Аудандық бөлімдер

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

Бастығы - Сейтказина Назым Құбайдуллақызы

1969 жылдың 13 қыркүйегінде Семей облысы Жарма ауданының Бірлік ауылында дүниеге келді. Ұлты - қазақ. 1986 жылы Красное знамя орта мектебін бітірді. 1990 жылы экономист мамандығы бойынша Семей қаржы - экономика техникумын бітірді. 2001 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Семей университетін бітіріп, бухгалтерлік есеп және аудит мамандығын алып шықты. 1991 жылдан 1995 жылға дейін Бірлік колхозының есепші-кассирі, 1995 жылдан 1997 жылға дейін Бірлік колхозында бас экономист, 1997 жылдан 1998 жылға дейін Бірлік колхозында бас есепші, 1998 жылдан 2006 жылға дейін Жарма ауданы бойынша салық комитетінің жетекші салық инспекторы, сектор меңгерушісі, бөлім бастығы болып жұмыс атқарды. 2006 жылдың қаңтар айында Жарма аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Тұрмыс құрмаған.

Бөлімнің негізгі лауазымдық міндеттері
Бөлім қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды атқарады:
1) Жарма ауданының әлеуметтік –экономикалық даму болжамын әзірлеу;
2) Жарма ауданының аумағын дамыту бағдарламасын әзірлеу, жүзеге асырылуын мониторингілеу және бағалау;
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілігінің бюджеттік өтінімдер жобасын қарастыру;
4) бөлім өз құзыретінің шегінде аудандық бюджеттен қаржыландырылатын (өзгерістер мен толықтырулар) жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламалар жобасын қарастыру;
5) аудандық бюджеттік комиссия жұмыс органының қызметін жүзеге асыру;
6) аудандық бюджетті әзірлеу және нақтылау;
7) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы есебінен бюджеттік түсімдерді болжау;
8) жоспарлы мерзімге ауданның бюджетін бекіту және нақтылау туралы аудандық мәслихат шешімін жүзеге асыру туралы аудандық әкімдік қаулыларының жобасын әзірлеуге;
9) аудандық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың штаттық кестесін талдауды жүзеге асыру;
10) басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың тізімін қалыптастыру;
11) «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсету;
12) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және экономика салаларына мониторинг жүргізу;
13) Жарма ауданын үдемелі индустриялық дамыту бойынша үйлестіру кеңесінің отырысын ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету;
14) «Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесіне тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алуда қазақстандық қамтуды бойынша ақпаратты жинайды, талдайды және ұсынады;
15) Жарма ауданының кәсіпкерлік мәселесі бойынша Сараптама кеңесінің отырысын ұйымдастыру және өткізеді;
16) жергілікті көрмелерді және жәрмеңкелерді ұйымдастыруды жүзеге асырады;
17) ауданның сауда және базарларының құрамының даму серпініне мониторинг жүргізуде қатысады;
18) күнделікті жүргізілген мониторинг нәтижесі негізінде анықталған, негізсіз бағалардың көтерілуі жағдайында аса маңызды тауарлардың бағасын төмендетуге бағытталған шараларды қабылдайды;
19) бизнес субъектілерімен жасалған меморандумдарға мониторинг жүргізуді іске асырады;
20) бөлімнің бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу;
21) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік –құқықтық және құқықтық актілердің жобасын әзірлеу;
22) жеке және заңды тұлғалардың өтінімдерін, арыздарын, ұсыныстарын бекітілген тәртіпте қарастыру жүргізу.

Мекен-жайы: Қалбатау ауылы Достық көшесі 105 үй
Телефон:8(723 47) 65-392, 65-393, 65-394
 E-mail: n.seitkazina@akimvko.gov.kz
Қабылдау уақыты: күнделікті сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін.

 

Парақтар өзгертілді: 21-12-2016