Аудандық бөлімдер

Жарма ауданының жер қатынастары бөлімі

Шаяхметов Қажихан Қалияхметович

1953 жылдың 23 наурызында Семей облысы Жарма ауданы Игоревка ауылында дүниеге келді. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1972 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылды. Армиядан кейін Ленин атындағы колхозда жұмысшы болып істеді. 1975 және 1978 жылдар аралығында Өскемен құрылыс техникумында оқыды. 1978 жылдан 1983 жылға дейін Ленин атындағы колхозда құрылыс мастері, прораб болып қызмет атқарды. 1980 және 1987 жылдар аралығында Өскемен жол-құрылыс институтының өнеркәсіп және азаматтық құрылыс факультетін сырттай оқып бітірді. 1983 жылы облыс ауыл шаруашылық басқармасының жөндеу-құрылыс бөліміне аға экономист қызметіне тағайындалды, кейіннен жөндеу-құрылыс басқармасының Жарма бөліміне аға мастері болып ауыстырылды. 1984 және 1988 жылдар аралығында Семсельстрой ПМК-2209 мекемесінің шебері. 1988 жылдан 1991 жылға дейін Жарма тұрмыстық қажеттігін өтеу комбинатының бастығы. 1991 және 1995 жылдар аралығында «Қарлығаш» шағын кәсіпқорының құрылыс бастығы қызметін атқарды. 1995 жылдан 1996 жылға дейін «Семагрострой» АҚ Жарма ЖМК-ның бастығы қызметін атқарды. 1996 жылы «Жарма құрылыс» ЖШС-нің директоры болып тағайындалды. 1998 жылдан 2001 жылға дейін жеке кәсіпкер. 2002 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетіне түсіп, 2004 жылы «заңгер» мамандығын алып шықты. 2001 және 2005 жылдары аралығында Жарма ауданы әкімінің орынбасары. 2006 жылдан осы уақытқа дейін «Жарма ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің бастығы. Үйленген. Екі баланың әкесі.

Бөлімнің негізгі лауазымдық міндеттері

1) иесіз жер телімдерін анықтау және оларды есепке қою бойынша жұмыстар ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-1 бабы 3 тармағы (1) тармақшасы);
2) жер телімдерін беру және олардың мақсаттық сипатын өзгерту жөніндегі ауданның жергілікті атқару органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобасын даярлау Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-1 бабы 3) тармағы (2) тармақшасы);
3) аудандық атқарушы органның жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаты  үшін жер телімдерін беру бойынша ұсыныстары мен шешімнің жобаларын әзірлеу (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1 бабы 3) тармағы 2-1) тармақшасы);
4) мемлекеттік қажеттіліқтер, үшін жер учаскелерін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1 бабы 3) тармағы 3) тармақшасы);
5) жер учаскелерінің бөліңетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1 бабы 3) тармағы 4) тармакшасы);
6) Мемлекет жекеменшікке сататын нақты жер телімдерінің каластрлық құнын (бағалау) бекіту (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1 бабы 3 тармағы 5) тармақшасы);
7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру жэне жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1 бабы 3 тармагы 7) тармақшасы);
8) жерді аймақтарга бөлу жобаларын жэне ауданның жерін ұтымды пайдалану жөніндегі багдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1 бабы 1 тармагы 7) тармақшасы);
9) елді мекендердің аумақтарының жер-шауашылық құрылымының жобасын жасауды ұйымдастыру (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1 бабы 1 тармагы 8) тармақшасы);
10) жер сауда-саттыгын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді' ұйымдастыру (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1 бабы 3 тармағы 9) тармақшасы);
11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу (Қазақстан Жер кодексінің 14-1 бабы 3 тармагы 10) тармақшасы);
12)  ауданның жер балансын жасау (Қазақстан Жер кодексінің 14-1 бабы 3 тармағы 11) тармақшасы);
13) жер телімдерінің иелерінің және жер пайдаланушыладың, сондай-ақ  басқа да жер кұқық қатынастары субъектілерінің есебін жүргізу (Қазақстан Жер кодексінің 14-1 бабы 3 тармагы 12) тармақшасы);
14) жер теліміне бірдейлендірілген кұжаттарды беру (Қазақстан Жер кодексінің 14-1 бабы 3 тармагы 13) тармақшасы);
15) ауыл шаруашылыгы сипатыдагы жер телімдерінің төлқұжаттарын беру (Қазақстан Жер кодексінің 14-1 бабы 3 тармагы 15) тармақшасы);
16) өз кұзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу жэне жасалган шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1 бабы 3 тармагы 16) тармақшасы);
17)  Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71 бабына сэйкес ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануга рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар - дайындау (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1 бабы 3 тармагы 14-1) тармақшасы);
18)  ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1 бабы 3) тармагы 18) тармақшасы);
19) жерлерді резервілеу бойынша ұсыныстарды даярлау (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1 бабы 3) тармагы 19) тармақшасы);

Бөлім құқылы:
1) өз құзыретіне жататын мәселелерді шешуге қажет ақпараттарды, құжаттарды және материалдарды мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан, жер телімдері иелерінен және жерді пайдаланушылардан заңнамада белгіленген тәртіпте сұрауға;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздер бойынша тиісті органдарға ұсыныстар мен жер пайдалану құқығын тоқтатуды енгізу;
3) жерлерді тиімді пайдалану және қорғау мәселелерінде аудандық бағдарламаларға, сызбаларға, жобаларға сараптама жүргізу;
4) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына қайшы жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін жою туралы ұсыныстарын белгіленген тәртіпте енгізу;
5) құрылыс салу, объектілерді пайдалану, пайдалы қазбаларды өңдеу, агротехникалық, орман суару және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушыларға шара қолдану үшін тиісті органдарға ұсыныстар енгізу;

 Бөлім өзінің құзыреттілігі шеңберінде міндетті:
1) Осы Ереженің 14 тамағында белгіленген функцияларды орындауға;
2) өз қызметінде заңдылықты сақтауды қамтамасыз етуге;
3) құжаттарды белгіленген тэртіпте орындауды сақтауға.

Бөлімнің мекен жайы: Жарма ауданы,  Қалбатау ауылы, Достық көшесі 98;
 Жұмыс істеу уақыты: 09-00-ден 18-30 дейін;
 Байланыс телефондары: 8(72347) 65801, 8(72347) 65875;
E-mail: k.shayakhmetov@akimvko.gov.kz

 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016