Ішкі саясат

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2015 жылдың 4 тоқсанында және 2016 жылдың қаңтар айында атқарылған  іс-шаралар туралы ақпарат

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен әр түрлі  қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылуда.
2015 жылғы 1 қазан күні Шар қалалық Мәдениет үйі жанындағы ардагерлер хорының құрылуының 20 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.  Қазіргі уақытта ардагерлер хоры «Халықтық» көркемөнер ұжымы атағына ие,  аудандық және облыстық деңгейдегі әр түрлі шараларда табысты өнер көрсетуде. Сондай-ақ, жыл сайын ауылдық округтерде, еңбек ұжымдарында концерттік сапарлармен болып қайтады. Ұжым мүшелерін мерейтойларымен аудан әкімінің орынбасары А.Ибраев құттықтап, аудан басшылығы атынан алғыс хаттар мен грамоталар табыс етті.

  • Внутренняя политика
  • Внутренняя политика

Салауатты өмір салтын насихаттау және ауыл жастарының спортқа деген қызығушылықтарын арттыру  мақсатында, 2 қазан күні Қалбатау ауылындағы аудандық Жастар үйінде жастар арасында үстел теннисінен аудандық жарыс өткізілді. 
«Жастар салауатты өмір салты үшін!» деген атпен өткізілген спорт бәсекесінде ауданға қарасты барлық ауылдық округтің жастары бақ сынады. Жарысты ұйымдастырушылар тарапынан спорттық сайыс топтық жүйеде өткізілді. Тартысқа толы додада бас жүлде Қалбатау ауылдық округіне тисе, жүлделі 2- ші және 3-ші орындарды Қапанбұлақ, Бірлік ауылдық округтерінен келген жастар өзара бөлісті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы  сыйлықтар, мақтау қағаздарымен марапатталды.

18 қазан  күні  аудандық Жастар үйінде Рухани келісім күніне арналған дөнгелек үстел  өткізіліп, оған мекеме, ұйым өкілдері, діни және қоғамдық бірлестіктердін өкілдері қатысты. Жиналған қауымды аудан әкімінің орынбасары А.Ибраев,  аудандық мәслихат хатшысы  Н.Есполов  Рухани келісім күнімен құттықтады. Аудандық орталық мешіттің имамы А.Тойғылды, ислам негізі дінаралық келісімге шақырады және орынсыз фанатизмге жол бермеуге тиістігіне тоқталып,  әркім өз жүрегінде ақ тілекпен өмір сүріп, мемлекетіміздін болашақта гүлдеп өркендеуіне үлес қосуы керек деген ойымен бөлісті.
Аудандық қоғамдық кеңес   төрағасы Д.Какиманов аудандық қоғамдық келісім орталығының жетекшісі Т.Пяткова дінаралық және ұлтаралық келісім Қазақстан халқының ең құнды байлығы екеніне  тоқталды. Абай-мектеп гимназиясының дінтану пәнінің мұғалімі Т.Бөлкенов рухани келісім күнімен жиналған қауымды құттықтап қазақ халқының тарихы, мәдениті және рухани құңдылықтары жайлы  баяндады.
Дінаралық келісім және қоғамдық тұрақтылықа үлес қосып жүрген бірқатар қоғамдық және діни бірлестік өкілдері аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
12 қарашада аудандық Жастар үйінің ұйымдастыруымен «Күз Аруы-2015» байқауының финалы өтті. Аталған байқауға 5 ауылдық округтен  бойжеткендер қатысты. Шара қорытындысы бойынша Қалбатау ауылынан Мерашева Назерке Канатбекқызы «Күзгі Ару -2015» номинациясын, Қызылағаш ауылдық округінен Аубакирова  Айгерім Русланқызы  I орын, Мейрамбекова Динара Мақсатқызы II орын Жаңғызтөбе кентінен, Жанаөзен ауылынан Халық Жаңыл III орын және Шалабай ауылдық округінен Мүсрепова Кенжегүл Кажкенқызы «Өнерлі ару» номинациясын жеңіп алды.     
Қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
19 қараша күні аудандық Жастар үйінде аудан әкімі Н.Сыдықовтың және облыс ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Г.Құсанованың қатысуымен Жарма ауданының ардагерлер ұйымының XI конференциясы өтті. Салтанатты ашылуы Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Конференция жұмысына бөлім басшылары мен ауылдық округтердің әкімдері шақырылды.
Қабылданған қаулыда ардагерлер кеңесінің жұмысы «қанағаттанарлық» деп бағаланып, ардагерлер кеңесінің төрағалығына қайтадан С.Малғаждаров тағайындалды.
Қорытындысында аудан әкімі Н. Сыдықов ардагерлер ұйымының белсенді мүшелеріне  алғыс хаттар табыс етті.
2015 жылңғы 23 қараша күні Жастар үйінде  жас мамандар арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған «Нұрлы жол-жастар жолы» атты дебаттық турнир өтті. 
Ойын нәтижесі бойынша  Абай атындағы мектеп-гимназияның «Қыран» фракциясы бірінші орынды, Георгиевка орта мектебінің «Ақиқат» фракциясы 2 – орынды жеңіп алды.Қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.

  • Внутренняя политика
  • Внутренняя политика

25 қараша күні Жарма ауданының Жастар үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай «Жігіт сұлтаны» атты сайысы өтті. Сұлтандар сайысы бірнеше бөлімнен тұрды: сәлемдесу рәсімі, қол күрес, гір көтеру өнер сайысы, интелектуалдық сайыс. Ойын нәтижесінде  III орынды Түсіпбек Абзал (Делбегетей ауылдық округі), II орын Мұратбеков Досым (Қалбатау ауылдық округі), I орын Махаббат Санат (Шуақ кенті). Бас жүлдені Тлеухан Нұрбек (Жаңғыз төбе кенті) жеңіп алды. Байқауға қатысушылар марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

2015 жылы 30 қараша күні Жарма ауданының Жастар үйінде «Мұрагер»  отауының бес жылдық мерейтойына арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Оған аудан әкімі Н.Сыдықов, Қалбатау ауылдық округының әкімі С.Торғаев, мәслихат хатшысы Н.Есполов, бөлім басшылары мен қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты. Мереке соңында аудан әкімі Н.Сыдықов «Мұрагер» клубының мүшелеріне арнайы алғыс хат және естелік сыйлықты табыс етті.

1 желтоқсан күні Жарма ауданының Жастар үйінін ұйымдастырумен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай мекемелер арасында «Отаным - алтын бесігім» атты жайдарман (КВН) ойыны өтті. Командалар жоғарғы деңгейде ойын көрсетті. Әр команданың өз жанкүйерлері қызу қолдап отырды. 

  • Внутренняя политика
  • Внутренняя политика

Қорытынды бойынша үшінші орынды аудандық орталық команда ие болса, екінші орын Маяковский атындағы орта мектебі «МаякKZ» бұйырып, бірінші орынды Абай атындағы мектеп гимназияның оқуытушылары «Мұғалім чики» атты команда алды. Бас жүлдені «I baby» «Айгөлек» балабақшасы жайдарман тобы жеңімпаз болды. Барлық қатысушылар дипломдар, бағалы сыйлықтармен  марапатталды.
1 желтоқсан күні Жарма ауданының Шар қаласындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған мекеме, ұйымдар басшылар, аудандық мәслихат депутаттары, жұртшылық өкілдері қатысты. Аудандық мәслихат хатшысы Н.О.Есполов баяндама жасап, Шар қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы С.Ирбаев, Қалбатау ауылындағы Абай атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі А.Әділғазықызы құттықтау сөз сөйледі.
Жиналғандарды Жарма ауданың әкімі Н.Б.Сыдықов құтықтап, марапаттауларды табыс етті. «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен Шар қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Мұсатаев, білім беру саласының ардагері Е.Квач, Жарма ауданы әкімінің грамотасымен Шар қаласы әкімі аппаратының бас маманы Р.Қыдырбаева, аудан әкімінің алғыс хатымен №55 өрттен қорғау бөлімінің инженері, өрт қауіпсіздігі қызметінің капитаны М.Ракишева, «Маяковский атындағы негізгі мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Н.Орынбаев, Шар қаласы бойынша күндізгі жартылай стационардың әлеуметтік жұмыс бойынша маманы Н.Аукенова, Шевченко атындағы негізгі мектептің тарих пәнінің мұғалімі К.Рахимбердина, Шар қалалық ауруханасының дәрігер-реаниматологы С.Тілеубердинов, Шар қалалық полиция бөлімшесінің кіші инспектор-кинологы, полиция сержанты Ш.Хайбулин марапатталды.
Мерекелік шара аудандық мәдениет бөлімі көркемөнер ұжымдарының концертімен аяқталды.

15 желтоқсан күні Қалбатау ауылының Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтантты жиыны өтті. Оған ауылдық округ әкімдері, бөлімдердің, мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары, аудандық және облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. 
Аудан әкімінің орынбасары А. Ибраев баяндама жасады. Жиналған қауымды Жарма ауданының әкімі Н.Б Сыдықов құттықтады. Бұдан соң аудан басшысы және аудандық мәслихат хатшысы Н.Есполов марапаттаулар табыс етті. 
«Жарма ауданының Құрметті азаматы» атағы Шемонаиха ауданының әкімі А.Ж Тоқтаровқа берілсе, Қазақстан Респуликасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен аудандық мәслихат хатшысы Н.О Есполов марапатталды. Сондай-ақ әртүрлі саладағы үздік қызметкерлер, аудан әкімінің Құрмет грамотасымен және алғыс хатымен марапатталды. Салтанатты жиын аудандық мәдениет бөлімі көркемөнер ұжымдарының мерекелік концертімен аяқталды.

16 желтоқсан күні Шар қаласының Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай оқушылар арасында «Туған жер - алтын бесігім» атты жайдарман (КВН) ойыны өтті. Командалар жоғарғы деңгейде ойын көрсетті. Ойынға ауылдық-аймақтан жиналған 10 команда қатысты. Әр команданың өз жанкүйерлері қызу қолдап отырды. Қорытынды бойынша үшінші орынды Салқынтөбе ауылының «Жалынды Жастар» командасы ие болса, екінші орын Бірлік ауылдық округінің «Бірлік ұландары»-на бұйырып, бірінші орынды Шар қаласының «Juniors» атты команда алды. Бас жүлде «Жастар stail» Қапанбұлақ ауылдық округінің жайдарман тобы жеңімпаз болды. «Үздік әзіл» номинациясын Қалбатау ауылының  «Сыныптастар» командасы алса, «Үздік ойыншы» номинациясын Қапанбұлақ ауылының командасының ойыншысы Байтұрсын Диана ие болды.  Барлық қатысушылар дипломдар, бағалы сыйлықтармен  марапатталды.

  • Внутренняя политика
  • Внутренняя политика

25 желтоқсан күні Қалбатау ауылындағы аудандық Жастар үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын қорытындылауға арналған «Достық фестивалі» өтті.  Оған аудандық қоғамдық келісім орталығының мүшелері, ауданда тұратын түрлі ұлт өкілдері қатынасты. 
Жарма ауданының әкімі Н.Б.Сыдықов өзінің құттықтау сөзінде 2015 жыл Тәуелсіз Қазақстан тарихында ерекше жыл болғандығын атап өтті. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы сияқты мерекелік даталар өткеніміздің жарқын беттерін айшықтайтын елеулі оқиғалар болып саналады. 
Еліміздің барлық жетістіктерінде Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған бірегей қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесі айырықша. 
Ұлттық бірлік пен қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға Жарма ауданында тұратын 17 ұлттың өкілдері де өз үлестерін қосуда.Сондай-ақ, жиналғандарды аудандық қоғамдық келісім орталығының жетекшісі Т.Н.Пяткова құттықтады. 
Аудан басшысы және аудандық мәслихат хатшысы Н.Есполов аудандық қоғамдық келісім орталығы мен білім беру мекемелерінің өкілдеріне Ассамблея жылына арналған шараларды өткізуге белсене қатынасқаны үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының және аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыс етті. Фестиваль Өнер мектебі, Мәдениет үйі және аудан орталығындағы білім мекемелері өкілдерінің орындауында Қазақстан халықтарының ән, билерін орындаумен жалғасты. 

Рождество – ізгі үміттер мен тілектер мерекесі. Бұл мереке ғасырлар бойы адамдарға қуаныш сыйлап, бір-біріне деген сыйласымдылық пен кешірімділік қасиеттерге баулып, әр үйге әсем де айшықты, көңілді күймен енуде. Осы православиелік жарқын мерекеге байланысты, 2016 жылғы 7 қаңтар күні ауданда «Рождество» мерекелік шарасы өтті.
Аудандық Жастар үйінде жиналған мекемелер мен ұйымдар, жұртшылық өкілдерін аудан әкімінің орынбасары А.Ибраев, аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалының бірінші орынбасары А.Сахметжанова құттықтады. Сондай-ақ, еңбек ардагері, К.Гаврилко, аудандық орталық мешіттің наиб имамы Ә.Тойғылды, өз құттықтау тілектерін жолдады. Мереке барысында жиналған қауымға православиелік христиандардың осы мейрамға қатысты орындалатын жоралар туралы еркін түрде түсіндіріліп және мерекеге қатысты әзірленетін ас мәзірі таныстырылды. 

  • Внутренняя политика
  • Внутренняя политика

Мерекелік шара аудан орталығындағы білім беру мекемелерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын және мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын насихаттау мақсатында  жалпы 38 ақпараттық-насихат тобы, оның ішінде: 46 адамнан құралған 5 аудандық, 181 адамнан тұратын округтердегі 33 ақпараттық-насихат топтары құрылып, жұмыс жүргізуде.
2015 жылғы 9 желтоқсан күні Жарма  аудандық Жастар үйінің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауы бойынша «Жолдау және жастар келешегі» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты-жастар арасында Жолдаудың негізгі ережелерін насихаттау.
Дөңгелек үстел отырысына «Нұр Отан» партиясының Жарма аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сахметжанова, Кәсіпкерлік палатасының Жарма аудандық филиалының директоры  Б.Жумакишев, Жұмыспен қамту бөлімінің маманы Л.Нұрлыбаева, Абай атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі А.Әділғазы,  «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері және жас мамандар қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар  Жолдау бойынша өз ойларын бөлісті.

  • Внутренняя политика
  • Внутренняя политика

2016 жылғы 12 қаңтар күні Қалбатау ауылында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер туралы» тақырыбында аудан активінің жиналысы өтті.
Актив жұмысына бөлімдер, мекемелер мен кәсіпорындар басшылары,  әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатынасты. Күн тәртібінде мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары А.М.Ибраев баяндама жасады.

  • Внутренняя политика
  • Внутренняя политика

Жарыссөзге Шар қаласының әкімі Т.Н.Садықов, аудандық мәслихат депутаты, аудандық телекоммуникация торабының директоры М.М.Жүреров, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-нің бас директоры Ю.Б.Овчинников, «Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сінің басшысы Р.Н.Қасенов, еңбек ардагері, аудандық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Д.С.Какиманов қатысты. 
Актив жиналысын қорытындылай келе, Жарма ауданының әкімі Н.Б.Сыдықов жиналғандарды ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларымен қысқаша таныстырып, атқарушы органдардың Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді табысты жүзеге асыру жөніндегі міндеттеріне тоқталды.

21 қаңтар күні аудандық Жастар үйінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсім, реформалар, даму» атты халыққа Жолдауын түсіндіру бойынша Шығыс Қазақстан облысының ведомствааралық ақпараттық-насихат тобының жұмыс кестесіне сәйкес, топ мүшесі Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қ.Кизатовтың қатысуымен кездесу болып өтті.
Жиынға аудан әкімдігің өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ҮЕҰ өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысты. 
Мемлекеттік маңызды құжатқа байланысты аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Д.Какиманов, аудандық еңбекті қорғау инспекторы Садықов М. Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының директоры Н.Рахимбаев өз ойларымен бөлісті. 
«Туған жерге тағзым» акциясы бойынша 2015 жыл ішінде 40 жоба жүзеге асырылып, 65,0 млн. теңге қаржы игерілді.

  • Внутренняя политика
  • Внутренняя политика

 

 

 

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2015 жылдың маусым-қыркүйек айларында атқарылған  іс-шаралар туралы ақпарат 

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен Ассамблея жылы аясында әр түрлі  қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылуда. 4 маусым күні аудан орталығы - Қалбатау ауылындағы «Мәңгілік Ел» монументі алдында «Мемлекеттік  рәміздер күніне» арналған «Мемлекеттік рәміздер –елдігіміздің белгісі» атты тақырыпта патриоттық акция болып өтті. Іс-шараға мекеме, ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудан жастары қатысты. Акция мемлекеттік ту ұстаған автоколоннаның шеруімен басталды.  Іс-шара барысында аудандық мәслихат хатшысы Н.Есполов, әкімшілік өкілдері, ҮЕҰ мүшелері, жастар қауымы жұртшылықты аталған мерекемен құттықтады, рәміздерге арналған жыр шумақтары оқылып, концерттік номерлер орындалды.

 

  • Ішкі саясат
  • Ішкі саясат

 

 

Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында «Үздік жас мемлекеттік қызметші-2015» байқауы болып өтті. 4 кезеңнен тұратын байқауға 8 үміткер қатысты.   Байқау нәтижесі бойынша Нұрбекова Маржан (Делбегетей ауылдық округі) І орынды, Балкөбеков Ардак (Божығұр ауылдық округі) ІІ орынды және Қабдұлова Назым (Акжал ауылдық округі) ІІІ орынды жеңіп алды.

Байқау жеңімпаздары аудан әкімінің дипломдары, алғыс хаттары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

  • Ішкі саясат
  • Ішкі саясат

 

Жарма ауданының шалғайдағы шағын елді мекендерінің бірі – Жарықтас ауылында маусым айының 24-і күні Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі өтті. Ауыл өміріндегі бұл ерекше оқиғаға осы ауылдан түлеп ұшқан, қазір республиканың әр өңірлерінде тұратын, сондай-ақ Ресейден қонақтар жиналды.

«Туған жерге тағзым» акциясының аясында салынған ескерткіштің ашылу рәсімінде Жарма аудандық мәслихатының хатшысы Н.Есполов, тыл еңбеккері О.Әбдікәрімова, ауданның Құрметті азаматы А.Мұсағитов, еңбек ардагерлері А.Жанпейісов, Ә.Құмаровтар құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Оралжан апа дәстүрге сай осы іс-шараны өткізуге ұйтқы болған Қайырбек Дәкеновтің иығына шапан жапты.

  • Ішкі саясат
  • Ішкі саясат

Ескерткіш тақтаны орнатуға белсене қатынасқан ауыл тұрғындары мен тумаларына аудан әкімінің және округ әкімінің алғыс хаттары табыс етілді. Жиыны 151 адамның, соғыс және тыл ардагерлерінің аты-жөндері жазылған ескерткіш тақтаны ашу құрметі мәслихат хатшысы Н.Есполов пен осы ауылдың тумасы, Қазақстан Қарулы күштерінің полковнигі Б.Ибрайымовқа берілді. Ескерткіш тақтаға азагүлдер қойылып, бір минут үнсіздік жарияланып, жиналғандар естелік суретке түсті.

Ескерткіштің ашылу құрметіне аудандық Мәдениет бөлімінің өнерпаздары ұсынған әсем әуендер тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Бұдан соң соғыста қаза тапқан және дүниеден өткен жерлестер құрметіне құран оқылып, ас берілді. Мереке ат бәйгесімен, табиғат аясындағы мәдени-көңіл сергіту шараларымен жалғасты. Жарма ауданының жұртшылығы Астана күні мерекесін кең көлемде атап өтті. Бұл күні аудандық ішкі саясат бөлімі, мәдениет және спорт бөлімі, аудандық Жастар үйімен бірлескен бірнеше іс-шаралар атқарылды.

Аудан орталығы Қалбатау ауылында салтанатты жиын, округтер жастары арасында «асық ату» жарысы ұйымдастырылып, шағын футбол ойыны, ән-би байқауы өтті. Осындай іс-шаралар басқа ауылдық округтерде де ұйымдастырылды.

 

  • Ішкі саясат
  • Ішкі саясат

2015 жылдың 9 шілдесінде аудандық әкімдікте аудан әкімінің міндетін атқарушы Т. Каимулдиновтың төрағалығымен жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Отырыс барысында «2015 жылғы маңызды іс-шаралар аясында, жастардың арасында маңызды әлеуметтік іс-шараларды өткізу туралы» Үшбиік ауылдық округінің әкімі П. Оралбаеваның, екінші мәселе бойынша «Мемлекеттік жастар саясаты-2020» тұжырымдамасы аясындағы жұмыстардың орындалуы туралы» Жарма кентінің әкімі А.Ансабаевтың есептері тыңдалып, аталған бағыттағы жұмыстар қанағаттанарлық деп танылды.

Мемлекеттік рәміздердің мәртебесін арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» мерекесі қарсаңында Жарма ауданында ағымдағы жылдың 12-25 шілдесі аралығында «Рәміздер-ел мақтанышы» акциясы жарияланды. Аталған онкүндік акция аясында ауданның ауылдық, кенттік округтеріндегі рәміздердің жай –күйі тексерілді. Тексеру нәтижесі бойынша анықталған кейбір кемшіліктер, тозған және алдағы уақытта қолдануға келмейтін рәміздерді жою бойынша тапсырмалар берілді.

2015 жылдың 1 тамызы күні Шар қалалық мәдениет үйінде Теміржолшылар күніне арналған мерекелік салтанатты кеш өтті. Жиналған теміржол қызметкерлерін төл мерекелерімен Жарма аудандық маслихаттың хатшысы Есполов Н. О., Шар қаласының әкімі Садықов Т.Н., Семей теміржол бөлімшесінің басшылары құттықтап, еңбек озаттарына төс белгілер, мадақтамалар және алғыс хаттар табыс етті. Залда жиналған халыққа Шар қалалық мәдениет үйінің әншілері өз өнерлерін тарту етті. Мереке спорт мектебінің алаңында, спорт ойындарымен.

2015 жылғы  11 тамыз күні Жарма ауданында  облыстық ақпараттық –насихат тобы мүшелері  «Баршаға арналған 100 нақты қадам –Ұлт жоспарын» түсіндіру бойынша тұрғындардың арнаулы топтармен кездесулер өткізді. Атап айтқанда; «ШҚО  бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы»  РМК филиалы директорының орынбасары  Т.К Накишев округ әкімдерімен, мекеме басшылары және өкілдерімен, мәслихат депутаттарымен, ШҚО адвокаттар алқасының төрайымы Б.А Ахметжанова құқық қорғау органдары  қызметкерлерімен, «Жергілікті өзін –өзі басқаруды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Н.В. Сафонова әр сала  өкілдерімен, мәдениет, білім беру саласының қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар өкілдерімен, облыстық жұмыспен қамту үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар  басқармасының  басшысы А.Е. Садықова әлеуметтік сала қызметкерлері, шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті. Кездесулерге аудан әкімінің міндетін атқарушы Т.Каймулдинов, аудан  әкімінің орынбасары С.Брынзов, аудандық  мәслихат хатшысы  Н. Есполов қатысты.

 

  • Ішкі саясат
  • Ішкі саясат

 

2015 жылдың 12 тамызында Халықаралық Жастар күніне орай, Шар су қоймасының жағажайында «Болашақ – жастардың қолында» атты іс шара өтті. Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған  шара бірнеше спорттық ойындардан тұрды: волейбол, футбол, арқан тарту, эстафета жарыстары және т.с.с. ойындар.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері сыйлықтар және грамоталармен марапатталды.

2015 жылғы 18 тамызда  Қалбатау ауылындағы аудан әкімдігінің мәжіліс залында  Шығыс Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің  көшпелі отырысы   болып өтті. Кездесуге  ШҚО мобильді тобы құрамындағы қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты. Күн тәртібіндегі  «Тұрғындардың аз қамтамасыз етілген топтарын әлеуметтік қолдау туралы», «Жарма ауданы бойынша 2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы» мәселелер бойынша аудан әкімі аппаратының заңгерлік және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің жетекшісі М.Жаябаев, «Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сінің басшысы Р.Қасенов баяндады. ШҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы В.Ф.Лопаткин  Кеңестің қызметі, мақсаттары мен міндеттеріне  тоқталып өтті. Қоғамдық кеңес жұмысын Жарма ауданы әкімінің орынбасары С.М.Брынзов қорытындылады.

Ағымдағы жылдың 20-21 тамызында Қазақстан Республикасы парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Н.С. Сабильянов жұмыс сапарымен Жарма ауданында болып қайтты.
Депутат Жаңғызтөбе, Қалбатау, Қаратөбе, Шар қаласы, Суықбұлақ, Қоңырбиік және Қарасу ауылдарында болып, ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерімен танысты.

2015 жылдың 25 тамызында Қалбатау ауылындағы аудандық Жастар үйінде «Қоғамдық келісім орталығының» ауылдық округтердегі филиалдары төрағаларының кездесуі өткізілді. Кездесуге Шығыс Қазахстан облысының «Достық үйі –қоғамдық келісім орталығының» директоры Э.Төлеубеков, талдау және әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі Л.Жұмашева қатысты.
Аталған іс-шарада Қазахстан халқы Ассамблеясы және Конституцияға байланысты бейнеролик ұсынылды. Конституция мен Ассамблеяның жұмыс барысы, шығу тарихы турасында ойлар ортаға салынды. Сөз кезегін алған Эльдар Төлеубекұлы облыстық Достық үйінің және қоғамдық келісім орталығының жұмыс барысына кеңірек тоқталды.
Сонымен қатар округтерден шақырылған төрағалар өз сұрақтары және ұсыныстарымен бөлісті. Кездесу барысында шеберлік сабағы, психологиялық тренинг ұйымдастырылды.

2015 жылдың  28 тамыз күні  Қалбатау ауылында, Мәдениет үйінде  Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына байланысты мерекелік салтанатты шара өтті.  Жарма ауданының  әкімі Ә.М.Мұхтарханов, аудандық  маслихат хатшысы Н.О.Есполов құттықтау сөз сөйлеп,  Конституцияның  20 жылдығына байланысты мерейтойлық медальдарымен ауданның белсенді азаматтарын марапаттады.

Сондай–ақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесіне қабылданғандарға партия билеттері табысталды. Аталған шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік  концерттік бағдарламасымен  қорытыланды.      
5 қыркүйек күні Жарма ауданының Қалбатау ауылында жыл сайынғы кең ауқымды «Денсаулық фестивалі» акциясы өткізілді. Фестивальдің ұраны «Саламатты өмір салтына «Иә!» дейміз!»  Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың саламатты өмір салтын жүргізу, бұқаралық спортты кеңінен тарату, тиімді және теңгерімді тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту және денсаулық үшін ынтымақты жауапкершілік  мәселелері  бойынша ақпараттандырылуын арттыру. Болат Тұрлыханов атындағы спорт кешеніне жиналған мекеме, ұйымдар өкілдерін, оқушыларды аудан әкімінің орынбасары С.М.Брынзов, аудандық орталық аурухананың саламатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі дәрігері Н.Б.Ибрайымова құттықтады.

Ашылу салтанатынан кейін акцияға қатысушылар дене шынықтыру жаттығуларын жасап, спорттық билер, флеш-моб билерін орындады. Бұдан соң «Толағай» отбасылық-спорттық сайысы өтті. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды орталық аурухана атынан сынға түскен Рахимбаевтар отбасы жеңіп алса, екінші орынды Маяковский атындағы орта мектептен Сапаковтар, үшінші орынды Георгиевка орта мектебінен Көшкінбаевтар отбасы иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Фестиваль шеңберінде медицина қызметкерлері «Денсаулық қалашығын» ұйымдастырып, онда дәрігерлер саламатты өмір салтының әр аспектілері бойынша, денсаулықты сақтау және нығайту жөнінде тегін кеңестер өткізді.

 

  • Ішкі саясат
  • Ішкі саясат

 

8 кыркүйек күні аудан әкімі Әнуарбек Мұхтарханов Шығыс Қазақстан облысы ақпараттық орталығында баспасөз конференциясын өткізді. Аудан басшысы өңірдің жалпы негізгі экономикалық күші мал шаруашылығына туралы айтып, соңғы жылдары өнеркәсіп өндірісі кеңінен өріс алып, өзіндік серпін беріп отырғандығынан айта келе, бірқатар өндіріс ошақтарының жұмысына кеңінен тоқталды. Бұдан соң ол журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап қайтарды. 

11 қыркүйек күні Жарма ауданының Жастар үйінде «Шығыс Қазақстан жастар ақпарат аналитикалық агенттігі» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында бас қосу болып өтті. Жиынға ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің бөлім кеңесшісі Асқар Арыстан, білім беру, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, құқыққорғау органдарының өкілдері, ҮЕҰ мүшелері, мемлекеттік қызметшілер, аудан жастары қатысты.

12 қыркүйек күні аудандық Жастар үйінін ұйымдастырумен Қалбатау ауылдық окургы мектеп командаларының арасында «Достық кубогі-2015»  атты жайдарман (КВН) ойыны өтті. Қорытынды бойынша бас жүлдені Георгиевка орта мектебінің «Жастар Life» жайдарман тобы иеленді.
Барлық қатысушылар дипломдар, бағалы сыйлықтармен  марапатталды.

 

  • Ішкі саясат
  • Ішкі саясат

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша аудандық ақпараттық-насихат тобының кестесі әзірленіп, бекітілді. Аудандық ақпарат тобы 41 адамнан құрылған, топ құрамына әкімнің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар өкілдері енгізілген.

 Сондай-ақ, 22 әкімшілік-аумақтық бірлікте жалпы саны 223 адамнан 40 ақпараттық-насихат топтары  құрылған.

Жыл басынан бері Жолдау тақырыбына елді мекендерде, мекеме, ұйымдарда 291 іс-шара өткізіліп, 16707 адам қамтылды. Аудандық газетте Жолдау тақырыбына 22 материал (пікірлер, мақалалар) жарияланды. 23 баннер әзірленіп, орналастырылды.
Ағымдағы жылдың 22 шілдесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Т.Ибраев Жарма ауданының  жұртшылығымен кездесіп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру жолдары мен ауылдық округтерге қатысты басымдық берілген «қадамдарға» тоқталды. Жиын соңында қатысушылар Мәжіліс депутатына өздерінің көкейдегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

  • Ішкі саясат
  • Ішкі саясат

 

2015 жылы 25 тамызда Қ.Р Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті ШҚО тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Т.Құсайынов Жарма ауданы әкімшілігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппаратымен, аудандық мекемелердің басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Тілеуқабақ Нұрғазыұлы Елбасының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «100 қадам» Ұлт жоспары нақты, түсінік беріп өтті. Кездесуден соң, Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі «Нұр Отан» партиясы Жарма аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

«Туған жерге тағзым» акциясы бойынша құны 210 млн. 290 мың теңгені құрайтын 71 жоба жоспарланып, өткен мерзімде құны  5 млн. 565 мың теңгені құрайтын  26 жоба іске қосылды.

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016