Аудандық бөлімдер

Білім бөлімі

Шаймуратов Қанат РымханұлыБөлім басшысы - Шаймуратов Қанат Рымханұлы

1975 жылдың 18 сәуірінде Семей облысы, Жарма ауданы, Георгиевка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1996 жылы Шәкәрім атындағы  Семей мемлекеттік университетінің физика, информатика және есептеу техникасының мұғалімі мамандығы бойынша  аяқтаған. 1996 - 1997 жылдары аралығында Балықтыкөл ауылындағы Балықтыкөл негізгі мектебінде  математика пәнінің мұғалімі. 1997 - 2000 жылддары аралығында  аталған мектепте физика-математика пәнінің мұғалімі. 2000 - 2001 жылдары аралығында Балықтыкөл негізгі мектебінің информатика-математика пәндерінің мұғалімі. 2001 -  2004 жылдары аралығында  Балықтыкөл негізгі мектебінің директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 2004 - 2008 жылдары аралығында Балықтыкөл негізгі мектебінің директоры. 2008 - 2009 жылдары аралығында Жарма ауданы  білім бөлімінің инновациялық технологиялар орталығының директоры. 2009 - 2016 жылдары аралығында  Қалбатау ауылындағы Георгиевка орта мектебінің директоры. 2016 жылдың маусым айынан бастап, қазіргі уақытқа дейін «Жарма ауданының білім бөлімі» ММ-нің басшысы.

kn Мекен жайы:
Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 98 үй
Телефон: 8-723 47-65481, 65-4829
e-mail: k.shaimuratov@akimvko.gov.kz

kn  Қабылдау күндері: күнделікті сағат 9.00 – 18.00 дейін

 

Бөлімнің негізгі лауазымдық міндеттері
1). Аудан азаматтарының білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету.
2). Мектепке дейінгі; орта, кәсіби-техникалық, қосымша білім беру, аймақтық, демографиялық т/б ерекшеліктерді ескере біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру мен қалыптастыруға қатысу.
3). Білім беру бөлімі аудандық әкімдіктегі үйлесімділік бөлімшелерімен және жергілікті басқару органдарымен білім берудің дамуына жағдайлар жасайды, осы саладағы мемлекеттік саясаттың принциптеріне негізделе: республика азамататарының білім алуға құқық теңдігі; білім берудегі қызметтің мемлекеттік стандарт көлеміндегі ақысыз білім алуда, білім беру жүйесінің үздіксізінде, оның бұындарының сабақтастығын қамтамасыз етуіндегі; мемлекеттік мекемелердегі білім берудің құқықтық және экономикалық, ғылыми түрдегі бағыты, нақтылы білім алуға кедергі жасайтын білім берудің саясаттық және идеологиялық ықпалдан тәуелсіздігі.

Бөлім жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өзіне жүктелген міндеттер бойынша төмендегідей қызметтер атқарады:
1) Бөлімнің білім берудегі мемлекеттік саясатты іске асыру жұмыстарын ұйымдастыру.
2) Білім беру саласындағы және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындағы заңдар жиынтығының ережелерін сақтау құзырындағы бақылауды ұйымдастыру.
3) Аудан әкіміне белгіленген тәртіп бойынша ұсыныстар жасау Бөлімге қарасты мемлекеттік кәсіпорындармен білім беру мекемелерін құру, қайта ұйымдастыру, тарату. Білім беру ұйымдарының Жарғыларын бекіту.
4) Ағымдағы және оперативтік сұрақтар бойынша Білім қызметін қамтамасыз етуге арналған бұйрықтарды шығару.
5) Азаматтарға мектепке дейінгі тәрбие беру, жалпы-міндетті орта білім беру, кешкі оқытуды қоса қамтамасыз ету.
6) Мектепке дейінгі балаларды, мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастыру, оларды орта білім алғанша оқыту.
7) Білім беру ұйымдарының құруын, қайта ұйымдастыруын, таратуын, аттестациялауды Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген тәртіп бойынша өткізу.
8) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етуіне қолдау және көмектесу.
9) Мектепке деінгі тәрбие және жалпы орта білім берудің мониторингін жүргізу, білім сапасының аралық мемлекеттік бақылауын қамтамасыз ету.
10) Белгіленген тәртіп бойынша жетім балалар, ата-ана қамқорысыз қалған балалардың мемлекеттік қамтамасыз етуін іске асыру.
11) Қосымша білім беру ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету.
12) Білім ұйымдарының бітірушілерін жұмысқа орналастыруға көмек жасайды.
13) Бөлімнің білім ұйымдарының қаржыландыру мен аудандық бюджетті қалыптастыруға ұсынытар даярлау.
14) Білім салаларын қаржыландыруды іске асыру.
15) Білім бөлімі мен қаржы-шаруашылық іс-щараларына есеп беру мен бухгалтерлік есебін жүргізу. Қаржыны бақылау ұйымдарымен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету.
16) Білім ұйымдарындағы мамандар ж/е педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етуін сан және сапа жағынан сараптау.
17) Білім педагогикалық қызметкерлерінің аттестациялау бойынша жұмыстарын ұйымдастыру.
18) Ұстаздардың кәсіби шеберлігін көтеру, қайта даярлауды ұйымдастыру және жоспарлау, педагогиқалық кадрлардың біліктілігін арттыру мен білім беру және спорт ұйымдарын ғылыми - әдістемелік қамту.
19) Перспективті педагогиқалық және ақпараттық технологиямен қамту, аудан ұйымдарының ғылыми - зертеушілік қызметін дамыту, оқыту және тэрбие үдерісінің ақпараттық қамтуы.
20) Экономикалық негізбен жоспарлау және бюджеттік қаражаттың нәтижелі пайдалануының сараптамасын жүргізу, мектеп ғимараттарының күрделі жөндеу арқылы материалдық-техникалық базаны нығайту.

 

 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016