Аудандық бөлімдер

Қаржы бөлімі

Серикболова Гульфайрус Сакеновна  Бастығы – Серікболова   Гүлфайрус  Сәкенқызы

1975 жылдың 12 шілдесінде Семей облысы Жарма ауданының Қапанбұлак станциясында  дүниеге келді. Ұлты - қазақ. 1992 жылы Жарма станциясынын № 17 орта мектебін  бітірді. 1995 жылы экономист мамандығы бойынша Семей коммерциялық  техникумын бітірді. 2003  жылы   Алматы экономика және статистика Академиясын  бітіріп, бухгалтерлік есеп және аудит мамандығын алып шықты. 1995 жылдан 1999 жылға дейін Аудандық телекоммуникация торабында  есепші-кассирі, Аудандық почта  болімшесінде бухгалтер – экономист болып жұмыс атқарған, 1999 жылдан 2 001 жылға дейін  ШҚО УОВ 156/21 мекемесінде  есепші, Жарма  ауданының жұмыспен қамту  мемлекеттік мекемесінде бас маман ретінде жұмыс атқарған және 2005 жылдың наурыз айынан  бастап  Жарма ауданының ішкі саясат  мемлекеттік мекемесінде  есепші ретінде жұмыс атқарған. 2008 жылдың наурызында айында Жарма аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі болып 2009 жылы  Жарма ауданының қаржы бөлімінің басшысы болып тағайындалып бүгінгі күнге дейін жұмыс атқаруда. Тұрмыс құрған, екі баланың анасы.

Бөлім қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды атқарады:

  1. Жергілікті бюджет бойынша қаржыландыру және түсімдердің жиынтық жоспарын, міндеттер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын құрады, бекітеді және жүргізеді. 
  2. Жоспарлы кезеңге шығындардың орындалуы және бюджетке түсімдердің болжалды көлемін анықтау бойынша процесс болып табылатын, қолда бар ағындар болжамын құру төлемдерін толық жүргізу және дер кезінде қамтамасыз ету үшін, процифит (тапшылық) қолда бар ақша және оны орнын толтыру көзі; тиісті бюджетке қолма қол ақшаның бақылау шотында ақшаның қозғалыс маниторингін жүргізеді.
  3. Қайырымдылық және демеушілік көмектер үшін мемлекеттік мекемелер шотын аштыруға аудандық бюджетік бағдарламалар әкімшілері келісім беріледі, немесе шот аштыру әрекетінің мерзімін ұзартады;
  4. Бюджеттің атқарылуы бойынша бюджетік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік маниторингін іске асырады;
  5. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қала)  жергілікті уәкілетті органдарында, әкімдікте, облыстың тексеру комиссиясында, ішкі бақылау бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілетті органында және бюджеттің атқарылуы бойынша жергілікті уәкілетті органда  қазіргі Кодекспен қаралған, басқа да есептерді ұсынады. 
  6. Есептік қаржы жылында аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, ішкі бақылау бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің уәкілетті органына және мемлекеттік жоспарлау бойынша ауданның  (облыстық маңызы бар қала) уәкілетті органдарына ұсынады.
  7. Жергілікті атқарушы органдарда резервтегі ақшаны пайдалану және келесі кезеңге оның қалдық ақшасы туралы ақпаратты әкімдікке ұсыну.
  8. Заңнамалық актілерге сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қала)  коммуналдық меншік басқармасымен оны қорғау бойнша шараларды іске асырады.
  9. «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді;
  10. Аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалдауға (жалға алуға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды.
  11. Аудандық коммуналдық мүлікті сақтаумен және пайдаланумен бақылауды қамтамасыз етеді.
  12. Аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
  13. Коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады.
  14. Аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға аудандық коммуналдық мүлікті бекітеді.
  15. Аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы шешім қабылдайды, аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін сатып алу – сату шарттарынәзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
  16. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды қамтамасыз етеді. 
  17.  Сәйкес қаржы жылына аудандық бюджет туралы шешімдер жобасының әзірлемесіне,  бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді, сондай-ақ сәйкес жылға аудандық бюджет туралы  шешімді іске асыру бойынша әкімдіктің қаулысы жобасының әзірлемесіне қатысады. 
  18. Бюджеттік бағдарламалар бойынша, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша есептер, міндеттер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын құратын, әкімшілік бағдарламалар болып табылатын Бөлім.
  19. Жергілікті бюджеттің қолма  - қол ақша қаражаттарын басқару бойынша шешім  қабылдайды;
  20. Қаржы жылында бюджет қаржаттарының бір келкі бөлуін қамтамасыз етеді.
  21. Ағымдағы қаржы жылында табыстың болжалды орындалуы бойынша      жұмыстарды жүзеге асырады;
  22. Бюджет түсімін дер кезінде есептеуді және бекітілген мерзімде бюджет      қаржыларының қолданылуын қамтамысыз етеді;
  23. міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге аудандық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің өтініштерін  қарастырады;
  24. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған мемлекеттік мекемелердің тауарды (жұмыс, қызмет) жүзеге асырудағы түскен түсімдер мен шығындардың жоспарын қаржы түсетін көздің заңдылығынмен келістіріледі, табыстың толықтылық мен дұрыс есептелуін, қаржының дұрыс бағытқа жұмсалғандығын,  шығынды есептеуде үнемдеу режимін сақтауды тексереді;  
  25. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және дамудың бюджеттік бағдарламаларының игерілмеу сесебін көрсетіп бюджеттік бағдарламалардың игерілмей қалуытуралы және бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы ұсыныстар беру  туралы аудан әкімдігіне ақпарат ұсынады;
  26. Бюджеттің атқарылуы барысында жиынтық жоспарға енгізілген өзгерістерді талдайды және бақылайды, есепке алады.  
  27. Аудандық бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының атқарылуы туралыталданған деректердің жинағы.
  28. Жылдық соманы ай-айға бөліп талдау жасау арқылы бюджет қаражатын игеру маниторингін жүзеге сырады, қаржыландыру жоспарына енгізілген өзгерістерді негіздейді, қаржыландыру жоспарының орындалмауының себебін анықтайды.
  29. Өз құзіреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
  30. бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік –құқықтық және құқықтық актілердің жобасын әзірлеу; жеке және заңды тұлғалардың өтінімдерін, арыздарын, ұсыныстарын бекітілген тәртіпте қарастыру жүргізу.

kn Мекен-жайы: Қалбатау ауылы, Достық көшесі, 105 үй
kn Телефон:8(723 47) 65-368, 65-464, 65-366
kn E-mail: g.serikbolova@akimvko.gov.kz
kn Қабылдау уақыты: күнделікті сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін

 

Парақтар өзгертілді: 20-01-2017