Ішкі саясат

Мемлекет басшысының жолдауының орындау нәтижелері

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛГЕН ІС ШАРАЛАР НӘТИЖЕЛЕРІ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жүзеге асу барысы бойынша 2013 жылдың 1 қазанына ақпарат

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына» сәйкес, ауданда Жолдауды насихаттау және түсіндіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Ауданда барлығы 248 адамнан тұратын 45 ақпараттық-насихат тобы құрылған, оның ішінде 25 адамнан тұратын 4 аудандық топ, 223 адамнан тұратын 41 әкімшілік-аумақтық бірліктердегі (ауылдық округ, кенттердегі) ақпарат топтары.
Жолдаудың негізгі бағыттары туралы аудан активінің жиналысында, ауыл шаруашылығы мәселелеріне арналған семинарда, білім саласы қызметкерлерімен кеңесте талқыланып, әкімшілік-аумақтық бірліктерде өткен есепті жиындар барысында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат топтарының жұмысы үшін анықтамалық, талдау материалдары, әдістемелік құралдар әзірленеді. Ағымдық мәселелер бойынша талдаулар, тиісті салалардағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың жүзеге асырылуы бойынша шолу материалдарын насихат топтарына дербес бөлімдер-мемлекеттік мекемелер тапсырады.  
Ақпараттық-насихат жұмысында атаулылық және мақсатқа бағытталғандық қағидалары басшылыққа алынады.
Тұрғындарды ақпараттандыру жүйесінде насихат жүргізуші кадрларға, оларды іріктеу жайына ерекше көңіл бөлінеді.
Тиімді ақпараттық жұмысты қамтамасыз ету мақсатында ақпарат тобының құрамына қоғамдық пікір көшбасшылары, ауданның беделді азаматтары енгізілген. Олардың ақпараттық қызмет көрсетуі әңгіме, кездесу, дөңгелек үстел, пікір алмасу, мазмұны жағынан шағын да нақты ақпараттық хабарлама түрінде жүргізіледі.
«Қазақстан-2050» Стратегиясын, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру және насихаттау бойынша 2013 жылдың үшінші тоқсанында 142 іс-шара (кездесу, жиын, әңгіме, дөңгелек үстел) өткізілді.
Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру және оның жүзеге асу барысын насихаттау жөнінде «Жастар – елдің үкілі үміті» атты дөңгелек үстел, «Жастар белсенділігін арттыру» тақырыбына кездесу, «Жұмыспен қамту бағдарламасының басымдықтары», «Жергілікті өзін-өзі басқарудағы жастардың рөлі», «Жас ұрпақ саулығы – болашақ қоғам саулығы» атты семинарлар, кәсіпкерлер форумы және басқа шаралар өткізілді.
Қыркүйек айында округ әкімдеріне, қоғамдық ұйымдар өкілдеріне арналып «Медиация азаматтық қоғамның қалыптасуының тиімді институты ретінде» атты семинар болып өтті.
2013 жылғы 1 қазан күні Қалбатау ауылында, аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Жарма ауданы үлгісінде мемлекеттік органдардың тұрғындармен өзара іс-қимылы» тақырыбына дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Дөңгелек үстел отырысына Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлескен Бағдарламаны басқару жөніндегі комитеттің өкілдері қатынасты.
Аудандағы жүзеге асырылған жобалар таныстырылып, әрі қарай тақырыпты талдау, пікір алмасу жүргізілді.
Ауданда үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен әр түрлі қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылуда. Ауғанстан соғысы ардагерлерімен бірге, мекеме, ұйымдар, әскери бөлімдер, қоғамдық ұйымдар мен жастар өкілдерінің қатысуымен «Ұрпақтар сабақтастығы – ұлы мұраттарға жету негізі» атты кездесу, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша аудан әкімінің қатысуымен кеңейтілген дөңгелек үстел отырысы, мемлекеттік жастар саясатының «Қазақстан 2020 - болашаққа жол» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында «Біз бірлікпен мықтымыз» атты дөңгелек үстел, «Жас ұрпақ саулығы-болашақ қоғам саулығы» атты семинар, және басқа шаралар ұйымдастырылды.
Ішкі саясат бөлімі тарапынан ақпарат топтарына көмекші материал ретінде «Жастар саясатының басымдықтары», «Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік қауіпті құбылыс», «Дін және жастар» деген тақырыптарда кітапшалар әзірленіп, таратылды.
Жолдауды насихаттау мақсатында аудан бойынша 38 баннер әзірленіп, барлық әкімшілік – аумақтық бірліктерге орналастырылды.
Аудандағы қоғамдық-саяси ахуал жағдайын анықтау үшін ақпараттық-талдау орталығы тарапынан әлеуметтік сауалнама жүргізіліп отырады.
Барлық өткізілетін маңызды қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік шаралар аудандық, облыстық газет беттерінде, сондай-ақ облыстық телеарна арқылы жария етіледі.

 

 

 

Парақтар өзгертілді: 10-11-2016