Ішкі саясат

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2017 жылдың 12 айында атқарылған  іс-шаралар туралы ақпарат

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен әр түрлі  қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылуда.
2017 жылғы 7 қаңтар күні аудандық Жастар үйінде православиелік христиандардың «Рождество» мерекесі аталып өтті.
Аудан әкімінің орынбасары А.Ибраев мереке қонақтарын құттықтап, өз сөзінде православиелік христиандар өзге конфессия өкілдері сияқты ұлтаралық келісімді нығайту, қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты сақтауға зор үлестерін қосып отырғанын айтты.

Ішкі саясатМерекелік шарада Рождествоны мерекелеуге тән өзіндік рәсімдер өткізілді. Аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы мерекеге арнайы әзірлеген концерттік бағдарламаларын тарту етті. Жарма аудандық орталық ауруханасының қызметкерлері ерекше дайындықтарын көрсетіп, «Ақшақар» биін орындады. Аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері мерекенің дәстүрі бойынша 12 түрлі дәмнен құралған дастархан жайды.
23 қаңтар күні халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің өтуіне орай «Балалардың шығармашылығы және олардың көзімен ЭКСПО-2017» атты балалар арасында сәндік-қолданбалы өнер бойынша көрме – байқау  ұйымдастырылды. Көрмеге техникалық бағыттағы, сәндік-қолданбалы сипаттағы үйірмеге  қатысушылардың бірлескен және жеке жұмыстары қойылып, барлығы 40-тан астам жәдігер сыналды.  Номинациялардың барлық талаптарына сәйкес келген №236, Қажыгелді атындағы орта мектеп, Шәкенов және Т.Хасенов атындағы орта мектептердің өнертапқыштары мен жас шеберлері қазылар алқасы тарапынан атап өтілді.
28 қаңтар күні Жаңаөзен ауылындағы «Мейірім» спорттық сауықтыру лагерінде Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиаданың өтуіне байланысты қысқы спорт түрлерінен аудандық «Денсаулық күні» аясындағы жарыстар өтті.  Аудан әкімінің орынбасары А.Ибраев жарысты салтанатты түрде ашып, өз сөзінде қатысушыларға сәттілік тіледі. Аталған шараға округтерден барлығы 700-ден астам адам қатысты.

  • Ішкі саясат
  • Ішкі саясат

Спорттық шараның ашылуында аудан орталығының жалпы білім беру мекемелерінің жоғарғы сынып оқушылары ФЛЕШМОБ ұйымдастырды. Спорттық сайыстарда ауылдық округтер, мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындардың командалары өзара сынға түсті.  Шараның бағдарламасы бойынша: шаңғы жарысы, қол күресі, арқан тарту, гір көтеру және шағын футбол ойындары болды.
15 ақпан күні Қалбатау ауылында Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағынан шығарылуына 28 жыл толуына орай мерекелік шара болып өтті.
Аталған шара Қалбатау ауылының орталық саябағындағы «Интернационалист-жауынгер» ескерткішіне азагүлдерін қойып, еске алу рәсімімен басталды.

  • Ішкі саясат
  • Ішкі саясат

Жерлестерімізге арналған салтанатты жиын аудандық Жастар үйінде жалғасты. Оған аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, мектеп оқушылары, аудан тұрғындары және әскери қызметкерлер қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Шара барысында аудандық Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық ұйымы өз тарапынан жастар арасында өткізілетін шараларда белсенділік танытып жүрген бірқатар азаматтарды мақтау қағаздарымен марапаттады. 
20 ақпан күні «Жарма ауданының Жастар үйі» КМҚК және «Жас Отан» ЖҚ   ұйымдастыруымен «EXPO-2017 тиімділігі бар ма?» атты жастардың арасында пікір-талас турнирі өтті.
Ойынға Георгиевка орта мектебінің және Маяковский орта мектебінің жас ұстаздары қатысты. Шара соңында 1 – орынды Георгиевка орта мектебінің «Қыран» фракциясы, 2 – орынды Маяковский орта мектебінің «Ақиқат» фракциясы жеңіп алды. Қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.
7 наурыз күні аудандық Мәдениет үйінде аудан басшысы Н.Сыдықовтың қатысуымен  Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

Аталған шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып жүрген әйелдер қауымы аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, көпбалалы аналар «Алтын Алқа» төсбелгісіне ие болса,  жылдар бойы ауданның игілігі үшін қызмет еткен және осы күнге дейін туған жерінің өркендеуіне үлесін қосып жүрген Р.Сәрсенбаева «Ауданның Құрметті Азаматы» атағына ие болды. 
Марапаттау рәсімінен кейін аудандық Мәдениет үйінде дәстүрлі және эстрадалық  әндердің орындаушысы, атақты Қарқаралы ақындарының жалғасы, танымал әнші Гүлбаршын Тергеубекованың жеке концерті өтті.
Наурыз мерекесін тойлау барысында білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы, қаржы, құқық қорғау органдары, мемлекеттік қызмет саласының үздіктері жыл қорытындысы бойынша «Жыл үздігі» төсбелгілеріне ие болды.    

Аудан әкімі Н.Сыдықов жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, марапаттауларды табыс етті.  Бұл күні орталық алаңда 15 киіз үй тігіліп, оның іші ЭКСПО-2017 көрмесіне орай қазақ халқының тұрмыс-салтын бейнелейтін жәдігерлермен безендірілді.
Орталық сахнада Мәдениет үйінің өнерпаздары мерекелік қойылымдар мен театрландырылған көріністер көрсетті. Қазақ халқының ежелден жалғасып келе жатқан ойын-сауық түрі «Алтыбақан» басындағы жастардың ән-думаны мерекенің сәнін келтіре түсті. Алаңға жиналғандар арқан тарту, қол күресі және гір тасын көтеруден сайысты.
15 сәуір күні аудандық Мәдениет үйінде Ғашықтар күні мерекесіне арналған «Ғашықтар кубогы» үшін Жайдарман ойыны өтті. Ойынға ауданның округтерінен барлығы 16 команда қатысты.  
Жармалық жайдарманшылар берілген тақырыпты ашып қана қоймай, 300-ден астам көрерменге күлкі мерекесін сыйлады. Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша «Маусым жаңалығы» номинациясын «Гимназия тентектері» командасы иеленді, «Көрермендер көзайымы» номинациясын қыздардан құралған  «Тамашаlike» командасы алды, «Үздік ойыншы»  атағын Ернұр Әділханов иемденсе, «Үздік әзіл» номинациясын Салқынтөбе ауылынан келген құрама жеңіп алды. Барлық командалардың тобын жарып шыққан Бірлік ауылдық округінен келген «Бірлік ұландары» кубок пен дипломға қол жеткізді.19 сәуірде Жарма ауданының әкімі Н.Сыдықовтың студенттермен кездесуі өтті. Семей қаласында әр оқу орындарында білім алып жүрген  600-ден астам студенттің соңғы курстарда оқитын 170-і осы кездесуге келіп қатысты. Аудан басшысы жастарға  Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы және алдағы даму жолында атқарылатын маңызды жұмыстар турасында айтып өтті.    

  • Ішкі саясат
  • Ішкі саясат

Аталған шара барысында Жарма ауданының  денсаулық сақтау, білім, ауылшаруашылық, әлеуметтік мәселелер салаларының басшылары ақпарат беріп,   бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Жармалықтар жәрмеңкеге 60 вакансиямен барып, 11 студент қызығушылық танытса, 2 студент Шар қаласындағы Т.Көбдіков атындағы орта мектеп өкілдерімен келісім-шарт жасасып үлгерді. Аудан басшысы жоғарғы оқу орындарында үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп жүргендерді Алғыс хаттармен марапаттады.
2017 жылғы 26 сәуір күні Чернобыль апатындағы оқиғаға орай еске алу күніне арналған шаралар өткізілді. Іс-шара ЧАЭС –тегі апат зардаптарын жоюға қатысушыларға арналған ескерткішке азагүлдер қоюдан басталды.

Бұдан соң, Жастар үйінде ЧАЭС –тегі апат зардаптарын жоюға қатысушыларға арналған үлкен жиын өткізілді. Жиында тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, Чернобыль апаты жайында баяндама оқылды.
Аудан әкімінің орынбасары А.Ибраев Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушыларға естелік медальдар табыстады. Аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары жиналған жұртқа концерттік нөмірлерін ұсынып, жақсы көңіл-күй сыйлады.
1 мамыр күні Қалбатау ауылында Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған «Татулық- достықтың киелі бесігі» фестивалі болып өтті. Аталған шараға ауылдық округтердің көркемөнерпаздары, мектеп оқушылары, мекеме қызметкерлері және аудан тұрғындары атсалысты.  Қатысушылардың барлығы мерекеге орай, әр ұлттың салт-дәстүрі мен өнерін насихаттайтын арнайы дайындалған концерттік бағдарламалары мен ұлттық тағамдарын тарту етті.

  • Ішкі саясат
  • Ішкі саясат

Мерекелік шара барысында аудан әкімі Н.Б.Сыдықов құттықтау сөз сөйлеп, халықтар достығын нығайтуға, ел арасында бірлік пен татулықты насихаттауға арналған шараларға белсене қатысып жүрген бірқатар азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады. Көпшілікке қуаныш сыйлаған мереке аудан көлемінде мектеп оқушыларының арасында ұйымдастырылған «Би әлемі» байқауының қорытынды бөлімімен жалғасты.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған мереке Ортабұлақ-Қалбатау-Малай бағытында веложорыққа қатысушылардың «Мәңгілік ел» монументі жанындағы шағын жиынымен басталды.

Бұдан соң жиналғандар мереке құрметіне ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысу үшін аудандық Мәдениет үйіне шақырылды. Аудан әкімі Н.Б.Сыдықов Отан қорғаушыларды құттықтап, бірқатар азаматтарға құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті. Салтанатты шара аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламаға жалғасты.
25 мамыр күні 2017 жылғы түлектерге арналған дәстүрлі «Ақ жол»  кеші өтті.  Кеш Қалбатау ауылының орталық алаңында ұйымдастырылды. Бағдарлама бойынша Маяковский атындағы мектептің білікті хореографы Қымбат Мұратқызының түлектерден құрылған вальс биінің қойылымы болды.
Сонымен қатар кеш барысында аудандағы жастар саясатының жүзеге асырылуына үлестерін қосып жүрген белсенді жастар марапатталды. Жастар үйінің  директоры Б.Самежанова түлектерге ақ жол тілеп, «Алғыс хаттар» табыс етті.
Кештің тағы бір қызықты кезеңі ұтысты лотерея ойыны болды. Кеш барысында өткізілген  «Instagram» желісіндегі селфи байқауына кеш қонақтарының көпшілігі қатысты. Аталған іс-шара би кешімен жалғасты.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар өкілдерімен бірлесе түрлі шаралар өткізілуде.
25 мамыр күні республикалық «Туған жер» акциясы аясында Қызылағаш орта мектебінде осы білім ордасының түлегі, республика көлемінде және шетелдерге де танымал, техника ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі,  Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Ғалымқайыр Мүтановпен кездесу өтті.

  • Ішкі саясат
  • Ішкі саясат

Ол мектептің соңғы қоңырауына қатысып, мектеп ұжымына алғысын білдіріп, құттықтау сөз сөйледі. Ғалымқайыр Мүтанов өзі білім алған мектепке барлық керекті техникамен жабдықталған компьютерлік сыныпты сыйға тартты. Жарма ауданының әкімі Н.Сыдықов салтанатты соңғы қоңырау барысында қонаққа алғысын білдіріп, ол кісінің бұл жомарт қадамы көптеген жармалықтарға үлгі болатынын атап өтті.
26 мамыр күні «Таза жүрек» жобасы аясында «Қолайлы отбасы – бақытты балалық!» атты іс-шара өтті.
27 мамыр күні ардагерлердің Тарбағатай ауданына сапары ұйымдастырылды, оның барысында ардагерлер Ырғызбай кесенесінде болып, қазақ күресінен әлем кубогының жарыстарын тамашалап қайтты.
31 мамыр күні  жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталуының 80 жылдығына арналған «Тарихтан тағылым-өткенге тағзым» арналған ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Аталған іс-шарада  Жаңғызтөбе орта мектебінің директоры, аудандық мәслихат депутаты К.Н.Скаков,  Георгиевка орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Г.И.Карпуша, Шар қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Т.Мұсатаев,  саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтың қызы Л.О.Падалко,  Жарма аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Ш.Л. Абдрахманова баяндама жасады. Конференцияны аудан әкімінің орынбасары А.Ибраев қорытындылап, белсене қатысушыларға алғыс хаттар табыс етті.
2017 жылдың 26 маусымында аудандық мешітте аудандық ақсақалдар кеңесінің  ұйымдастыруымен қолөнер байқауы өткізілді. Қатысушылар  өз қолдарымен жасаған  алаша, көрпе,  көрпешелер, ою өрнектер, текемет және т.б. бұйымдарын көрмеге ұсынды. Әділқазылар алқасының шешімімен I орынды – Қалбатау ауылынан К.Үйсіпжанова,  II орынды – Әуезов кентінен Қарлығаш Мамина және Қалбатау ауылынан Әзел Гүлбағыт, III  орынды – Шар қаласынан Қ.Бүркітбаева иеленді.
4 шілде күні аудандық Жастар үйінде «Астана күніне» арналған салтанатты шара болып өтті. Жиынға аудандық әкімдік,  маслихат өкілдері, ауыл тұрғындары және жастар өкілдері қатысты.

Шара барысында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мемлекеттік қызмешілер ант қабылдап, «Нұр Отан» партиясының қатарына қабылданушыларға куәліктер табысталса, көп балалы аналарға «Күміс алқа» төсбелгілері берілді.Мерекелік шара аудандық Мәдениет үйінің концерттік бағдарламасына ұласты. 
2017 жылғы 7 шілде күні Жарма ауданының орталығы – Қалбатау ауылындағы Мәдениет үйінде мемлекет және қоғам қайраткері, партизан-жазушы, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, Жарма  ауданының тумасы Әди Шәріповтің 105 жылдығына арналған «Қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция болып өтті.
Жарма ауданының әкімдігі, Қазақстан Жазушылар Одағы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті бірлесіп ұйымдастырған бұл шараға Ә.Шәріпұлының жұбайы, филология ғылымдарының кандидаты Клара Жағыпарқызы Мыңжасарова және Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, танымал ақын, драматург, көрнекті қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі ақын Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин қатысты.

  • Ішкі саясат
  • Ішкі саясат

Конференция жұмысын кіріспе сөзбен Жарма ауданының әкімі Н.Б. Сыдықов ашып, келген қонақтармен таныстырып өтті. Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Н.Оразалин, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Тәуелсіздік дәуірдегі әдебиет және көркем публицистика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж.Орда, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ф.Ш.Оразбаева, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Р.З.Зайкенова, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор С.С.Қорабай,  М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Талдау және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, доцент С.В.Ананьева және Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің оқытушы-ғалымдары сөз сөйлеп, Ә.Шәріповтің қаламгерлік, қайраткерлік, ғалымдық тұлғасы туралы ойларын ортаға салды.Іс-шараны аудан әкімі Н.Сыдықов қорытындылап, белгілі қаламгердің 105 жылдығына арналған конференцияны ұйымдастыруға қатысушыларға, қонақтарға алғысын білдірді.
31 шілде күні Жарма ауданы Қалбатау ауылындағы орталық алаңда  әуенді су бұрқақтың ашылу салтанаты өтті. Су бұрқақтың ашылу салтанатының алдында  жиналғандар балаларға арналған сыйлықтары бар ойын-сауық бағдарламаларын тамашалады. 
Сондай-ақ, аудандық Мәдениет үйінің өнер ұжымдары арнайы  әзірлеген концерттік бағдарламаларын ұсынып, әр округтен келген бишілер жұрттың көңілін көтерді.
5-6 тамыз күндері Жарма ауданының Қалбатау ауылында белгілі айтыскер ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдығына арналған мәдени-көпшілік және спорттық шаралар болып өтті. Шаралар Қ.Алтынбаевқа арналған ескерткіштің ашылуынан басталды, онда ардагер журналист М.Зүкенов, ақын Т.Жанғалиев, республикалық айтыстардың лауреаты Д.Омарбаева, Қ.Алтынбаевтың ұлы  – Қалбай Алтынбаев сөз сөйледі.
Әрі қарай іс-шара аудандық Мәдениет үйінде жалғасты. Мәдениет үйі өнерпаздарының концертінен соң аудан әкімі Н.Б.Сыдықов құттықтау сөз сөйлеп, жергілікті ақындар М.Зүкеновке, Д.Омарбаеваға, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Н.С.Сабильяновқа «Жарма ауданының «Құрметті азаматы» атағын табыс етті.

  • Ішкі саясат
  • Ішкі саясат

Осында республикалық айтыс өткізіліп, оған әр өңірден келген 12 үміткер қатынасты. Бас жүлдеге (1,5 миллион теңге) алматылық Қазірет Бердіқан ие болды.
Екі күндік бағдарлама аясында 6 тамыз күні ипподромда түрлі қашықтыққа ат жарысы өткізілді.
2017 жылғы 8 тамыз күні Қалбатау ауылында, аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің тапсырысына сәйкес, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені аясында,  «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, оның ішінде жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының құрылысы барысында сыбайлас жемқорлықты болдырмау» тақырыбында көшпелі мәжіліс өткізілді.
Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық және этномәдени бірлестіктер, БАҚ өкілдері, квазимемлекеттік сектор субъектілері, бизнес-құрылым, білім беру саласы қызметкерлері шақырылды. Мәжілісті кіріспе сөзбен Жарма ауданы әкімінің орынбасары С.М.Брынзов ашты.
Күн тәртібіне сәйкес төмендегі мәселелер қаралды: «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру туралы» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Асқар Арыстан), «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салуда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау шаралары туралы» (Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы М.Қ. Жұмағалиева), «Электронды үкімет порталы және азаматтарға арналған үкіметтің мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызмет туралы көпшілікке тарату» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы А. Ф.Жүкенов), «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, оның ішінде жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарын салуда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау шаралары туралы» (Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы О.М. Бекмолдин), «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, оның ішінде жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарын салуда бизнес-қауымдастықтың проблемалық мәселелері туралы» (Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Д. Б.Мұхаев, «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы «нөлдік» төзімділікті қалыптастыруда «Нұр Отан» партиясымен өзара іс-қимыл туралы» («Нұр Отан» партиясы Жарма аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б. Ж. Оразғалиев), «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл туралы» (аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Д.С.Какиманов). Мәжілісті Жарма ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы М.С.Матанов қорытындылады.
23 тамыз күні Жарма ауданының Әуезов кентінде «Рухани-адамгершілік құндылықтардың бүгінгі қоғамдағы орны» атты тақырыпта аудандық семинар өтті. Оған әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдері, мешіт имамдары, ардагерлер кеңестерінің төрағалары шақырылды.
Семинарға қатысушылар алдымен кенттің әлеуметтік нысандарын: «Аққу» балабақшасын, орталық саябақты, Даңқ мемориалын және мешіт ғимараттарын аралап танысты.

  • Ішкі саясат
  • Ішкі саясат

Семинар жұмысын кіріспе сөзбен «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-сінің басшысы М.Матанов ашты.
Діни қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы жиналғандарға Шығыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасының бас маманы   Қ.Т.Тұтқышев  баяндап өтті.
Сондай-ақ, күн тәртібіндегі мәселе бойынша Жарма аудандық мешітінің бас имамы М.Ж.Оспан, Әуезов кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Қ.Жақпеков,  Шар қалалық мешітінің бас имамы М.Қ.Бүркітбаев,  Жарма аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.О.Есполов сөйлеп, өз пікірлерін білдірді.  
26 тамыз күні Қарасу ауылында Ресей Федерациясы, Смоленск облысы, Угри ауданының «Набат» ізшілер отряды тарапынан табылған, аталған ауылдың тумасы, жауынгер М.Толымғожиновтың мүрдесін қайта жерлеу рәсімі өткізілді.
28 тамыз күні Конституцияның 22 жылдығы мерекесіне орай, аудандық Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Жиынға аудан активі, ақсақалдар, құрметті азаматтар, жастар және Қалбатау ауылының тұрғындары қатысты. Салтанатты марштың сүйемелдеуімен 47007 әскери бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік туды сахнаға алып келді. Бұдан соң Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны шырқалды. Мәслихат хатшысы А.Сахметжанова құттықтау сөз сөйлеп, әр саладағы азаматтарға өз істерінің шеберлігі үшін «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттар» табыстады. Мерекелік шараға жиылған қонақтар аудандық «Ауылым-алтын бесігім» атты көркемөнерпаздар байқауының гала концертіне қатысушылардың концерттік бағдарламасын тамашалады.

29 тамыз күні Қызылағаш ауылдық округінде спорт алаңының ашылу салтанаты өтті. Алаңның  ашылуына Жарма ауданының әкімі Н. Сыдықов қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, Қызылағаш ауылының балаларына спорттың әр түрінен командалық спорттық киімдер мен доптар сыйға табыс етті.

  • Ішкі саясат
  • Ішкі саясат

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі салтанатты шараға орай шағын футболдан жарыс ұйымдастырып, оған Қалбатау, Ақжал, Қызылағаш ауылдық округінің және Жарма кентінің жас футболшылары қатысты.  
12 қыркүйек күні Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылының Орталық алаңында жастар арасында «Деніңнің саулығы - өз қолыңда» атты акция өтті.Қатысушылар тұрғындардың назарын аудару үшін арнайы дайындалған плакаттарды іліп, көшедегі адамдарға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында сауалнама жүргізді, шылым шегудің, нашақорлықтың денсаулыққа зияны және салауатты өмір салтын ұстану жайлы буклеттер таратты.

  • Ішкі саясат
  • Ішкі саясат

Іс-шараның қорытындысы ретінде темекі тартып отырған ауыл тұрғындарына 1 тал темекіні тәттіге ауыстыру туралы ұсыныс жасалды. Үгіттеп, тапқырлығын көрсетіп, темекіні ең көп жинаған қатысушы жеңіске жетті.
27 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам Министрлігі жастар саясаты департаментінің директоры Ғабидулла Оспанқұлов жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында болып, белсенді жастармен кездесу өткізді.

Кездесуге жасотандықтар, мемлекеттік мекеме мамандары, білім, денсаулық және әлеуметтік саланың жас қызметкерлері шақырылды. Кездесу барысында  қатысушылар әр түрлі тақырыптарға сұрақ қойып, өзекті мәселелерді қозғап, ұсыныстарын білдірді.  Жарма ауданы әкімінің орынбасары А.Ибраев өз кезегінде қонақтарға және белсенді қатысушы жастарға ризашылығын білдірді.
29  қыркүйек күні Жастар мәслихатына сайлау өткізілді.Сайлауға аудан бойынша 16-29 жас аралығындағы жастардың 50 пайыздан астамы қатысып, өз таңдауларын жасады.
Барлығы  58 үміткердің ішінен баламалы негізде 21 адам сайланды.
30 қыркүйек күні Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында Республикалық ардагерлер ұйымына 30 жыл толуына орай, Қарттар күні мерекесі қарсаңында Ардагерлер үйі ашылды.
Аталған салтанатты шараға облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы А.Шерубаев қатысты. Шара барысында бірқатар ардагерлер республикалық, облыстық, аудандық марапаттарға ие болды.

Аудан басшысы Н.Сыдықов құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлер үйінің жұмысына табыс тіледі. Жарма аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Есполов өз кезегінде ауданның ардақты ардагерлері мен қарттар қауымын мерекелерімен құттықтады. Демеушілер атынан «Теньши» ЖШС-нің директоры Б.К Мұсажанов және «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-нің қоғаммен байланыс жөніндегі жетекші маманы Б.Аскерканов құттықтау сөз сөйлеп, сыйлықтарын тарту етті.
1 қазан күні Жарма кентінде футбол алаңының ашылу салтанаты өтті. Алаңның  ашылуына аудан басшысы  Н. Сыдықов қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, Жарма кентінің балаларына спорттың әр түрінен командалық спорттық киімдер мен доптар сыйлады.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі салтанатты шараға орай шағын футболдан жарыс ұйымдастырды. 
4 қазан күні Жарма аудандық Мәдениет үйінде «Таза жүрек» акциясы аясында «Жылы жүрек- Жомарт қол» атты қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. Аталған шараға қоғамдық кеңестің, ардагерлер кеңесінің мүшелері, дербес бөлім, мекеме басшылары, кәсіпкерлер мен аудан орталығының тұрғындары шақырылды.  Шара барысында аудан басшысы Н.Сыдықов құтықтау сөз сөйлеп, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне жылы лебізін білдірді.
Қонақтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы тәрбиеленушілерінің қолөнер көрмесі мен концерттік бағдарламалары тарту етілді. Жиналған қаражат Қалбатау ауылдық округіндегі аз қамтылған отбасылардың қажеттіліктерін өтеуге жұмсалатын болады.

6 қазан күні аудандық Мәдениет үйінде облыстық «Жасыл ел» еңбек жасақтарының он үшінші маусымының салтанатты жабылу рәсімі өткізілді. Салтанатты шараға Жарма ауданының әкімі Н.Сыдықов, облыстық «Жасыл ел» еңбек жасақтары штабының жетекшісі Қ.Қасенов, облыстық ішкі саясат басқармасы жастар ресурстық орталығының директоры А.Есимбекова қатысып, үздік жасақтар мен жетекшілерге арнайы жүлделер табыс етті. Жарма ауданының «Жасыл ел» отряды «Үздік жұмыс беруші» номинациясына ие болды.

Ішкі саясат7 қазан күні Әуезов кентінде қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері  М.О.Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына орай, қаламгерге арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті. Аталған шараға жазушының ұлы, мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов қатысып, өз сөзінде аудан әкімі Н.Сыдықовқа, кент тұрғындарына және мүсінші Нұрбол Қалиевке алғыс айтып, ерекше тебіреніспен жылы лебізін білдірді. 

Аудан басшысы Н.Сыдықов құттықтау сөзінде шараның демеушісі, меценат, Ресейде жұмыс істейтін   «Югантрансстрой» фирмасының басшысы, Қалиев Оразхан Аманханұлына алғыс айтып, Жарма ауданының «Құрметті азаматы» атағын табыс етті.  Шараның салтанатты бөлімінен соң, келген қонақтар мен тұрғындар ескерткіш төріне гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті.
13 қазан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Н.Сыдықовтың  жастар мәслихатына сайланған депуттармен кездесуі өтті.   Оған бөлім басшылары, аумақтық бірліктер әкімдері, қоғамдық кеңес, ардагерлер кеңесінің мүшелері және ауданның белсенді жастары шақырылды. Шара барысында аудан басшысы құттықтау сөз сөйлеп, жаңадан сайланған жас депутаттардың алдағы уақытта атқаратын жұмыстарына тоқталып, мақсаттарын айшықтап берді.

Бұдан соң депутаттарға төсбелгі мен куәліктерді табыстау рәсімі өтті.
Осы күні Қалбатау ауылындағы Жастар үйінде Панфилов дивизиясының аты аңызға айналған мергені, Жарма ауданының тумасы Төлеуғали Әбдібеков туралы деректі фильмнің көрсетілімі және осы фильмнің авторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Ғазизхан Әділхановпен кездесу өткізілді.
21 қазан Жастар үйінде «Маусымашар-2018»  Жайдарман ойыны өтті. Оған қатысушы 10 команданың әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерімен танылды.

  • Ішкі саясат
  • Ішкі саясат
  • Ішкі саясат
  • Ішкі саясат

 Көрермендер ойынды көз алмай тамашалап, көтеріңкі көңіл-күй мен күлкіге толы кеш  өткізді.
25 қазан күні Жастар үйінде этнограф-тарихшы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі Мұхаметқазы Мұхамадиұлының жұртшылық өкілдерімен, жастармен «Рухани жаңғыру» - рухқа әсер» атты кездесуі өтті. Кездесу барысында М.Мұхамадиұлы ауданда алғаш құрылған «Мұрагер» мәдени-этникалық клубының жұмысы, көп жылғы жұмыс тәжірибесі, ұрпақтар сабақтастығы, мәдени-рухани шаралардың маңызы туралы әңгімеледі.
28 қазан күні Қазақ ССР-нің халық әртісі, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, эстрада әншісі, киноактриса, педагог-профессор Роза Қуанышқызы Рымбаеваның  60 жылдық мерейтойына орай, туған өлкесінде өнер саңлағының концерті ұйымдастырылды.

Концерт барысында аудан басшысы Н.Сыдықов Роза Қуанышқызына «Жарма ауданының Құрметті азаматы» атағын табыс етті. Әйгілі әнші өз кезегінде жерлестерінің ыстық ықыласына дән риза екендігін жеткізіп, алғысын білдірді.
3 қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық Жастар үйінде «Латын әліпбиі – әлемдік өркениетпен байланыстыратын алтын көпір» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестік, ардагерлер кеңесі, Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің мүшелері, еңбек ардагерлері, аудан орталығының белсенді жастары, аудандық БАҚ өкілдері шақырылды. 
Білім беру саласының ардагері Ж.Рахметова жиналған қауымға латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы турасында тармақтап, түсіндіріп өтті. Бұдан соң жиналған көпшілік аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы К.Маханованың «Жаңа әліпбидің ерекшеліктері және оның қолданысқа ену кезеңіндегі сұрақтар» атты баяндамасын тыңдады.
Жарма аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Есполов кездесуді қорытындылай келе, өзінің латын әліпбиіне көшуді толығымен қолдайтынын айтты.
16 қараша күні аудандық Жастар үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша семинар өткізілді.                                    
Іс-шараны облыстық жобалық кеңсенің мүшесі Қ.М.Шериязданова жүргізіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша толықтай түсіндіріп өтті, әрбір қосымша бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне тоқталды, қойылған сұрақтарға жауап қайтарды.  Семинарға аудандық штаб мүшелері, білім беру мекемелерінің басшылары, мәдениет саласының қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар өкілдері қатынасты.  
24 қараша күні «Рухани жаңғыру – жастар жолы» атты аудандық жастар форумы өтті. Ауданда жастар саясатының жүзеге асырылуы бойынша атқарылған жұмыстар туралы Жастар үйінің директоры Б.Самежанова баяндама жасады.  

  • Ішкі саясат
  • Ішкі саясат

Форумға қатысушыларды аудан әкімі Н.Б.Сыдықов құттықтап, жастардың үздік өкілдеріне номинациялар бойынша жүлделер табыс етті. Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.О.Есполов, Үшбиік ауылдық округінің маманы Ө.Шәріпбек өз құттықтауларын жеткізді. Шара аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының концертімен аяқталды.
30 қараша күні аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Аудан әкімі Н.Б.Сыдықов жиналғандарды мерекемен құттықтап, көп балалы аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерін, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы қол күресінен Әлем кубогының иегері Зарина Примак пен қола жүлдегері Қуандық Бейсембаевқа құрмет көрсетіп, сыйлықтар табыс етті.

Мереке соңы Мәдениет үйі көркемөнер ұжымдарының концерттік бағдарламасына ұласты. 5 желтоқсан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қалбатау ауылындағы Жастар үйінде «Қазақ тілі» қоғамы аудандық ұйымының алғашқы төрағасы, «Жарма ауданының құрметті азаматы» Нұролла Өзбековты еске алуға арналған «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты іс-шара өтті.Шара жас ақындардың ана тілі туралы өлеңдерін оқуынан басталды. Жиналғандар назарына Н.Өзбековтің өмірі мен еңбек жолы туралы ақпараттық слайд ұсынылды.

Аудан басшысы Н.Сыдықов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан қадірлі ақсақалдың мемлекеттік тіл мен ұлттық салт-дәстүрлерді қайта жаңғыртудағы еңбегіне тоқталды. Нұролла Өзбековтің бұрынғы әріптестері, достары, жақындары және таныстары өз естеліктерімен бөлісті. Аудан әкімі және Нұролла Өзбековтің ұлы Асқар Өзбеков шығармашылық байқаудың жүлдегерлеріне,  білім және мәдениет қызметкерлеріне алғыс хаттар мен ақшалай сыйақылар тапсырды.Іс-шара аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі көркемөнер ұжымдарының концерттік нөмірлерімен аяқталды.
14 желтоқсан күні аудандық Мәдениет үйінде салтанатты жиналыс өткізілді, оған мекеме, ұйымдар басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, жұршылық өкілдері шақырылды. Аудан әкімі Н.Б.Сыдықов баяндама жасап, елдің және өңірдің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін атап өтті. Әрі қарай марапаттау рәсімі болды. Облыс әкімінің грамоталары еңбек ардагерлері М.Б.Кезекеновке, Р.Б.Сәрсенбаеваға, «Жарма ауданының Құрметті азаматы» атағы тау-кен өндірісі саласының ардагері Б.Е.Сүлейменовке, ардагерлер ұйымының 30 жылдығына мерекелік медальдар С.Ақаев пен А.Өтегенов марапатталды. Сондай-ақ, түрлі салалардың үздік қызметкерлері аудан әкімінің грамотасы мен алғыс хаттарына ие болды.

  • Ішкі саясат
  • Ішкі саясат

Іс-шара аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен аяқталды. Бұл күні аудан әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан жандарды, құрметті азаматтарды қабылдады.
15 желтоқсан күні аудандық Жастар үйінде «Туған жер – алтын бесігім» атты Жайдарман ойыны ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын және мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын насихаттау мақсатында  жалпы 181 адамнан 37 ақпараттық-насихат тобы, оның ішінде: 43 адамнан құралған 4 аудандық, 181 адамнан тұратын округтердегі 33 ақпараттық-насихат топтары құрылып, жұмыс жүргізуде.
2017 жылғы 5 қаңтар күні Жарма ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Н.С.Сабильянов және А.Платонов келді. Ауданға сапары барысында олар Жаңаөзен, Шуақ ауылдарының, Шар қаласының және аудан орталығы -  Қалбатау ауылының тұрғындарымен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында ҚР Парламентінің депутаттары заңнама саласында баяндама жасап, «Рақымшылық туралы», «2017 жылға арналған республикалық бюджет туралы» жан-жақты әңгімелеп, «Нұрлы жер», агроөнеркәсіп секторын дамыту бағдарламаларымен таныстырды, жергілікті округтер бюджеттерінің қалыптасуы және кірістерді жалпыға бірдей міндетті декларациялауға дайындық жұмыстарына тоқталды.         
Ақпан айының 6-сы күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.С.Оспанов Жарма ауданына келіп, Елбасының Жолдауына, конституциялық реформаларға байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өткізді.
Аудан басшысы Н.Сыдықовтың төрағалығымен аудандық Жастар үйінде өткен жиынға қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудан активтері, дербес бөлім, мекеме басшылары, кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары қатынасты.
Ақпан айының 16-сы күні Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Д.Мусин Елбасының Жолдауы мен конституциялық реформалар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесулер өткізді.
Аудан әкімінің орынбасары С.Брынзовтың  төрағалығымен өткен Үшбиік, Аршалы, Қапанбұлақ ауылдық округтеріндегі кездесулерге қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудан активтері, дербес бөлім, мекеме басшылары, кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары қатынасты. Тұрғындар өзекті тақырыптарға тоқталып, көкейтесті сұрақтарын қойды.
3 мамыр күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ШҚО департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы О.Мұсағалидің мемлекеттік мекемелер қызметкерлері және ҮЕҰ өкілдерімен Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  Жолдауын түсіндіру жөніндегі кездесуі өтті.
Аудандық және ауылдық округтердегі ақпарат топтары тарапынан елді мекендерде 2017 жылдың 12 айында ҚР Президентінің Жолдауы, конституциялық реформалар және Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы бойынша 282 кездесу өткізілді.

Жарма ауданы бойынша қоғамдық бірлестіктер

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс

Ауданда ресми тіркелген  үкіметтік емес ұйымдар саны – 7, олар: «Келешек-Будущее» қоғамдық бірлестігі (төрайымы Түкиева Әсел, Шалабай ауылындағы Крупская атындағы орта мектептің мұғалімі), «Ауғанстан соғысы ардагерлерінің Жарма ауданындағы ұйымы» қоғамдық бірлестігі (төрағасы Бургожинов Тілеухан Әнуарбекұлы), «Жарма ауданының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің одағы» ҚБ (Ибиятов Валерий Минигереевич, жеке кәсіпкер), «Жанама» футбол клубы қоғамдық бірлестігі (Балтабаев Қыдыр Рауаянович), «Жігерлі жастар» (жетекшісі - Зухра Какенова), «Жарма ауданының әлеуметтік серіктестік орталығы» қоғамдық қоры (атқарушы директор Құрма Нүкенқызы Тулеубаева), «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Жарма аудандық филиалы» (Нұрлыбек Оспанбекович Есполов).
Ауданда үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен әр түрлі  қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылуда.
10 наурыз күні Жарма аудандық Мәдениет үйінде аудандық ардагерлер ұйымының бастамасымен ақсақалдар арасында «Батаменен ел көгерер» атты аудандық сайыс өткізілді. Шараның басты мақсаты халқымыздың салт-дәстүрін насихаттау, бата берудің қасиеті мен қадірін дәріптеу. 

  • Ішкі саясат
  • Ішкі саясат

Қорытынды бойынша ақсақалдар арасында бата берудің шебері атанған Қаратөбе ауылынан келген З.Таңатаров ақсақал бас жүлде иегері атанды, екінші орынға Терістаңбалы округінен М.Рахиянов пен Қызылағаш ауылынан С.Мубараков ие болды. 
Үшінші орынға Әуезов кентінен Т.Керейбаев ақсақал мен Шар қаласынан Т.Айқынбеков жайғасты. Сайыс жүлдегерлері аудан әкімінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
27 мамыр күні ардагерлердің Тарбағатай ауданына сапары ұйымдастырылып, оның барысында аға буын өкілдері Ырғызбай кесенесіне тағзым етіп, қазақ күресінен әлем кубогының жарыстарын тамашалады.
Сондай-ақ, өткен кезеңде ардагерлер арасында шағын футболдан, бильярдтан, үстел теннисінен, шахматтан аудандық турнирлер өткізілді. «Ауғанстан соғысы ардагерлерінің Жарма ауданындағы ұйымы» қоғамдық бірлестігі тарапынан әскери-патриоттық ойын, шайбалы хоккей жарысы, жастармен кездесулер өткізілді.
18 тамыз күні «Жарма ауданының әлеуметтік серіктестік орталығы» қоғамдық қоры тарапынан «Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де «Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін әрі қарай жаңғырту тұжырымдасы – азаматтардың құқықтарын сапалы жүзеге асыру» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Оған қызмет алушылар, әлеуметтік қызметкерлер, орталық мамандары қатысты.  Ағымдағы жағдай және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру туралы пікірлер айтылды.
20 қазан күні Қалбатау ауылындағы Спорт модулінде ауданның ардагерлер кеңесінің бастамасымен ауданның Құрметті азаматы, білім беру саласының ардагері, ауданның волейбол командасының мүшесі болған М.Әбеновті еске алуға арналған волейболдан ардагерлер арасында аудандық турнир өтті.
10 қараша күні аудандық қоғамдық келісім орталығының шақыруымен ауданға ШҚО Достық үйі жанындағы Белорус мәдени орталығының өкілдері келді. Аталған орталықтың жетекшісі Галина Борисович бастаған қонақтар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жармалықтарға арналған монументке гүл шоқтарын қойып, аудан орталығының көрікті жерлерін аралады, Ардагерлер үйінде болды.

Аудандық Жастар үйінде жұртшылық өкілдерімен кездесу өткізіліп, «Крыничка» ансамблінің үлкен концерті ұсынылды. Мазмұнды да әсерлі бағдарлама барысында ұжымның сүйікті туындылары, халық әндері, қазіргі композиторлардың шығармалары орындалды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай, 2017 жылғы 16 желтоқсан күні Қалбатау ауылындағы Спорт кешенінде үстел теннисінен спорт ардагерлері арасында аудандық турнир өткізілді.

Саяси партиялармен жұмыс
Ауданда 1999 жылдан «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы (төрағасы Н.Сыдықов) жұмыс істейді. Филиал жанынан аудандық мәслихат депутаттары фракциясы (жетекшісі М.Оспанбаев), сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес  (төрағасы Е.Мұхаметқанов), «Жас Отан» жастар қанаты (атқарушы хатшы Е.Қабасова) құрылған.
«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ауданда өткізілетін барлық қоғамдық-саяси, әлеуметтік мәнді шараларға белсене қатынасады.
Партия филиалы тарапынан «Кедергісіз болашақ», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кәсіпкерлерге қамқорлық», «Жолда қоғамдық қабылдау» акциялары өткізілді.
Филиал жанынан «Мұрагер» клубы құрылып, оның құрамына тыл және еңбек ардагерлері енгізілген. Клубтың басты мақсаты жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, өз халқының тіліне, салт-дәстүрлері мен мәдени мұраларына құрмет пен сүйіспеншілікті сіңіру болып табылады. Клуб мүшелері білім мекемелерінде, әскери бөлімдерде, ауылдық округтерде концерттік сапармен болып қайтты.             
Қыркүйек айында «Жас Отан» жастар қанатының есеп беру-сайлау конференциясы өткізілді.   
2017 жылғы  12 қазан  күні  Жарма  аудандық  «Нұр Отан» партиясының  филиалында  «Кедергісіз келешек» партия  жобасының  аясында  Жарма  ауданы  әкімдігінің  «Аумақтық  әлеуметтік  қызмет көрсету орталығы» КММ-сі  бірлесе  «Жылу жүрек, жомарт қол» қайырымдылық  акциясы өткізіліп, мүмкіншіліктері  шектеулі  жандар арасындағы әлемдік, облыстық, аудандық  жарыстарда  жүлдегер атанып жүрген спортшыларға  жиналған  қаражаттан  ақшалай  көмек  табыс етілді.


24 қараша күні аудандық филиал ғимаратында республикалық акция шеңберінде «Әділет кеңес береді» іс-шарасы өткізілді. Оған аудандық әділет басқармасының қызметкерлері, сот актілерін тіркеу бойынша Жарма аумақтық бөлімінің басшысы А.Шегирова, аудандық ішкі істер бөлімінің аға тергеушісі Р.Тургамбаев қатысып, жылжымайтын мүлікті, кәсіпкерлікті тіркеу және басқа мәселелер бойынша сұрақтарға жауап қайтарып, түсініктеме берді.
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай, бірқатар бюджеттік сала қызметкерлерін «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. Кестеге сәйкес, қоғамдық кеңес мүшелері қабылдау өткізеді.  Сондай-ақ, қоғамдық қабылдау бөлмесі тұрғындар өтініштері бойынша жұмыс жүргізеді. Партиялық бақылау тобы әр түрлі бағдарламалар бойынша жүргізілетін жұмыстардың жай-күйін үнемі назарда ұстайды.

Діни бірлестіктермен жұмыс

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес, қазіргі уақытта Жарма ауданы бойынша ресми тіркелген діни бірлестіктер саны – 12, оның ішінде 10-ы – ислам бағытында, 2-уі – католик бағытында. Олар: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы» Жарма аудандық мешіті», Үшбиік ауылдық мешіті, Ақжал ауылындағы «Оралбай мешіті, Шар қалалық мешіті және «Жақсыбек Жұмағұлұлы» мешіті, Әуезов кентіндегі «Аманхан Қасымханұлы мешіті», Жаңғызтөбе кентіндегі «Нұр-Тоқтар» мешіті», «Қызылағаш ауылдық мешіті»,  «Суықбұлақ ауылдық мешіті» және «Жарма ауылдық мешіті».
Басқа ресми тіркелген діни бірлестіктер – 2, олар: «Қасиетті Михаил  Римдік-Католиктік Шіркеуінің Қауымы» діни бірлестігі (Шар қаласы), «Христосты көкке көтеру римдік-католиктік шіркеуінің қауымы» діни бірлестігі (Қалбатау ауылы). Діни ғимараттар саны – 12, бұдан тыс Бірлік және Қапанбұлақ ауылдарында діни рәсімдер өткізетін жеке үй-жайлар (намазхана) бар. Дін мәселелері бойынша ақпараттық-насихат тобының құрамына ішкі саясат, ішкі істер бөлімдерінің, ислам діни бірлестігінің өкілдері енгізілген.
24 қаңтар күні  Қалбатау ауылындағы   Абай, Маяковский орта мектептерінің   9-11 сынып оқушыларымен  «Теріс  діни ағымдардың  қазіргі қоғамдағы кері әсері» атты тақырыпта   кездесу өтті. Кездесуге  ішкі саясат бөлімінің  дін мәселелері бойынша бас маманы  М.Камешев, аудандық  ардагерлер  кеңесінің мүшесі С.Ақаев қатысып, қазіргі қоғамдағы дін туралы өзекті мәселелер жөнінде баяндама жасады.
Кездесу барысында оқушылардың  теріс ағымдардың   жетегіне еріп кетпес үшін сақтану жолдары және қазақ халқының дәстүрлері туралы ақпарат беріліп, соңынан «Дәстүрлі емес діни ағым қайтпас шыңырау» атты деректі фильм көрсетілді. Жиналғандардың  туындаған  сұрақтарына  С.Ақаев, М.Камешев  жауап берді.
1 ақпан күні Қалбатау ауылындағы  Георгиевка орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларымен және «Рахат» қонақ үйі  қызметкерлерімен «Теріс  діни ағымдардың  қазіргі қоғамдағы кері әсері» атты тақырыпта   кездесу өтті. Кездесуге  ішкі саясат бөлімінің  дін мәселелері бойынша бас маман  М.Камешев, аудандық  ардагерлер  кеңесінің төрағасы Н.Есполов қатысып, дін саласындағы өзекті мәселелер жөнінде әңгімеледі.
16-18 наурыз күндері дін мәселелері бойынша облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы үш күндік жұмыс сапарымен Жарма ауданында болды. Облыстық дін істері басқармасының қызметкерлерінен құралған топ мүшелері ауданның елді мекендрін аралап, барлығы 21 кездесу өткізді.

Кездесу барысында жұртшылыққа бүгінгі таңда елімізде дәстүрлі емес діни ағымдардың белең алып тұрғаны, оның мемлекет біртұтастығына тигізетін кері әсері туралы әңгіме өрбіді. Бас қосуға жиналған мешіт қызметкерлері, мекеме өкілдері, жастар тарапынан тиісінше сауалдар қойылды.
2017 жылғы 17 мамырда аудандық Жастар үйінде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекция есебінде тұратын жасөспірімдермен «Ата-анамен қатынаста үлкендерді сыйлау» атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесуге аудандық  ішкі саясат бөлімінің  бас маманы М. Камешев, аудандық мешіттің наиб имамы Ә.Тойғылды  қатысып, қазіргі қоғамдағы отбасы, ата-ананы, ұстаздарды құрметтеу туралы баяндама жасады. Кездесу барысында жиналған қауымға 21 ғасырдың өзекті мәселелері болып саналатын  бала тәрбиесі, жаман қылықтардан сақтану жолдары туралы ақпарат беріліп, соңынан «Мен елімнің патриотымын ба?» атты деректі фильм көрсетілді.
1 қыркүйек – Құрбан айт мерекесі күні аудан әкімі аудандық орталық мешітте болып, жиналғандарды қасиетті мерекемен құттықтады.

  • Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі
  • Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі

27 қыркүйек күні аудандық орталық мешітте «Жаназа. Соңғы сапарға шығарып салу рәсімі» атты семинар өткізіліп, «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітаптың таныстырылымы болды. Бұл іс-шараға құқық қорғау органдарының, ҮЕҰ өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, мешіт имамдары шақырылып, тақырып төңірегінде өз ойларын ортаға салды.
2017 жылдың желтоқсан айының 8 жұлдызында Шар қалалық орталық мешітінің ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесі аталып өтті. Қалалық орталық мешітте өткен мерекеге қалалық бас имам Мұхит Қаржыбайұлы, ақсақалдар алқасы мен мешіттің алқа мүшелері, қалалық әкімдіктің өкілдері және ауыл тұрғындары, жамағат бір кісідей жұмыла отырып қатынасты. Бас имам Пайғамбардың дүниеге келуі жөнінде айта келіп, қасиетті мерекемен құттықтап, жиналғандарды бірлікке, ынтымаққа шақырды.   Қасиетті ай құрметіне Құран-Кәрімнен сүре оқылып, 50 адамға ас берілді.  
14 желтоқсан күні  аудандық ақпараттық насихаттық тобының «Теріс  діни ағымдардың  қазіргі қоғамдағы кері әсері» атты тақырыпта Ақжал және Жаңаөзен ауылдарының тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесуге  ішкі саясат бөлімінің  бас маманы  И.Какимжан, аудандық  орталық мешіттің наиб-имамы  А.Тойғылды, Жарма аудандық әлеуметтік серіктестігі қоғамдық қорының кеңесшісі С. Азаматова қатысып, қазіргі қоғамдағы дінге қатысты өзекті мәселелер жөнінде баяндама жасап, жиналғандардың туындаған  сұрақтарына   жауап берді.

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2017 жылдың 5 айында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат 

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен әр түрлі  қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылуда.
2017 жылғы 7 қаңтар күні аудандық Жастар үйінде православиелік христиандардың «Рождество» мерекесі аталып өтті.
Аудан әкімінің орынбасары А.Ибраев мереке қонақтарын құттықтап, өз сөзінде православиелік христиандар өзге конфессия өкілдері сияқты ұлтаралық келісімді нығайту, қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты сақтауға зор үлестерін қосып отырғанын айтты.

Мерекелік шарада Рождествоны мерекелеуге тән өзіндік рәсімдер өткізілді. Аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы мерекеге арнайы әзірлеген концерттік бағдарламаларын тарту етті. Жарма аудандық орталық ауруханасының қызметкерлері ерекше дайындықтарын көрсетіп, «Ақшақар» биін орындады. Аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері мерекенің дәстүрі бойынша 12 түрлі дәмнен құралған дастархан жайды.
23 қаңтар күні халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің өтуіне орай «Балалардың шығармашылығы және олардың көзімен ЭКСПО-2017» атты балалар арасында сәндік-қолданбалы өнер бойынша көрме – байқау  ұйымдастырылды. 

  • «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2017 жылдың 5 айында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат 
  • «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2017 жылдың 5 айында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат 

Көрмеге техникалық бағыттағы, сәндік-қолданбалы сипаттағы үйірмеге  қатысушылардың бірлескен және жеке жұмыстары қойылып, барлығы 40-тан астам жәдігер сыналды.  Номинациялардың барлық талаптарына сәйкес келген №236, Қажыгелді атындағы орта мектеп, Шәкенов және Т.Хасенов атындағы орта мектептердің өнертапқыштары мен жас шеберлері қазылар алқасы тарапынан атап өтілді.
28 қаңтар күні Жаңаөзен ауылындағы «Мейірім» спорттық сауықтыру лагерінде Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиаданың өтуіне байланысты қысқы спорт түрлерінен аудандық «Денсаулық күні» аясындағы жарыстар өтті.  Аудан әкімінің орынбасары А.Ибраев жарысты салтанатты түрде ашып, өз сөзінде қатысушыларға сәттілік тіледі. Аталған шараға округтерден барлығы 700-ден астам адам қатысты.

Спорттық шараның ашылуында аудан орталығының жалпы білім беру мекемелерінің жоғарғы сынып оқушылары ФЛЕШМОБ ұйымдастырды. Спорттық сайыстарда ауылдық округтер, мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындардың командалары өзара сынға түсті.  Шараның бағдарламасы бойынша: шаңғы жарысы, қол күресі, арқан тарту, гір көтеру және шағын футбол ойындары болды.
15 ақпан күні Қалбатау ауылында Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағынан шығарылуына 28 жыл толуына орай мерекелік шара болып өтті.
Аталған шара Қалбатау ауылының орталық саябағындағы «Интернационалист-жауынгер» ескерткішіне азагүлдерін қойып, еске алу рәсімімен басталды.

Жерлестерімізге арналған салтанатты жиын аудандық Жастар үйінде жалғасты. Оған аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, мектеп оқушылары, аудан тұрғындары және әскери қызметкерлер қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Шара барысында аудандық Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық ұйымы өз тарапынан жастар арасында өткізілетін шараларда белсенділік танытып жүрген бірқатар азаматтарды мақтау қағаздарымен марапаттады. 
20 ақпан күні «Жарма ауданының Жастар үйі» КМҚК және «Жас Отан» ЖҚ   ұйымдастыруымен «EXPO-2017 тиімділігі бар ма?» атты жастардың арасында пікір-талас турнирі өтті.

  • «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2017 жылдың 5 айында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат 
  • «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2017 жылдың 5 айында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат 

Ойынға Георгиевка орта мектебінің және Маяковский орта мектебінің жас ұстаздары қатысты. Шара соңында 1 – орынды Георгиевка орта мектебінің «Қыран» фракциясы, 2 – орынды Маяковский орта мектебінің «Ақиқат» фракциясы жеңіп алды. Қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.
7 наурыз күні аудандық Мәдениет үйінде аудан басшысы Н.Сыдықовтың қатысуымен  Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

Аталған шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып жүрген әйелдер қауымы аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, көпбалалы аналар «Алтын Алқа» төсбелгісіне ие болса,  жылдар бойы ауданның игілігі үшін қызмет еткен және осы күнге дейін туған жерінің өркендеуіне үлесін қосып жүрген Р.Сәрсенбаева «Ауданның Құрметті Азаматы» атағына ие болды. 
Марапаттау рәсімінен кейін аудандық Мәдениет үйінде дәстүрлі және эстрадалық  әндердің орындаушысы, атақты Қарқаралы ақындарының жалғасы, танымал әнші Гүлбаршын Тергеубекованың жеке концерті өтті.
Наурыз мерекесін тойлау барысында білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы, қаржы, құқық қорғау органдары, мемлекеттік қызмет саласының үздіктері жыл қорытындысы бойынша «Жыл үздігі» төсбелгілеріне ие болды.    

  • «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2017 жылдың 5 айында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат 
  • «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2017 жылдың 5 айында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат 

Аудан әкімі Н.Сыдықов жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, марапаттауларды табыс етті.  Бұл күні орталық алаңда 15 киіз үй тігіліп, оның іші ЭКСПО-2017 көрмесіне орай қазақ халқының тұрмыс-салтын бейнелейтін жәдігерлермен безендірілді.
Орталық сахнада Мәдениет үйінің өнерпаздары мерекелік қойылымдар мен театрландырылған көріністер көрсетті. Қазақ халқының ежелден жалғасып келе жатқан ойын-сауық түрі «Алтыбақан» басындағы жастардың ән-думаны мерекенің сәнін келтіре түсті. Алаңға жиналғандар арқан тарту, қол күресі және гір тасын көтеруден сайысты.
15 сәуір күні аудандық Мәдениет үйінде Ғашықтар күні мерекесіне арналған «Ғашықтар кубогы» үшін Жайдарман ойыны өтті. Ойынға ауданның округтерінен барлығы 16 команда қатысты.  

Жармалық жайдарманшылар берілген тақырыпты ашып қана қоймай, 300-ден астам көрерменге күлкі мерекесін сыйлады. Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша «Маусым жаңалығы» номинациясын «Гимназия тентектері» командасы иеленді, «Көрермендер көзайымы» номинациясын қыздардан құралған  «Тамашаlike» командасы алды, «Үздік ойыншы»  атағын Ернұр Әділханов иемденсе, «Үздік әзіл» номинациясын Салқынтөбе ауылынан келген құрама жеңіп алды. Барлық командалардың тобын жарып шыққан Бірлік ауылдық округінен келген «Бірлік ұландары» кубок пен дипломға қол жеткізді. 
19 сәуірде Жарма ауданының әкімі Н.Сыдықовтың студенттермен кездесуі өтті. Семей қаласында әр оқу орындарында білім алып жүрген  600-ден астам студенттің соңғы курстарда оқитын 170-і осы кездесуге келіп қатысты.
Аудан басшысы жастарға  Жарма ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы және алдағы даму жолында атқарылатын маңызды жұмыстар турасында айтып өтті.    

  • «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2017 жылдың 5 айында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат 
  • «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2017 жылдың 5 айында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат 

Аталған шара барысында Жарма ауданының  денсаулық сақтау, білім, ауылшаруашылық, әлеуметтік мәселелер салаларының басшылары ақпарат беріп,   бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Жармалықтар жәрмеңкеге 60 вакансиямен барып, 11 студент қызығушылық танытса, 2 студент Шар қаласындағы Т.Көбдіков атындағы орта мектеп өкілдерімен келісім-шарт жасасып үлгерді. Аудан басшысы жоғарғы оқу орындарында үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп жүргендерді Алғыс хаттармен марапаттады.
2017 жылғы 26 сәуір күні Чернобыль апатындағы оқиғаға орай еске алу күніне арналған шаралар өткізілді. Іс-шара ЧАЭС –тегі апат зардаптарын жоюға қатысушыларға арналған ескерткішке азагүлдер қоюдан басталды.

Бұдан соң, Жастар үйінде ЧАЭС –тегі апат зардаптарын жоюға қатысушыларға арналған үлкен жиын өткізілді. Жиында тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, Чернобыль апаты жайында баяндама оқылды.
Аудан әкімінің орынбасары А.Ибраев Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушыларға естелік медальдар табыстады. Аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары жиналған жұртқа концерттік нөмірлерін ұсынып, жақсы көңіл-күй сыйлады.
1 мамыр күні Қалбатау ауылында Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған «Татулық- достықтың киелі бесігі» фестивалі болып өтті. Аталған шараға ауылдық округтердің көркемөнерпаздары, мектеп оқушылары, мекеме қызметкерлері және аудан тұрғындары атсалысты.  Қатысушылардың барлығы мерекеге орай, әр ұлттың салт-дәстүрі мен өнерін насихаттайтын арнайы дайындалған концерттік бағдарламалары мен ұлттық тағамдарын тарту етті.

  • «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2017 жылдың 5 айында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат 
  • «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2017 жылдың 5 айында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат 

Мерекелік шара барысында аудан әкімі Н.Б.Сыдықов құттықтау сөз сөйлеп, халықтар достығын нығайтуға, ел арасында бірлік пен татулықты насихаттауға арналған шараларға белсене қатысып жүрген бірқатар азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады. Көпшілікке қуаныш сыйлаған мереке аудан көлемінде мектеп оқушыларының арасында ұйымдастырылған «Би әлемі» байқауының қорытынды бөлімімен жалғасты.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған мереке Ортабұлақ-Қалбатау-Малай бағытында веложорыққа қатысушылардың «Мәңгілік ел» монументі жанындағы шағын жиынымен басталды.

Бұдан соң жиналғандар мереке құрметіне ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысу үшін аудандық Мәдениет үйіне шақырылды. Аудан әкімі Н.Б.Сыдықов Отан қорғаушыларды құттықтап, бірқатар азаматтарға құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті. Салтанатты шара аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламаға жалғасты.
25 мамыр күні 2017 жылғы түлектерге арналған дәстүрлі «Ақ жол»  кеші өтті.  Кеш Қалбатау ауылының орталық алаңында ұйымдастырылды. Бағдарлама бойынша Маяковский атындағы мектептің білікті хореографы Қымбат Мұратқызының түлектерден құрылған вальс биінің қойылымы болды.

  • «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2017 жылдың 5 айында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат 
  • «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2017 жылдың 5 айында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат 

Сонымен қатар кеш барысында аудандағы жастар саясатының жүзеге асырылуына үлестерін қосып жүрген белсенді жастар марапатталды. Жастар үйінің  директоры Б.Самежанова түлектерге ақ жол тілеп, «Алғыс хаттар» табыс етті.
Кештің тағы бір қызықты кезеңі ұтысты лотерея ойыны болды. Кеш барысында өткізілген  «Instagram» желісіндегі селфи байқауына кеш қонақтарының көпшілігі қатысты. Аталған іс-шара би кешімен жалғасты.
25 мамыр күні республикалық «Туған жер» акциясы аясында Қызылағаш орта мектебінде осы білім ордасының түлегі, республика көлемінде және шетелдерге де танымал, техника ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі,  Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Ғалымқайыр Мүтановпен кездесу өтті. 

Ол мектептің соңғы қоңырауына қатысып, мектеп ұжымына алғысын білдіріп, құттықтау сөз сөйледі. Ғалымқайыр Мүтанов өзі білім алған мектепке барлық керекті техникамен жабдықталған компьютерлік сыныпты сыйға тартты. Жарма ауданының әкімі Н.Сыдықов салтанатты соңғы қоңырау барысында қонаққа алғысын білдіріп, ол кісінің бұл жомарт қадамы көптеген жармалықтарға үлгі болатынын атап өтті.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын және мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын насихаттау мақсатында  жалпы 181 адамнан 37 ақпараттық-насихат тобы, оның ішінде: 43 адамнан құралған 4 аудандық, 181 адамнан тұратын округтердегі 33 ақпараттық-насихат топтары құрылып, жұмыс жүргізуде.
2017 жылғы 5 қаңтар күні Жарма ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Н.С.Сабильянов және А.Платонов келді. Ауданға сапары барысында олар Жаңаөзен, Шуақ ауылдарының, Шар қаласының және аудан орталығы -  Қалбатау ауылының тұрғындарымен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында ҚР Парламентінің депутаттары заңнама саласында баяндама жасап, «Рақымшылық туралы», «2017 жылға арналған республикалық бюджет туралы» жан-жақты әңгімелеп, «Нұрлы жер», агроөнеркәсіп секторын дамыту бағдарламаларымен таныстырды, жергілікті округтер бюджеттерінің қалыптасуы және кірістерді жалпыға бірдей міндетті декларациялауға дайындық жұмыстарына тоқталды.         
Ақпан айының 6-сы күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.С.Оспанов Жарма ауданына келіп, Елбасының Жолдауына, конституциялық реформаларға байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өткізді.

  • «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2017 жылдың 5 айында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат 
  • «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2017 жылдың 5 айында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат 

Аудан басшысы Н.Сыдықовтың төрағалығымен аудандық Жастар үйінде өткен жиынға қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудан активтері, дербес бөлім, мекеме басшылары, кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары қатынасты.
Ақпан айының 16-сы күні Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Д.Мусин Елбасының Жолдауы мен конституциялық реформалар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесулер өткізді.

Аудан әкімінің орынбасары С.Брынзовтың  төрағалығымен өткен Үшбиік, Аршалы, Қапанбұлақ ауылдық округтеріндегі кездесулерге қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудан активтері, дербес бөлім, мекеме басшылары, кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары қатынасты. Тұрғындар өзекті тақырыптарға тоқталып, көкейтесті сұрақтарын қойды.
Аудандық және ауылдық округтердегі ақпарат топтары тарапынан елді мекендерде 2017 жылдың 5 айында ҚР Президентінің Жолдауы, конституциялық реформалар және Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы бойынша 135 кездесу өткізілді.

  • «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2017 жылдың 5 айында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат 
  • «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2017 жылдың 5 айында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат 
Парақтар өзгертілді: 12-04-2018