Ішкі саясат

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2013 жылдың төртінші тоқсанында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2013 жылдың төртінші тоқсанында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен әр түрлі қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылуда.
Қазан айының басында әкімшілік-аумақтық бірліктерде Қарттар күніне арналған шаралар өтіп, ардагерлерге құрмет көрсетілді.
18 қазан күні Рухани келісім күніне орай, діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен «Ұлтаралық және дінаралық келісім – мемлекет тұрақтылығының кепілі» атты дөңгелек үстел отырысы болып өтті.
18 қараша күні аудан орталығында даңқты спортшы Д.Б.Тұрлыхановтың жұртшылықпен кездесуі өткізілді. Аудандық Мәдениет үйінде өткен жылы шырайлы кездесуде 50 жасқа толған мерейтой иесін Жарма ауданының Құрметті азаматы, облыс әкімінің қоғамдық көмекшісі Т.Әубәкіров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Жылқыбаев, грек-рим күресінен спорт шебері Д.Данабаев, спорт ардагері М.Отынбаев, Георгиевка орта мектебінің оқушысы, жас спортшы Қ.Санатбеков құттықтады. Аудан әкімі Ә.Мұхтарханов даңқты палуанға ұлттық салтпен ат мінгізіп, шапан жапты.
26 қараша күні аудан әкімі Ә.Мұхтархановтың Өскемен қаласындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқитын ауданның студент жастарымен кездесуі өткізілді.
Аудан әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы баяндап, студенттердің сауалдарына жауап қайтарды.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Оразғалиев, аудандық №1 медицина бірлестігінің директоры Т.Брынзова, жас маман, Қалбатау ауылындағы Маяковский атындағы орта мектептің мұғалімі Д.Әлсейітова, "Жарма Құрылыс Газ" ЖШС-нің директоры В.Исабаев өз салаларындағы қызмет жағдайымен таныстырып, студенттерді ауылға жұмысқа келуге шақырды. Кездесу барысында 12 студентпен жұмысқа орналастыру туралы алдын ала ниет хаттамасы жасалды.

Аудан басшысы Ә.Мұхтарханов оқуда, қоғамдық жұмысқа жетістіктерге жетіп жүрген студенттерге Алғыс хат және сыйақы табыс етті.
Кездесу аудандық мәдениет бөлімінің "Дариға-Дәурен" халықтық эстрадалық қыздар тобының концертімен аяқталды.
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай өткен салтанатты шара барысында жас буын өкілдері «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымдары қатарына қабылданды. Марапаттаулар рәсімінен соң, Мәдениет үйі жән Өнер мектебі шәкірттерінің концерті қойылды.
3 желтоқсан күні Шар қаласында теміржолшылар аллеясының ашылу салтанаты өткізілді.

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2013 жылдың төртінші тоқсанында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2013 жылдың төртінші тоқсанында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат

13 желтоқсан күні аудандық Жастар үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22 жылдығына арналған «Қазақстан – достық мекені» атты би байқауы өтті.

Байқауға 7 би тобы қатысып, әр ұлттың ұлттық билерін ұсынды. Сайыста бас жүлдені «РИТМ» биі (Шар қаласы) иеленді, I орынды «Асатаяқ» қазақтың ұлттық биін (Қалбатау ауылы), II орынды «Әдемі-ай» биін (Аршалы ауылы) орындаушылар иеленсе, III орынды «Sun Shine» тобы (Шуақ ауылы) жеңіп алды.
14 желтоқсан күні аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22 жылдығына арналған салтанатты жиын болып өтті. Жиналғандарды мерекемен аудан әкімі Ә. Мұхтарханов құттықтады.

Салтанатты шара барысында жеке салалар бойынша үздіктер аудан әкімінің грамота, алғыс хаттарымен және сыйлықтарымен марапатталды. «Қолдау және ынталандыру орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Ұлт даңқы» орденіне «Шалабай» ЖШС директоры Қ. Сүлейменов, «Разий» ЖШС директоры Б. Разиев ие болды. Ұлттық бизнес-рейтинг Одағының «Сала көшбасшысы» сертификаттары «Разий» ЖШС мен «Жарма астық» ауылдық тұтынушылар кооперативіне, «Жыл маманы» атағы сатушы Жұмагүл Садуақасоваға тапсырылды. Аталған ұйымның «Еңбек қызметіндегі тиімділігі үшін» медалімен «Разий» ЖШС есепшісі Сәуле Жастабанова марапатталды.
Мерейлі мереке мемлекеттік тілді насихаттауға арналған «Бір Отан, бір тіл – Тәуелсіз Қазақстан» шарасымен ұштасып, оның аясында сөйлегендер жерлестерін, жастарды мемлекеттік тілдің рөлін артуға барынша күш-жігер жұмсауға шақырды.
Мерекелік шара аудандық мәдениет бөлімі әртістері мен Өнер мектебі шәкірттерінің концертімен аяқталды.

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2013 жылдың төртінші тоқсанында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2013 жылдың төртінші тоқсанында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат

Жаңа жыл қарсаңында аудандық Мәдениет үйінде «Жыл үздіктерін» марапаттау салтанаты өтіп, соңынан мәдени шаралар ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына» сәйкес, ауданда Жолдауды насихаттау және түсіндіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Ауданда ауданда барлығы 248 адамнан тұратын 45 ақпараттық-насихат тобы құрылған, оның ішінде 25 адамнан тұратын 4 аудандық топ, 223 адамнан тұратын 41 әкімшілік-аумақтық бірліктердегі (ауылдық округ, кенттердегі) ақпарат топтары.
Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру және оның жүзеге асу барысын насихаттау жөнінде «Жастар – елдің үкілі үміті» атты дөңгелек үстел, «Жастар белсенділігін арттыру» тақырыбына кездесу, «Жұмыспен қамту бағдарламасының басымдықтары», «Жергілікті өзін-өзі басқарудағы жастардың рөлі», «Жас ұрпақ саулығы – болашақ қоғам саулығы» атты семинарлар, кәсіпкерлер форумы және басқа шаралар өткізілді.
«Қазақстан-2050» Стратегиясын, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру және насихаттау бойынша 2013 жылдың төртінші тоқсанында 108 іс-шара (кездесу, жиын, әңгіме, дөңгелек үстел) өткізіліп, 4952 адам қамтылды.
«Туған жерге тағзым» акциясы бойынша құны 252 млн. 116 мың теңгені құрайтын 23 жоба іске асырылды.

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2013 жылдың үшінші тоқсанында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен әр түрлі қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылуда.
6 шілде күні Жарма ауданының орталығы – Қалбатау ауылындағы аудандық Мәдениет үйінде Астана қаласының 15 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Мереке барысында аудан тұрғындарын аудан әкім Ә.М.Мұхтарханов құттықтады. Сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаты Б.Мұсажанов, «Единство» славян этномәдени орталығының мүшесі, Георгиевка орта мектебінің мұғалімі Г.И.Карпуша, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы, аудандық Жастар үйінің директоры Бахыт Маржан өз құттықтау-тілектерін білдірді.
Мерекелік шара барысында елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі екі айлықтың қорытындысы бойынша үздік шыққан әкімшілік-аумақтық бірліктерге, көше, аулаларға, мекемелерге диплом, сыйлықтар табыс етілді. «Нұр Отан» ХДП жаңадан қабылданған мүшелерге куәліктер тапсырылды.
Салтанатты шара аудандық мәдениет бөлімінің «Дариға дәурен» халықтық эстрадалық қыздар ансамблінің концертімен жалғасты.
9 шілде күні облыстық «Қамқорлық керуені» акциясы шеңберінде мәдени шаралар өтті.
12 шілдеде Әуезов кентінде «Темекіні таста, жаңа өмір баста!» атты жастар акциясы ұйымдастырылды, осындай акция 2 тамыз күні Жарық ауылында болып өтті.
24 шілде күні Қалбатау ауылында ШҚО әкімі жанындағы Қоғамдық кеңестің Жарма ауданындағы отырысы өткізілді.

Қоғамдық кеңес отырысына кеңес мүшелері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік органдар басшылары, аудандық мәслихат депутаттары шақырылды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Облыстық Қоғамдық кеңестің қызметі туралы» облыстық мәслихат депутаты, «Талдау және болжау институты» ЖШС директоры О.В. Чернышов О.В., «ШҚО Азаматтық Альянс» ЗТБ қызметі туралы» «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіШҚО Азаматтық Альянсының атқарушы директоры М.С.Абулова, «Аудандық қоғамдық кеңестің қызметі туралы» аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы С.С.Жылқыбаев, ауданның экологиясы бойынша - Жарма ауданының кәсіпкерлік, ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.С.Жұмакишев, халықтың кіріс деңгейі мәселесі бойынша – Жарма ауданының экономика және бюджеттік жсопарлау бөлімінің басшысы Н.К.Сейтказина, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бойынша Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Р.Н.Қасенов сөйледі.
Қаралған мәселелер бойынша облыс әкімінің қоғамдық көмекшісі Т.О.Әубәкіров, еңбек ардагері Д.Ш.Садықов, білім беру қызметкерлері кәсіподағы аудандық ұйымының төрайымы Р.С.Сарсенбаева, Жарма ауданының №1 медицина бірлестігі директорының орынбасары С.Ж.Данияров өз ой-пікірлерін білдірді.
30 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінде Ата Заңымыздын 18 жылдығына орай өткен салтанатта жиналған қауымды мерекемен аудан әкімі Ә.Мұхтарханов құттықтады.

Жиын барысында төтенше жағдайлар бөлімінің бірнеше қызметкері сіңірген қызметі үшін арнайы белгімен марапатталды. Салтанатты жиын мерекелік концертпен аяқталды.
2013 жылғы 1 қазан күні Қалбатау ауылында, аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Жарма ауданы үлгісінде мемлекеттік органдардың тұрғындармен өзара іс-қимылы» тақырыбына дөңгелек үстел отырысы болып өтті.
Дөңгелек үстел отырысына Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасы тұрақты өкілінің орынбасары Е.Паниклова, Өңіраралық ынтымақтастық және экономикалық аудандастыру Департаменті директорының орынбасары Е.Жұманбаев, БҰҰ еріктілер бағдарламасының үйлестірушісі Ай Ватанабе, БҰҰДБ бағдарламалық маманы Мұрат Нарқұл, БҰҰДБ бағдарламаларының үйлестірушісі М.Қоянбаева, БҰҰДБ «Әлеуметтік және экономикалық қызметтерге қолжетімділікті жақсарту» компонентінің менеджері Р.Қалиев, «Кеңейтілген Еуропа: Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және ТМД-ның Батыс елдеріне сауда жасауға көмектесу» жобасының менеджері Ш.Имамбекова, БҰҰ Бірлескен Бағдарламасының кеңесшісі Ж.Жибраева қатысты.
«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіІс-шараны кіріспе сөзбен Жарма ауданының әкімі Ә.М.Мұхтарханов ашып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат берді.
Аудандағы жүзеге асырылған жобалар жайында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің кеңесшісі Г.Масалимова және «Горводхоз» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Э.Мұрымбаев таныстырды. Әрі қарай тақырыпты талдау, пікір алмасу жүргізілді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының қызметі туралы тұрақты өкілдің орынбасары Е.Паниклова және Өңіраралық ынтымақтастық және экономикалық аудандастыру Департаменті директорының орынбасары Е.Жұманбаев баяндап берді.
Дөңгелек үстел отырысын аудан әкімі Ә.М.Мұхтарханов қорытындылап, қонақтарға ауданға арнайы сапармен келгені және пайдалы ақпараттар бергені үшін алғыс білдірді.
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына» сәйкес, ауданда Жолдауды насихаттау және түсіндіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Ауданда ауданда барлығы 248 адамнан тұратын 45 ақпараттық-насихат тобы құрылған, оның ішінде 25 адамнан тұратын 4 аудандық топ, 223 адамнан тұратын 41 әкімшілік-аумақтық бірліктердегі (ауылдық округ, кенттердегі) ақпарат топтары.
Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру және оның жүзеге асу барысын насихаттау жөнінде «Жастар – елдің үкілі үміті» атты дөңгелек үстел, «Жастар белсенділігін арттыру» тақырыбына кездесу, «Жұмыспен қамту бағдарламасының басымдықтары», «Жергілікті өзін-өзі басқарудағы жастардың рөлі», «Жас ұрпақ саулығы – болашақ қоғам саулығы» атты семинарлар, кәсіпкерлер форумы және басқа шаралар өткізілді.
«Қазақстан-2050» Стратегиясын, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру және насихаттау бойынша 2013 жылдың үшінші тоқсанында 142 іс-шара (кездесу, жиын, әңгіме, дөңгелек үстел) өткізіліп, 5758 адам қамтылды.
«Туған жерге тағзым» акциясы бойынша 24 жоба жоспарланып, іске асырылуда.

 

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен әр түрлі қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылуда.
Ақпан айында аудан орталығында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 24 жылдығына арналған «Ұрпақтар сабақтастығы – ұлы мұраттарға жету негізі» атты кездесу өткізілді. Оған Ауғанстан соғысы ардагерлерімен бірге, мекеме, ұйымдар, әскери бөлімдер, қоғамдық ұйымдар мен жастар өкілдері қатынасты.
Аудан әкімінің орынбасары С.М.Брынзов ауғандық жауынгерлерді осы атаулы күнмен құттықтап, қоғамдық іске белсене қатысушыларды аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Шараға жиналғандар алдында жастар шағын концерт ұсынды.
Аудандық Жастар үйінде оқушылар арасында «ЭКСПО-2017» - біздің көзімізбен» атты көңілді тапқырлар клубы ойыны өтті. Сайыс қорытындысы бойынша финалдық ойынға Шар қаласындағы Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің «Абай КZ», Ақтайлақ би атындағы орта мектептің «Кемпірқосақ», Абай атындағы мектеп-гимназияның «Тентек-шоу», Георгиевка орта мектебінің «Жастар Live», Васильковка негізгі мектебінің «Көңілді жастар», Бақыршық орта мектебінің «Жарқын болашақ» командалары жолдама алды.
Наурыз айында аудандық Жастар үйінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша аудан әкімінің қатысуымен кеңейтілген дөңгелек үстел отырысы өтті. Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесіне орай, әйел-аналарға құрмет көрсетуге арналған шара өтті. Кең жайылған дастархан басына бұл күні тыл ардагерлері, зейнеткерлер, бөлім, мекеме басшылары – әйелдер, әр түрлі саланың өкілдері жиналды.
Салтанатты шара алдында мереке қонақтары еңбек ұжымдарының өкілдері көрмеге ұсынған қолөнер, бейнелеу өнері бұйымдарымен, кулинария өнімдерімен танысты.
Аудан басшысы нәзік жандылардың өміріміздің барлық саласын дамытудағы еңбектерін атап өтіп, алғыс хаттар мен раушан гүлдерін табыс етті. Мереке иелері Е.Тоққожиннің, «Мұрагер» ардагерлер ансамблінің, К.Байжөкенованың орындауларындағы лирикалық әндерді ықыласпен тыңдап, Қапай Батыр ауылындағы мектептің көңілді тапқырлар командасының әзіл-сықақтарын, «Ерке би» тобының өнерін қызыға тамашалады.
«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі21 наурыз күні Наурыз мерекесіне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты ардагерлерге арналған мерекелік кеш.аудан әкімі Жастар үйінде соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесті. Кездесу барысында ардагерлерге құттықтау хат, раушан гүлдері табыс етіліп, жас орындаушылардың орындауында мерекелік концерттік нөмірлер ұсынылды.
Сәуір айында аудан әкімдігі, аудандық «Семей орманы» МОТР ММ-нің мамандары мен аудандық жастар үйінің қатысуымен «Парктер шеруі-2013» акциясы аясында «Табиғатты аялайық, болашақты ойлайық» атты іс-шара болып өтті. Аудан әкімінің орынбасары С.Брынзов қатысушыларды құттықтай келе, өткізіліп отырған «Парктер шеруі-2013» табиғатты қорғау акциясы аудан көлемінде үлкен бастау алып жатқан игі шаралардың бірі екенін айта отырып, табиғатты қорғауға атсалысып жатқан жастарға алғысын білдірді.
«Парктер шеруі» акциясының келесі жалғасы орталық саябақта көшеттер отырғызу рәсімімен жалғасты. Саябаққа 200-ге жуық көшет отырғызылды.
Аудандық Жастар үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Ғажайыпқа толы Жарма» атты жайдарманшылар ойынының финалы өтті. Ойын қорытындысы бойынша, бас жүлдені Васильковка негізгі мектебінің «Көңілді Жастар» құрамасы иеленді.
26 сәуір күні аудандық Мәдениет үйінде Отандастарымыздың тағдыры арқылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көреген басшылығымен қол жеткізген республикамыздың жетістіктерін көрсетуді көздейтін жоба - Қазақстанның барлық аймақтарын қамтитын «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» атты форум болып өтті.

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіМәдениет үйіне кіреберіс фойеде аудан туралы фотокөрме, кітап көрмесі орналастырылды. Форум жұмысына ауданның елді мекендерінде халық шаруашылығының  түрлі салаларында өз тағдырларын ел тағдырымен байланыстырып еңбек етіп, замандастарына үлгі болып жүрген азаматтар, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың белсенді мүшелері шақырылды.
Форум қонақтары ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жетістіктерін баяндайтын бейнефильмді тамашалаған соң, іс-шараны құттықтау сөзбен аудан әкімінің орынбасары С.М.Брынзов ашты. Бұдан соң мінбеге көтерілген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның Құрметті азаматы С.С.Жылқыбаев, «Шалабай» ЖШС-нің бас директоры, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Қ.С.Сүлейменов, «Қамқор Локомотив» ЖШС «Шар локомотив жөндеу депосы» филиалының инженер-технологы, «Құрметті теміржолшы» Б.Ж.Шектібаев, славян этномәдени бірлестігінің мүшесі, білім беру саласының ардагері, ауданның Құрметті азаматы Е.И.Квач, 47007 әскери бөлімінің командирі, ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Е.Т.Жақаев, аудандық мәслихат депутаты, «Мүсілім» асыл тұқымды зауыты» толық серіктестігінің директоры Қ.А. Мұсағитов, «Жас Отан» Жастар қанаты ІІ съезінің делегаты, облыстық жас ұстаздар кеңесінің мүшесі, Уәлиханов атындағы орта мектептің мұғалімі Қайырғазы Майтұрсын өңірімізді, Отанымызды көркейте түсуге үлес қосуға шақырды.
Олардың сөздерін "Сұлуым" халықтық эстрадалық қыздар тобы әсем сазды әуендерімен сүйемелдеп отырды.
Форум шеңберінде «Туған жерге тағзым!» акциясы аясында өңірдің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген, сондай-ақ жастар саясатын іске асыруға белсене қатысушыларға аудан әкімінің атынан марапаттаулар табыс етіліп, "Жас Отан" жастар қанатының әкімшілік-аумақтық бірліктердегі атқарушы хатшыларына куәліктер тапсырылды. Аудандық форум патриоттық сезімге жетелейтін «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.
Чернобыль атом электр стансасындағы апатты еске алу күніне орай, ескерткіш басына гүл шоқтары қойылып, Жастар үйінде кездесу өткізілді. Кездесуде аудан әкімінің орынбасары С.М.Брынзов, қорғаныс істері бөлімі бастығының орынбасары Р.Абдрахманов, №1 медицина бірлестігінің дәрігер-эндокринологы Л.Н.Бугайцова, ЧАЭС-тегі апат зардаптарын жоюға қатысушылар С.Д.Ахметжанов, М.О.Алпысбаев, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі А.Леспаева сөз сөйледі. Шараға қатысушылар халықаралық «Атом» жобасына қолдау танытып, Петицияға қол қойды.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай, аудандық Мәдениет үйінде салтанатты жиын, халықтар достығы фестивалі ұйымдастырылды.

9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай, әскери шеру, мерекелік концерт, «Далалық ас үй», арнаулы бөлімше жауынгерлері мен жас каратешілердің өнер көрсетуі болды.
Мемлекеттік рәміздер күніне орай, «Бұл - біздің Әнұран! Бұл - біздің Елтаңба! Бұл-біздің Ту!» атты мерекелік шара өткізілді.
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына» сәйкес, ауданда Жолдауды насихаттау және түсіндіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Ауданда ауданда барлығы 248 адамнан тұратын 45 ақпараттық-насихат тобы құрылған, оның ішінде 25 адамнан тұратын 4 аудандық топ, 223 адамнан тұратын 41 әкімшілік-аумақтық бірліктердегі (ауылдық округ, кенттердегі) ақпарат топтары. Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру және оның жүзеге асу барысын насихаттау жөнінде «Жастар – елдің үкілі үміті» атты дөңгелек үстел, «Жастар белсенділігін арттыру» тақырыбына кездесу, «Жұмыспен қамту бағдарламасының басымдықтары», «Жергілікті өзін-өзі басқарудағы жастардың рөлі», «Жас ұрпақ саулығы – болашақ қоғам саулығы» атты семинарлар, кәсіпкерлер форумы және басқа шаралар өткізілді.
«Қазақстан-2050» Стратегиясын, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру және насихаттау бойынша 2013 жылдың сәуір-маусым айларында 127 іс-шара (кездесу, жиын, әңгіме, дөңгелек үстел) өткізіліп, 5415 адам қамтылды.
«Туған жерге тағзым» акциясы бойынша биылғы жылға жалпы құны 499,75 млн. теңгені құрайтын 24 жоба жоспарланған. Қазіргі уақытта 44,1 млн. теңгені құрайтын 7 жоба іске асырылған. Бұл – Әуезов кентіндегі Даңқ мемориалы, хоккей алаңы, Суықбұлақ кентіндегі хоккей алаңы, Сұлусары ауылындағы және Қалбатау ауылдық округіндегі жол жөндеу, қардан тазарту жұмыстары.

 Ірі жобалардың қатарына Қалбатау ауылындағы спорт орталығы (200,0 млн. теңге), Әуезов кентіндегі балабақша құрылысы (190,0 млн. теңге), Шар қаласындағы №2 медицина бірлестігіне қажетті құрал-жабдықтарды сыйлау (13,0 млн. теңге), Суықбұлақ кентінде көріктендіру мен көгалдандыру жүргізу (18,0 млн. теңге) жұмыстарын жатқызуға болады.


 

 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016