Ішкі саясат

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2014 жылдың төртінші тоқсанында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен әр түрлі  қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылуда.
4 қазан күні аудандық мешітте өткен Құрбан айт мерекесіне аудан әкімінің орынбасары А.Тәуіпбай, аудандық мәслихат хатшысы Н. Есполов қатынасып, жиналғандарды мерекемен құттықтап, дінаралық бірлік пен рухани келісім мемлекеттің гүлденуіне ықпал ететіндігін атап өтті. Айт намазына келген қауымды аудандық мешіт имамы да құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Шара құрбандық шалу салтымен аяқталып, мал еті тұрмысы төмен отбасыларына таратылды.

Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года

16 қазан күні аудандық Жастар үйінде Рухани келісім күніне арналған дөңгелек үстел отырысы өтіп, оған діни және қоғамдық бірлестіктер өкілдері, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері қатынасты. Аудан әкімінің орынбасары С.Брынзов ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстанның басты байлығы екендігін атай келіп, жиналғандарды Рухани келісім күні мерекесімен құттықтады. Аудандық мешіттің имамы М.Оспан, ішкі істер бөлімінің қызметкері Е.Дөненбаев, ақсақалдар алқасының төрағасы А.Өтегенов теріс ағымдардан аулақ болып, береке-бірлікті нығайтуға атсалысуға шақырды.  Мереке соңында бірқатар қоғамдық және діни бірлестіктер өкілдері қоғамдық тұрақтылыққа қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.

30 қазан күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің дін істері комитетінің төрағасы Ғ. Шойкиннің Шалабай ауылдық округі, Шар қаласы және Қалбатау ауылының тұрғындарымен кездесулері өтті. 

31 қазан күні облыстық қоғамдық кеңестің Жарма ауданындағы көшпелі отырысы өтті. Оған кеңес мүшелері, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, мемлекеттік мекемелер басшылары, аудандық мәслихат депутаттары шақырылды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі жұмыстар туралы» аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Т.Брынзова, «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша шалғайдағы ауылдардың ауыз сумен қамтамасыз етілуі туралы» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы тасымалдау және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Б.Самежанов ақпарат берді.

Облыстық қоғамдық кеңестің қызметі туралы Кеңес төрағасы В. Ф. Лопаткин, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі жұмыс тобының төрайымы  Т. В. Чернышова таныстырды. Қоғамдық кеңес отырысын Жарма ауданының әкімі Ә. Мұхтарханов қорытындылады.  

Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года 20 қараша күні Жарма ауданының Жастар үйінде «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары және одан туындайтын міндеттерді талқылауға арналған актив жиналысы өтті. Оған мекеме, ұйым басшылары, әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдері, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар өкілдері қатынасты.
Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша аудан әкімі Ә.Мұхтарханов баяндама жасады.

Жарыссөзде ДЭУ-28 мекемесінің бас инженері Т.Қалиақпаров, Шар қаласындағы «Горводхоз» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Э. Мұрымбаев, Жаңғызтөбе орта мектебінің директоры, аудандық мәслихат депутаты К.Скаков, кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Қасымов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Қасенов сөйледі.
Актив жиналысын аудан әкімі Ә.Мұхтарханов қорытындылап, жаңа Жолдауда алға қойылған міндеттерді орындауда бірлесе қызмет етуге шақырды.
24 қараша күні Жастар үйінде «Әскерге шақырылушы күніне» арналған  салтанатты шара өтті.

Оған мекеме, ұйым басшылары, әскери бөлім өкілдері, әскерге шақырылушылар мен олардың ата-аналары қатынасты. Әскерге шақырылушы жастарды аудан әкімінің орынбасары А.Тәуіпбай, Ұлы Отан соғысының ардагері Н.Зағидуллин құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі. Аудан әкімдігі атынан әскерге шақырылушыларға сыйлықтар табыс етілді.

Тұңғыш Президент күніне орай, 28 қарашада Шуақ ауылында аудан әкімі Ә.Мұхтархановтың этнотоптар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерімен кездесуі өткізілді.    
Кездесуге  кент аумағында тұратын ұлт өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен мекемелер, ұйымдар өкілдері  шақырылды.

Аудан басшысы Қазақстанның тәуелсіздік жылдардағы жетістіктері, тұрақтылық пен татулықты сақтаудағы Елбасы саясатының рөлі, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының негізгі бағыттарымен таныстырып, кездесуге қатысушыларды мерекемен құттықтады.

Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года

Ұлт өкілдері  Х.Скакова Хева Алисовна,  И.Тагиева, Г.Голикова,  аудандық мәслихат  депутаты  К.Скаков  Елбасының  саясатын, ұлт бірлігін қолдайтындықтарын айтты. Іс-шара ұлттық ән-билерден концерттік бағдарламамен аяқталды.

Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года 11 желтоқсан күні Шар қаласында Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары А.А.Милютин мен З.А.Саяпованың әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесуі өтті. Топ мүшелері Жолдаудың басты бағыттарына тоқталып, сұрақтарға жауап қайтарды. Еңбек ардагерлері М.Кезекенов, Қ.Рахымбеков, Карелин атындағы орта мектеп бастауыш сыныптар мұғалімі Т.Гридасова Жолдауға қолдау танытып, қонақтарға мазмұнды әңгімелері үшін ризашылықтарын білдірді. Кездесуге облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Қ.Қ.Төлеубеков, аудандық мәслихат хатшысы Н.О.Есполов, аудан әкімінің орынбасары С.М.Брынзов қатынасты. Осындай кездесулер Бірлік, Қалбатау ауылдық округтерінде өтті.

16 желтоқсан күні – Тәуелсіздік күніне арналған аудандық Жастар форумы өткізілді. Оның барысында жыл қорытындысы бойынша жеке аталымдар бойынша аудан әкімінің жүлдесі табыс етілді. Жүледелерді аудан әкімінің орынбасары С. Брынзов, аудандық мәслихат хатшысы Н. Есполов, білім беру ісінің ардагері, ауданның Құрметті азаматы М. Әбенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Малғаждаров тапсырып, жастарға тілектерін айтып, құттықтау лебіздерін білдірді. Іс-шара жас өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен аяқталды.     

Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года 30 желтоқсан күні аудандық Мәдениет үйінде Жаңа жылға арналған мерекелік шара өтіп, оның барысында түрлі аталымдар бойынша «Жылдың үздік адамдарына» құрмет көрсетілді.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан әкімі, оның орынбасарлары Жалпыұлттық акция аясында ауданда тұратын 12 Ұлы Отан соғысының ардагеріне Мемлекет басшысының атынан Құттықтау хат пен сыйлықтар табыс етті.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша аудандық ақпараттық-насихат тобының кестесі әзірленіп, бекітілді. Аудандық ақпарат тобы 41 адамнан құрылған, топ құрамына әкімнің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар өкілдері енгізілген.

 Сондай-ақ, 22 әкімшілік-аумақтық бірлікте жалпы саны 223 адамнан 40 ақпараттық-насихат топтары  құрылған.

Жолдау жарияланғаннан бергі мерзімде елді мекендерде, мекеме, ұйымдарда 121 кездесу өткізіліп, 8417 адам қамтылды. Аудандық газетте Жолдау тақырыбына 22 материал (пікірлер, мақалалар) жарияланды. 20 баннер әзірленіп, орналастырылды.

 «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша құны 162 млн. 211 мың теңгені құрайтын 49 жоба іске қосылды. Қалбатау ауылында белгілі спортшы Д.Тұрлыхановтың демеушілігімен спорт кешені іске қосылды.  «Шалабай» ЖШС Шалабай ауылындағы орта мектепке құны 5 млн. теңгелік хоккей қорапшасын, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мүтанов өзінің ұшқан ұясы – Қызылағаш орта мектебіне «Газель» автокөлігін, оқу құрал-жабдықтарын сыйға тартты.

Жарма ауданы бойынша қоғамдық бірлестіктер

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс

Ауданда ресми тіркелген  үкіметтік емес ұйымдар саны – 7, олар: «Келешек-Будущее» қоғамдық бірлестігі (төрағасы Түкиева Әсел Ғазезқызы, Шалабай ауылындағы Крупская атындағы орта мектептің мұғалімі), «Ауғанстан соғысы ардагерлерінің Жарма ауданындағы ұйымы» қоғамдық бірлестігі (төрағасы Бургожинов Тілеухан Әнуарбекұлы), «Қарасу» бірлестікті дамыту қоғамдық қоры (төрайымы Қанапиянова Гүлнар, мәдениет қызметкері), «Жарма ауданының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің одағы» ҚБ (Ибиятов Валерий Минигереевич, жеке кәсіпкер), «Жанама» футбол клубы қоғамдық бірлестігі (Балтабаев Қыдыр Рауаянович), «Жігерлі жастар» (жетекшісі - Зухра Какенова), «Жарма ауданының әлеуметтік серіктестік орталығы» қоғамдық қоры (атқарушы директор Құрма Нүкенқызы Тулеубаева).
Ауданда үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен әр түрлі  қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылуда.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Жарма ауданының әлеуметтік серіктестік орталығы» қоғамдық қоры тарапынан «Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар», «Діни және этносаралық толеранттылықты қалыптастыру.  Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу», «Жастар бастамаларын қолдау және ауыл жастарының белсенділігін арттыру» жобалары бойынша әр түрлі шаралар өткізілді. Оның ішінде аудан әкімінің жүлдесіне «Туған жер – алтын бесігім» атты «Жайдарман» фестивалі, «Темекіні таста, жаңа өмірде баста» акциясы, пкірсайыс, дөңгелек үстел, байқау және басқа шаралар бар.

«Ауғанстан соғысы ардагерлерінің Жарма ауданындағы ұйымы» қоғамдық бірлестігі тарапынан Отан қорғаушылар күніне Малай-Ортабұлақ бағытында веложорық, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар  ұйымдастырылды.

Саяси партиялармен жұмыс

Ауданда 1999 жылдан «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы (төрағасы Мұхтарханов Әнуарбек Мұхтарханұлы) жұмыс істейді. Филиал жанынан аудандық мәслихат депутаттары фракциясы (жетекшісі Нұрғалиев Райым Жолдасбекұлы), сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес  (төрағасы Кәрімов Мәдениет Қапарұлы), «Жас Отан» жастар қанаты (атқарушы хатшы Д.Әлсейітова) құрылған.

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ауданда өткізілетін барлық қоғамдық-саяси, әлеуметтік мәнді шараларға белсене қатынасады.

14 қараша күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының XIІI есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференция жұмысына партияның аудандық филиалының төрағасы Ә.Мұхтарханов, аудандық мәслихаттың «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары, шақырылған делегаттар қатынасты. Конференция делегаттары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын талқылап, қолдау танытты.  Саяси Кеңес мүшелері, Саяси Кеңес Бюросы, сондай-ақ облыстық конференцияға делегаттар сайланды. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша қаулы қабылданды.

Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года
         
Партия филиалы тарапынан «Кедергісіз болашақ», «Ардагерлерді ардақтайық» акциялары өткізілді.

Филиал жанынан «Мұрагер» клубы құрылып, оның құрамына тыл және еңбек ардагерлері енгізілген. Клубтың басты мақсаты жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, өз халқының тіліне, салт-дәстүрлері мен мәдени мұраларына құрмет пен сүйіспеншілікті сіңіру болып табылады. Клуб мүшелері этнотоптар өкілдерімен кездесу, Астана күніне арналған шараларға өз бағдарламаларын ұсынды, Шалабай, Ақжал, Батыр Қапай, Жаңаөзен ауылдарында, Жаңғызтөбе кентінде концерттік сапармен болып қайтты.
Кестеге сәйкес, қоғамдық кеңес мүшелері қабылдау өткізеді.  Сондай-ақ, қоғамдық қабылдау бөлмесі тұрғындар өтініштері бойынша жұмыс жүргізеді.

Партиялық бақылау тобы әр түрлі бағдарламалар бойынша жүргізілетін жұмыстардың жай-күйін үнемі назарда ұстайды.

Діни бірлестіктермен жұмыс

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес, қазіргі уақытта Жарма ауданы бойынша ресми тіркелген діни бірлестіктер саны – 11, оның ішінде 9-ы – ислам бағытында, 2-уі – католик бағытында. Олар: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы» Жарма аудандық мешіті», Үшбиік ауылдық мешіті, Ақжал ауылындағы «Оралбай мешіті, Шар қалалық мешіті және «Жақсыбек Жұмағұлұлы» мешіті, Әуезов кентіндегі «Аманхан Қасымханұлы мешіті», Жаңғызтөбе кентіндегі «Нұр-Тоқтар» мешіті», «Қызылағаш ауылдық мешіті» және «Суықбұлақ ауылдық мешіті».

2014 жылдың 4 тоқсанында Жарма кентінде мешіт ғимараты пайдалануға берілді.
Басқа ресми тіркелген діни бірлестіктер – 2, олар: «Қасиетті Михаил  Римдік-Католиктік Шіркеуінің Қауымы» діни бірлестігі (Шар қаласы), «Христосты көкке көтеру римдік-католиктік шіркеуінің қауымы» діни бірлестігі (Қалбатау ауылы). 
Діни ғимараттар саны – 11, бұдан тыс Бірлік және Қапанбұлақ ауылдарында діни рәсімдер өткізетін жеке үй-жайлар (намазхана) бар.

Дін мәселелері бойынша ақпараттық-насихат тобының құрамына ішкі саясат, ішкі істер бөлімдерінің, ислам діни бірлестігінің өкілдері енгізілген. Жыл ішінде ақпарат тобы мүшелерінің қатысуымен 69  іс-шара (кездесу, дөңгелек үстел) өткізілді.
Жарма кентінде, Қалбатау ауылындағы Болат Тұрлыханов атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өткен кездесулер барысында ақпарат тобының мүшелері ислам діні, оның төрт мазхабы, теріс діни ағымдар, рухани құндылықтар және мемлекеттің дін саласындағы саясаты мәселелері жөнінде әңгімеледі.

Құқық қорғау органдарымен бірлесе, Жаңғызтөбе кенті аумағындағы түзету мекемелерінде, әскери бөлімдерде «Діни экстремизм және тероризмнің алдын алу», «Діннің қазіргі қоғамдағы орны туралы» тақырыптарда кездесулер өткізіліп, онда қазіргі деструктивтік дін ағымдар, және олардын теріс ықпалы жайлы әңгіме өрбіді. Шуақ ауылындағы 156-17 мекемесінде «Ислам дәстүрлері» тақырыбына кездесу өткізілді.
Аудандық газетте дін мәселесі бойынша мақалалар жариялау тұрақты назарда   ұсталуда, жыл басынан бері дін саласындағы мемлекеттік саясат, теріс ағымдардың зияны, имандылық, рухани тәрбие мәселелері жөнінде жыл басынан бері 16 мақала жарық көрді.

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2014 жылдың үшінші тоқсанында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен әр түрлі қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылуда.
2014 жылғы 2 шілде күні Шар қаласындағы Жарма технологиялық колледжінде аудан әкімі Ә. Мұхтархановтың  этнотоптар өкілдерімен кездесуі өтті. Аудан басшысы елдегі ұлтаралық қатынастар мен бірлік, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Түрлі ұлт өкілдері: Карелин атындағы орта мектептің мұғалімі Т.Манн, локомотив депосының қызметкері А.Майер, рим-католик шіркеуінің падресі А. Бергер, технологиялық колледжінің оқытушысы ұстазы А.Кенжебаева, «Суырлы» шаруа қожалығының  басшысы Л.Умаров өз пікірлерін ортаға салды. Кездесу ардагерлер хорының, Абай орта мектеп-балабақша кешенінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года

2014 жылғы 2-3 шілде күндері аудан орталығы Қалбатауда облыс жастарының арасында «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына арналған «Туған жер-алтын бесігім» атты аудан әкімінің кубогына «Жайдарман» фестивалі өтті. Шараға Семей, Риддер, Аягөз қалаларының және Абай, Көкпекті, Жарма аудандарының командалары қатысты. Сайыс барысында әлеуметтік жобалар байқауы және «Біз салауатты өмірді таңдаймыз» атты спорт ойындары өтті. «Жайдарман» сайысының қортындысы бойынша аудан әкімінің кубогын «Аягөз жастары» командасы, екінші жүлделі орынды Жарма ауданының «Көңілді жастар» командасы, үшінші орынды Абай ауданың «Серілер» командасы иеленді. Жеңімпаз командалар мақтау қағаздарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

5 шілде күні қалың қазақтың мақтанышына айналған Бас қаланың төл мерекесіне орай аудан әкімі Ә. Мұхтархановтың қатысуымен аудандық жастар үйінде салтанатты мерекелік шара өтті. Аудан әкімі өз кезегінде үшінші он жылдыққа қадам басқан жас мемлекетімізді әсемдігімен жас та болса бас қалаға айналған Астананың елімізді әлемге танытып отырғандығын тілге тиек етті. Егемен елдің еңсесін тіктеуде Жарма ауданының да өзіндік қосар үлесінен кенде қалмай келе жатқандығын сөзіне арқау еткен аудан әкімі, соңғы уақытта өңірде келелі істер қолға алынып, әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын сақтап қалуға үлкен күш жұмсалып отырғандығын айтты. Бұл ретте Германияның инвесторларымен желден қуат өндіру жобасының жүзеге асуын негізге алды. Бұл  Жармалықтардың  2017 жылы өтетін «ЭКСПО» халықаралық көрмесіне өзіндік үн қосатындығын жеткізді.  Мереке аясында аудан әкімі  ардақты аналарға мемлекеттік «Алтын алқа», «Күміс алқа» наградаларын табыс етті. Сол сияқты құттықтау сөзбен бірқатар аудан тұрғындары жиналған қауымды құттықтады. Мерекелік салтанатты «Мұрагер» клубының әншілері әуезді әнмен толтырып, халыққа етене жақын ескі әндерді орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года

2014 жылдың 21 шілде күні аудандық ішкі саясат бөлімі, Жастар үйі, «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен Шалабай ауылы, Әуезов кентінде «Салауатты өмір салты» атты акция өтті. Акцияға аудандық  ішкі саясат бөлімінің  дін мәселелері жөніндегі әдіскері, Әуезов кенті мешітінің имамы, ауылдың жастары, жас мамандар, ұстаздар қатысты. Акция барысында ауыл тұрғындарына салауатты өмір салты туралы насихаттау жұмыстары жүргізілді. Жастар көкейлеріндегі мазалап жүрген сұрақтарын қойып, сұрақтарына жауаптар алды. Акция соңында барлық қатысқан жастарға салауатты өмір салты туралы үлестірмелі  материалдар таратылды.
Жастар арасында жат әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында тамыз айының басында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Аршалы, Үшбиік ауылдық округтерінде «Темекіні таста,  жаңа өмірді баста» акциясы өтті. Онда аудандық Жастар үйі директорының міндетін атқарушы А. Балабаева, «Жарма ауданының әлеуметтік серіктестік орталығы» қоғамдық қорының директоры Қ. Тулеубаева, қордың әлеуметтік кызметкерлері А.Айдарханова, М.Қызжанова, ШҚО «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» медбике А.Рахимжанова, «Жас Отан» ЖҚ аудандық хатшысы Д.Әлсейітова тақырыпқа қатысты деректерді жиналған жастарға баяндап берді
Сондай-ақ, клуб меңгерушісі Г.Байғонова, «Жас Отан» ЖҚ хатшысы Т.Шаталова, ауыл жастары атынан Ғ. Шарипбеков темекінің адам өміріне қаншалықты зиян екені жайлы  өз ойларын ортаға салды. 
Акция барысында темекі жайлы брошюралар таратылды, оған қатысушылар анкеталар толтырып, плакаттарға «Біз темекіге карсымыз!» деген ұранмен суреттер салды.

Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года

2014 жылдың 12 қыркүйегінде «Отбасы күні» мерекесін атап өту аясында аудандық Жастар үйінде «Отбасы – алтын діңгек» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел отырысы өтті. Шараға мекеме, ұйымдар өкілдері, әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшелері, «Жарма ауданының әлеуметтік серіктестік орталығы» қоғамдық қорының мүшелері қатысты. Жиын барысында С.Брынзов қатысушыларды алда келе жатқан мерекелерімен құттықтады. Жиында отбасына қатысты маңызды мәселелер талқыланды.   Жиын соңында «күміс алқа» иегеріне, жас отбасыларына шағын мерекелік сыйлықтар табысталды. Бас қосу Маяковский атындағы орта мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.

Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года

30 қыркүйекте аудандық Жастар үйінде Жарма ауданының әлеуметтік серіктестік орталық қоғамдық қоры және аудандық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырумен «Құрбан айт - ұлық мереке» атты дөңгелек үстел өтті. Дөнгелек үстелге аудандық мәслихат хатшысы Н.Есполов, «Жарма ауданынық әлеуметтік серіктестік орталығы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Қ.Тулебаева, мекемелер қызметкерлері және аудан орталығының бас имамы округ молдалары қатысты. Дөңгелек үстел барысында оған қатысушылар қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер бірі - діни сауаттылықты арттыру және атаулы діни мерекелердін қалай өтілетіні жайлы өз ойларын ортаға салды. 

Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года

2014 жылдың 30 қыркүйегінде жарма ауданы ішкі саясат бөлімінің бастамасымен Георгиевка орта мектебінің базасында «Барлығымыз бірге тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасын тоқтатайық» атты тақырыпта ақпараттық семинар болып өтті. Аталған семинарға мекиткептің 9,10,11 сынып оқушылары, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Кикбаев А.Ш., жасөспірімдермен жұмыс инспекторы, психолого, әлеуметтік педагог, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қатысты. Іс-шараның мақсаты- тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы проблемасы туралы құлақтандыруды арттыру, адамдарға қатысты жасалатын қылмыстың ауырлығын сезіну, жасөспірімдердің бойында аталған проблемаға байланысты өмірлік дағдыларды, адам саудасына қатысты дұрыс түсінікті қалыптастыру, адам саудасының,тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және индентификациялауға байланысты іс-әрекет жоспары мен алгоритімін дайындау. 
Мемлекет басшысының 2013 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан жолы -2050» бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына» сәйкес, ауданда Жолдауды насихаттау және түсіндіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года

Ауданда барлығы 247 адамнан тұратын 44 ақпараттық-насихат тобы құрылған, оның ішінде 24 адамнан тұратын 3 аудандық топ, 223 адамнан тұратын 41 әкімшілік-аумақтық бірліктердегі (ауылдық округ, кенттердегі) ақпарат топтары.
Жолдаудың негізгі ережелерін, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру және насихаттау бойынша 2014 жылдың үшінші тоқсанында 155 іс-шара (кездесу, жиын, әңгіме, дөңгелек үстел) өткізіліп, 6932 адам қамтылды.
«Туған жерге тағзым» акциясы бойынша құны 162 млн. 211 мың теңгені құрайтын 49 жоба жоспарланған. Жыл басынан бері 146 млн. 818 мың теңгенің қаражаты игеріліп, 41 жоба, оның ішінде Б. Тұрлыханов атындағы спорт кешенінің құрылысы аяқталды. «Шалабай» ЖШС Шалабай ауылындағы орта мектепке құны 5 млн. теңгелік хоккей қорапшасын сыйға тартса, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мүтанов өзінің ұшқан ұясы – Қызылағаш орта мектебіне «Газель» автокөлігін, оқу құрал-жабдықтарын сыйға тартты.

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2014 жылдың екінші тоқсанында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен әр түрлі қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылуда.
Сәуір айында аудандық Жастар үйінде «Әдебиет» атты жайдарманшылар ойынының финалы өтіп, оның қорытындысында
Абай атындағы мектеп–гимназияның «Гимназия», Васильковка негізгі мектебінің «Көңілді жастар», Георгиевка орта мектебінің «Жастар Life» командалары үздік шығып, облыстық ойындарға жолдама алды.

Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года

16 сәуір күні аудан орталығы-Қалбатау ауылында «Саябақтар шеруі-2014» халықаралық табиғат қорғау акциясы өтті. Салтанатты шараны аудандық мәслихат хатшысы Н.Есполов құттықтау сөзбен ашып, жиналғандарды, жастарды экологиялық акцияға атсалысуға шақырды. Табиғат қорғау шараларына белсене қатысушыларға «Семей орманы» тау-дала филиалының алғыс хаттары тапсырылды. Акция орталық саябаққа көшеттер отырғызумен жалғасын тапты.

17 сәуірде Жастар үйінде ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен дін мәселесі бойынша аудандық семинар өтті. Аудандық ақпараттық-насихат тобының мүшелері М.Камешев, М.Оспан, Т.Бөлкенов өздерінің іс-тәжірибелерімен семинарға қатысушылармен бөлісті. АНТ мүшелерінің алдында өз округтерінде қандай бағытта жұмыс атқару жөнінде мақсат-міндеттер қойылып, қажетті материалдармен қамтамасыз етілді.

Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года

25 сәуір күні аудан орталығы – Қалбатау ауылында Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу құрметіне арналған кездесу өтті, Кездесуге қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, саябаққа ағаш көшеттерін отырғызды.

Жастар үйіндегі іс-шараны кіріспе сөзбен ашқан аудан әкімінің орынбасары С.Брынзов техногендік апаттың адамзатқа әкелген зардаптарына тоқталып, ол оқиғаның болашақта қайталанбауы, бейбітшіліктің сақталуы туралы тілегін білдірді.
Сондай-ақ, аудандық қорғаныс істері бөлімінің орынбасары Ж.Кенестаев, аудандық орталық аурухананың дәрігері Г. Жуанышева, ЧАЭС-тегі апат зардаптарын жоюға қатысушы  С. Ахметжанов бұл мәселе бойынша өз ойларын ортаға салды.
1 мамыр күні аудан орталығы – Қалбатау ауылындағы Мәдениет үйінде  Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты шаралар өтті.
Жиналғандарды аудан әкімі Ә. Мұхтарханов мерекемен құттықтай келіп, таяуда Азия чемпионатында еркін күрестен жеңімпаз атанған Расул Қалиевке пәтердің кілтін табыс етіп, ақшалай сыйлықпен марапаттады. Чемпионның алғашқы бапкері Ержан Құсайыновқа да ақшалай сыйлық табыс етілді.

Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года

Сондай-ақ, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін еңбек ардагерлері Д.Ш.Садықов пен А.Садығановаға «Жарма ауданының «Құрметті азаматы» атағы тапсырылды. Мереке «Бір шаңырақ астында» атты фестивальмен және аудандық «Би әлемі» байқауының қорытынды бөлімімен жалғасты.
Аудандық Жастар үйінің ұйымдастыруымен Жеңіс күні қарсаңында «Мен Отанымның – болашағымын!» атты жас ақындар мүшайрасы өтті.Жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, дарынды жастарды қолдау, шығармашылығын дамыту мақсатында өткізілген шарада қазылар алқасының шешімімен Ж.Рыспаева (Қалбатау ауылдық округі, өнер мектебінен), Т.Толымғазыева (Делбегетей ауылдық округінен), Б.Жақыпбекова (Жарма кентінен)  үздік деп танылып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года

Аудан орталығы - Қалбатау ауылында  Жеңістің  69 жылдығына арналған  салтанатты шара  орталық  саябақтағы Ұлы Отан соғысында  ерлік көрсеткен  жармалықтарға  арналған  ескерткішке  гүл шоқтарын қоюмен  басталды. Бұдан соң орталық алаңда аудан әкімі Ә.Мұхтархановтың құттықтау сөзінен кейін жиналған қауым назарына мектептердің  және әскери бөлімдердің  әскери  тақырыптағы қойылымдары  тамашалады. Шуақ  ауылында  мереке күні «Солнечный»  мәдени-көңіл сергіту  орталығы  ашылып, соғыс ардагерлері  осы орталықтың құрметті қонақтары болып қайтты.

15 мамыр күні аудандық Жастар үйінде Халықаралық Отбасы күніне орай, жас отбасылардың арасында «Толағай» отбасылар сайысы өтті. Ойынының қорытындысы бойынша I орынды «Айгөлек» балабақшасының «Самғар» тобы, II орынды Абай атындағы көпсалалы мектеп – гимназияның «Барыс» тобы, III орынды  Георгиевка орта мектебінің «Бүркіт» тобы иеленіп,  бағалы сыйлықтар мен мадақтама қағаздарға ие болды.

Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года

30 мамыр күні аудан орталығы - Қалбатау ауылында  Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске  алу шарасы орталық саябақтағы   саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюдан басталды. Іс-шара Жастар үйінде жалғасын тауып, аудан әкімінің орынбасары С.Брынзов баяндама жасады. Еңбек ардагері О.Фролова, ата-анасы қуғын-сүргінге ұшыраған Л.Падалко, шешен этномәдени бірлестігінің мүшесі И.Бисаев, славян этномәдени бірлестігінің мүшесі Т.Коровина  өз ойларымен бөлісті. Шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

Мемлекетттік рәміздер күніне орай, 4 маусым күні Қалбатау ауылындағы аудандық Жастар үйінде «Бұл біздің Ту!, Бұл біздің Елтаңба!, Бұл біздің Әнұран!» атты іс – шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс – шара Қазақстан Республикасының Әнұранының орындалуымен басталып, жиналғандарды аудан әкімінің орынбасары С. Брынзов құттықтады. Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Жылқыбаев, «Ауғанстан соғысы ардагерлерінің Жарма ауданындағы ұйымы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Н. Траиспаев, «Алтынай» балабақшасының тәрбиешісі Ә. Букенбаева сөз сөйледі. Мереке патриоттық әндермен және Өнер мектебі жас таланттарының билерімен жалғасын тапты.

Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года

7 маусым күні Ортабұлақ ауылының маңында батырдың 300 жылдығына орай, Ер Жәнібек ескерткіші маңайын тазалау, қалыпқа келтіру мақсатында «Киелі мұрамызға тағзым» акциясы өтті. Аталған акция барысында жастар өздерінің белсенділіктері мен туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін танытты.
 
21-22 маусым күндері ауданда қазақ жерін жоңғар шапқыншыларынан азат етуде ерен ерлік көрсеткен қазақ батыры Ер Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдығы аталып өтілді. Ер Жәнібектің үш ғасырлық тойына орай, батыр баба рухына арналып құран-қатым түсіріліп, ас берілді, сондай-ақ «Ел қорғаған Ер Жәнібек» атты ғылыми-тәжірибелік конференция, концерттік бағдарлама, аламан, топ, жорға, жабы, арбалы ат жарыстары,   аударыспақ, теңге ілу сынды ұлттық ойындар мен түйе балуандар күресі ұйымдастырылды.

Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года

2014 жылғы 2 шілде күні Шар қаласындағы Жарма технологиялық колледжінде аудан әкімі Ә. Мұхтархановтың  этнотоптар өкілдерімен кездесуі өтті. Аудан басшысы елдегі ұлтаралық қатынастар мен бірлік, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Түрлі ұлт өкілдері: Карелин атындағы орта мектептің мұғалімі Т.Манн, локомотив депосының қызметкері А.Майер, рим-католик шіркеуінің падресі А. Бергер, технологиялық колледжінің оқытушысы ұстазы А.Кенжебаева, «Суырлы» шаруа қожалығының  басшысы Л.Умаров өз пікірлерін ортаға салды. Кездесу ардагерлер хорының, Абай орта мектеп-балабақша кешенінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

2014 жылғы 2-3 шілде күндері аудан орталығы Қалбатауда облыс жастарының арасында «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына арналған «Туған жер-алтын бесігім» атты аудан әкімінің кубогына «Жайдарман» фестивалі өтті. Шараға Семей, Риддер, Аягөз қалаларының және Абай, Көкпекті, Жарма аудандарының командалары қатысты. Сайыс барысында әлеуметтік жобалар байқауы және «Біз салауатты өмірді таңдаймыз» атты спорт ойындары өтті. «Жайдарман» сайысының қортындысы бойынша аудан әкімінің кубогын «Аягөз жастары» командасы, екінші жүлделі орынды Жарма ауданының «Көңілді жастар» командасы, үшінші орынды Абай ауданың «Серілер» командасы иеленді. Жеңімпаз командалар мақтау қағаздарымен, бағалы сыйлықтармен  марапатталды.

Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года

Мемлекет басшысының 2013 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан жолы -2050» бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына» сәйкес, ауданда Жолдауды насихаттау және түсіндіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Ауданда барлығы 247 адамнан тұратын 44 ақпараттық-насихат тобы құрылған, оның ішінде 24 адамнан тұратын 3 аудандық топ, 223 адамнан тұратын 41 әкімшілік-аумақтық бірліктердегі (ауылдық округ, кенттердегі) ақпарат топтары.
Жолдаудың негізгі ережелерін, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру және насихаттау бойынша 2014 жылдың екінші тоқсанында 118 іс-шара (кездесу, жиын, әңгіме, дөңгелек үстел) өткізіліп, 6213 адам қамтылды.
«Туған жерге тағзым» акциясы бойынша құны 335 млн. 665 мың теңгені құрайтын 45 жоба жоспарланған. Жыл басынан бері 111 млн. 250 мың  теңгенің қаражаты игеріліп, 21 жоба, оның ішінде Б. Тұрлыханов атындағы спорт кешенінің құрылысы аяқталды. «Шалабай» ЖШС Шалабай ауылындағы орта мектепке құны 5 млн. теңгелік хоккей қорапшасын сыйға тартты.

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2014 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен әр түрлі қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылуда.
Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 25 жылдығына орай, аудан орталығы – Қалбатау ауылында салтанатты шара өтті.
Алдымен іс-шараға қатысушылар Ауғанстанда қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке азагүлдер қойды. Әрі қарай Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиын барысында аудан әкімі Ә.Мұхтарханов Ауғанстан соғысы ардагерлерінің қоғамдағы тұрақтылық пен татулыққа, жастарды патриотизмге тәрбиелеуге елеулі үлес қосып келе жатқандығын атап өтіп, зор алғыс білдірді.

Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года

Аудан басшысы интернационалист-жауынгерлерге мерекелік медальдарды табыс етті.
Сондай-ақ, аудандық қорғаныс істері бөлімінің әскерге шақыру және келісім-шартпен әскери қызметке алу бөлімшесінің басшысы Ж.Кеңестаев, 2544 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Д.Қоқымбеков, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ш. Айтқазин,  аудандық «Жас ұлан» ұйымының мүшесі, Георгиевка орта мектебінің 10 сынып оқушысы А.Кенжаев өз тілектерін білдірді.
Салтанатты шара патриоттық және ауған соғысы әндерінің байқауымен аяқталды.
2014 жылдың 28 ақпан күні аудандық Мәдениет үйінде Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі және Жастар үйінің ұйымдастыруымен «Жастар – жаңа бағыттың қозғаушы күші» атты IV Жастар форумы өтті. Форумды аудан әкімінің орынбасары С. Брынзов ашып баяндама жасады. Белсенді жастар аудан әкімінің номинациясымен, алғыс хаттарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года

Сонымен қатар, облыстық жастар саясаты жөніндегі басқармның басшысы Ж.Сәрсебаев ауданымыздың гүлденуіне ат салысып жүрген белсенді жастарды басқарма атынан және облыстық «Жастар орталығының» алғыс хаттарымен марапаттады. Жастар форумы концерттік нөмірлермен жалғасын тапты.
2014 жылдың 6 наурызында аудандық Жастар үйінің ұйымдастыруымен «Бұрымды қыз» байқауы  өтті. Байқау сегіз кезеңнен тұрды. Байқауға қала,кент округтен келген «Бұрымды қыздар» қатысып өз өнерлерін көрсетті.

Байқаудың қортындысы бойынша I орынды Қалбатау ауылынан Секен Дариға, II орынды Шар қаласынан Жапарова Данара мен Шуақ ауылынан Тохтасынова Маржан, III орынды  Қалбатау ауылынан Дураченко Галина мен Жарма кентінен Жақыпбекова Бақыт иеленді. Байқауға қатысушыларға мақтау қағаздар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Наурыз мерекесі қарсаңында Жарма ауданының тұрғындары елеулі оқиғалардың куәсі болды. 19 наурыз күні аудан орталығы – Қалбатау ауылында «Туған жерге тағзым» акциясы аясында даңқты спортшы Дәулет Болатұлы Тұрлыхановтың демеушілігімен бой көтерген Спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті.

Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года

Салтанатты рәсімге республикамызға белгілі спортшылармен бірге Ресейден де мәртебелі қонақтар қатысты. Жиналған қауымды Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М.Сапарбаев, Олимпиада ойындарының үш дүркін жеңімпазы, «Әлемнің абсолютті чемпионы» кубогының жеңімпазы, Еуропаның 12 дүркін, КСРО, ТМД, Ресейдің 13 дүркін чемпионы, төрт мәрте «Алтын белбеу» иегері, Ресейдің мемлекеттік және саяси қайраткері Александр Карелин, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақстанның білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, батырдың анасы Мәрзия Айтбайқызы Тұрлыханова құттықтады.
Бұдан кейін халықаралық стандарттарға сай салынған жаңа спорт кешенінде көршілес екі ел палуандары арасында грек-рим күресінен жолдастық кездесу өтті. Кездесу соңында аты аңызға айналған палуан А. Карелинге ұлттық дәстүрмен ат-шапан сыйға тартылып, жарыс жеңімпаздары марапатталды.
Әрі қарай, мәртебелі қонақтар Спорт модулімен танысып, «Мәңгілік ел» монументінің ашылуына қатысты.
Аудан жұртшылығы мәдениет үйінде белгілі қазақстандық эстрада жұлдыздарының концертін тамашалады.
Мереке алдындағы салтанатты шаралар тұрғындарға жарқын көңіл-күй сыйлады.
Мемлекет басшысының 2013 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан жолы - 2050» бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына» сәйкес, ауданда Жолдауды насихаттау және түсіндіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
24 қаңтар күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Қазақстан жолы -2050» бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары және одан туындайтын міндеттерді талқылауға арналған актив жиналысы өтті. Оған мекеме, ұйым басшылары, әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдері, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар өкілдері шақырылды.
Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша аудан әкімі Ә.Мұхтарханов баяндама жасады.

Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года Информация о проводимых мероприятиях по ГУ «Отдел внутренней политики Жарминского района» за первый квартал 2014 года

Жарыссөзде Маяковский атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.А.Такенова, Жарма аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Т.В.Брынзова, «Казахцемент» ЖШС директоры С.Қ.Байжұманов, «Ержан» шаруа қожалығының басшысы М.К.Тұяқбаев, жеке кәсіпкер Л.Б.Садуақасова сөйледі.

Актив жиналысын аудан әкімі Ә.Мұхтарханов қорытындылап, жаңа Жолдауда алға қойылған міндеттерді орындауда бірлесе қызмет етуге шақырды.
Ауданда барлығы 247 адамнан тұратын 44 ақпараттық-насихат тобы құрылған, оның ішінде 24 адамнан тұратын 3 аудандық топ, 223 адамнан тұратын 41 әкімшілік-аумақтық бірліктердегі (ауылдық округ, кенттердегі) ақпарат топтары.
Жолдаудың негізгі ережелерін, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру және насихаттау бойынша 2014 жылдың бірінші тоқсанында 110 іс-шара (кездесу, жиын, әңгіме, дөңгелек үстел) өткізіліп, 5809 адам қамтылды.
«Туған жерге тағзым» акциясы бойынша құны 335 млн. 665 мың теңгені құрайтын 45 жоба жоспарланған. І тоқсанда 95 млн. теңгенің қаражаты игеріліп, 3 жоба, оның ішінде Б. Тұрлыханов атындағы спорт кешенінің құрылысы аяқталды.

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016