Аудандық бөлімдер

Ішкі саясат бөлімі

Матанов Мәулетбек Секенұлы Матанов Мәулетбек Секенұлы

Матанов Мәулетбек Секенұлы 03 ақпан 1961 жылы Семей облысы Жарма ауданы Қапанбұлақ ауылында туған. 1987 жылы Семей қаласындағы Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1978 жылда Семей облысы Жарма ауданы  «Веселый пахарь» орта мектебінің дене шынықтыру және спорт пәнінің мұғалімі болып бастады. 1980-1983 жылдары Кеңес Әскері қатарындағы қызметі, 1983 жылдың наурыз-тамыз айланыда «Жарминский» совхозының №1 ферма жұмысшысы, спорт бойынша әдіскері, 1983-1992 жылдары Қапанбұлақ ауылының клуб меңгерушісі, 1992-1994 жылдары «Қызыл Жұлдыз» орта мектебінің интернат меңгерушісі,  1994-2007 жылдары Т.Хасенұлы атындағы орта мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директордың орынбасары қызметтерінде болды. 2007 жылдың қазан айынан Қапанбұлақ ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.           
2015 жылғы 18 мамырынан қазіргі уақытқа дейін Жарма ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Бөлімнің негізгі лауазымдық міндеттері
1) Ішкі саясат саласында  жергілікті мемлекеттік органдардың  қызметін үлестіру,  ішкі саяси  процестерді  мемлекеттік  реттеуге қатысу, аудандағы  қоғамдық саяси ахуалға  талдау жасау және болжау,  оның ішінде  саяси партиялардың, өзге де  қоғамдық бірлестіктердің және  ұйымдардың қызметтеріне  мониторинг жасауды ұйымдастыру,  әлеуметтік  және саяси зерттеулер жүргізу,  ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамды топтастыруға,  қазақстандық патриотизмді насихаттау мен тәрбие беру қамтамасыз ету жөнінде  ұсыныстар мен ұйымдастыру жұмыстарын  жасау;  
2)  Қазақстан  Республикасы Президентінің және Үкіметінің  облыс және аудан әкімінің Бөлімінің құзырына  қатысты  мәселелері  бойынша  актілер мен тапсырмаларының  орындалуын қамтамасыз ету;
3) Концептуалдық құжаттарды әзірлеуге, бөлімінің  құзырына  кіретін мәселелер бойынша  аудан әкімінің актілерінің жобаларын дайындауға және оларға талдау жасауға қатысу;
4) Әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және өзге де салалардағы  жергілікті атқарушы органдардың  қызметтері туралы  ақпараттық- түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы  жұмыстарды жетілдіру бойынша  ұсыныстар әзірлеу 
5) Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер жөніндегі әлеуметтік сала  бөлімідері мен  облыстық басқарамаі ішкі саясат құрылымдарымен сәйкес ұйымдастырушылық және ақпараттық байланыспен қамтамасыз ету;
6) Бөлімінің құзырына кіретін  мәселелер  жөнінде  кенттер мен ауылдқы окург әкімдері аппаратының қызметін  бақылау мен үйлестіруді қамтамасыз ету;
7)  Әкім аппаратының қызметін  ақпараттық талдаумен қамтамасыз ету;
 8)  Маңызды республикалық  және  жергілікті  қоғамдық-саяси, мәдени іс- шараларды өткізуді саяси қамтамасыз ету;
9)  Ауданның  кенттері мен ауылдық округитерінің әкімдерінің  ақпараттық- насихат  жұмысы барысын үйлестіру.  БАҚ туралы заңды олармен  сақтау құралына  аудандық бұқаралық ақпарат құралына бақылау;
10)  Ауданның  ішкі саяси өмірінің маңызды мәселелері жөнінде  әкімдік отрысына  материалдар дайындауға қатысу;
11) Ауданның ұлттық- мәдени орталықтарына ұйымдастырушылық,  консультативтік - әдістемелік  және  ақпараттық көмек көрсету;
12 ) Қазақстан Республиксында  адам құқығы мен бостандығын  қаматамасыз  ету,  этносаралық қатынас саласында,  ішкі саяси салада  мемлекеттік саясатты анықтау туралы тұжырымдамалар,  бағдарламалар  әзірлеуге қатысу және іске асыру; 
13) бөлімінің құзырына кіретін  мәселелер (компьютерлік, мәтіндік) бойынша  ақпараттық базаны жасақтау, жинақтау, жинап қорыту және жіктеу;
 14) Саяси партиялармен,  ұлттық – мәдени орталықтармен, құқық қорғаушылармен, діни және  басқа да  қоғамдық бірлестіктермен  байланысты жүзеге асыру;
15) Аудандағы  ішкі саяси тұрақтылықты және саяси процесстерді демокартиялауды нығайтуға бағытталған  облыстық және аудандық  ғылыми- тәжірибелік  іс- шараларды дайындауға және өткізуге қатысу;
16) Бөлімінің құзырына кіретін ұйымдастырушылық- әдістемелік  және ғылыми- зерттеу  жұмыстарын  әкім аппаратының басқа да  құрылымдарымен бірлесіп  орындау; 
17)  Қазақстан Республикасының  заңында қарастырылған басқа ад функцияларды  жүзеге  асыру.

   Мекен-жайы: Қалбатау ауылы Достық көшесі 105
   Телефон: 8 (723 47) 65-496, 65-495
   E-mail: m.matanov@akimvko.gov.kz
   Қабылдау күндері:күнделікті сағат 9.00 – 18.00 дейін

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016