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 23.01.2001 жылғы № 148 Заңының 35-бабының 7-тармағы және «Автомобиль жолдары туралы» ҚР 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңы);
3) жол-көпір шаруашылығы және тұрғын үй-коммуналдық объектілері бойынша күрделі және ағымдағы жөндеуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге тапсырма беру («Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 23.01.2001 жылғы № 148 Заңының 31-бабының 1-тармағының 11-тармақшасы);
4) меншік түріне қарамастан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының жұмыстарын бағыттайды («Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 23.01.2001 жылғы № 148 Заңының 31-бабының 2-тармағы);
5) мемлекеттік сатып алудың бекітілген жылдық жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру («Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 5-бабының 2-тармағы);
6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілу барысында бақылауды жүзеге асыру («Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 23.01.2001 жылғы № 148 Заңының 31-бабының 2-тармағы);
7) жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілу барысында бақылауды жүзеге асыру («Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 23.01.2001 жылғы № 148 Заңының 5-бабының 1-тармағының 7-тармақшасы);
8) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтарға жеке есеп тізімін жүргізу бойынша жұмыстар жүргізу; тұрғын үй жағдайларын жақсартуды қажетететін, азаматтарды есепке алуды жүргізу және сараптама жағдайын өткізу («Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 23.01.2001 жылғы № 148 Заңының 31-бабының 2-тармағы);
9) қызметтік және мемлекеттік тұрғын үйді айырбастау, сонымен қатар аудандық бюджеттен бөлінген қаражатқа үйлер (пәтерлер) сатып алу бойынша операциялар, тұрғын үйді жекешелендіру бойынша құжаттарды рәсімдеу және қабылдау жүргіз («Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР 16.04.1997 жылғы № 94 Заңының 13-бабының 1-тармағы);
10) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жол-көпір шаруашылық аясында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және шағымдарын қарастыру («Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 23.01.2001 жылғы № 148 Заңының 35-бабының 1-тармағының 2-тармақшасы);
11) ауданның елді мекендерін абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру, бойынша жұмыстардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру («Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 23.01.2001 жылғы № 148 Заңының 35-бабының 1-тармағының 20-тармақшасы);
12.) ауданішілік қоғамдық жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру мен олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру («Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 23.01.2001 жылғы № 148 Заңының 35-бабының 1-тармағының 14-тармақшасы);
13) жылу беру маусымына әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандарды, тұрғын үйлерді, коммуналдық меншікте тұрған ауданның жылу беру көздерін, магистралдық жүйелерді, сумен қамту және кәріз жүйелерін, электр жүйелерін, инфрақұрылым объектілерін, елді мекендердегі көшелерде және жергілікті маңызы бар жолдарда инженерлік құрылымдардың  дайындығына бақылауды жүзеге асыру («Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 23.01.2001 жылғы № 148 Заңының 31-бабының 2-тармағы);
14) мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтау мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау, коммуникацияларға және оларды ұстауға бақылауды жүргізу, сондай-ақ тұрғын жайларды жалдау, жалдау келісімін, келісімшарттарды, тұрғын үйді мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйлерге орналастыру құқығын беретін құжаттарды ресімдеу және беру. Тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу («Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 23.01.2001 жылғы № 148 Заңының 35-бабының 1-тармағы);
15) тұрғын үйді жекешелендіру, мемлекеттік және қызмет үйін ауыстыру, және де аудандық бюджеттен бөлінген қаражатқа (үй) пәтер сатып алу операциясы бойынша қабылдау жүргізу («Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 23.01.2001 жылғы № 148 Заңының 31-бабының 1-тармағының, 12-7 тармақшасы);
16) аудан тұрғындары мен кәсіпорындарының қажеттіліктерін болжамдық бағалаудың негізінде тұрақты жұмыс істеуін есепке алып, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы стратегиясы мен тұжырымдамасын жасау («Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 23.01.2001 жылғы № 148 Заңының 31-бабының 1-тармағының, 1-4 тармақшасы);
17) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық зерттеуді ұйымдастыру; кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, кезеңділіктерін және кезектілігін айқындау («Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР 16.04.1997 жылғы № 94 Заңының 41-2 бабының 1-тармағының 1,2-тармақшасы);
18) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу («Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР 16.04.1997 жылғы № 94 Заңының 41-2 бабының 1-тармағының 3-тармақшасы); 

Мекен жайы: Жарминский район село Калбатау улица Киселева 11
Телефон:8 (723 47) 65-633, 65-634
E-mail: b.samezhanov@akimvko.gov.kz
Қабылдау уақыты: күнделікті сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016