Ішкі саясат

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға әзірленген әлуметтік

  1. Ролик 30 сек каз - https://yadi.sk/i/DxiApKsxeJskW
  2. Ролик 30 сек русс  - https://yadi.sk/i/HxPZhfDfeJsLk
  3. Ролик 43 сек каз -https://yadi.sk/i/dojBoATIeJsNY
  4. Ролик 43 сек русс -https://yadi.sk/i/e3lpElvqeJsP7
  5. Ролик 1 - https://yadi.sk/i/-Vi5BchleJsaz
  6. Ролик 2 - https://yadi.sk/i/EpknTYf8eJsbq
  7. Ролик 3 - https://yadi.sk/i/dptPH9R5eJshM
  8. Ролик 4 - https://yadi.sk/i/dptPH9R5eJshM

5 наурызда Қалбатау ауылының Жастар үйінде аудандық ақпараттық түсіндіру тобының ауылдың білім мекемелері – Маяковский атындағы ОМ, Георгиевка ОМ және Абай атындағы мектеп-гимназияның 9-11 сынып оқушыларымен «Діни экстремизм – ақиқат діннің жауы» атты тақырыпта кездесуі өтті.
Кездесу барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, аудандық орталық мешіттің наиб-имамы Әбдусамет Тойқылды және Маяковский атындағы ОМ тарих пәнінің мұғалімі Омарова Үміт  дәстүрлі емес діни ұйымдардың негізгі бағыттары, олардың қарамағына ілінбеу және дәстүрлі діннің құндылықтары туралы баяндады.
Іс шара барысында экстремистік бағыттағы діни ағымдар, олардың ішінде Таблиғи жамағат, Салафизм, Хизбут-ат-тахрир және т.б. ұйымдарының қауіптілігі туралы бейнероликтер көрсетіліп, оқушыларды толғандырған сұрақтарға жауап берілді.

 

Діни бірлестіктермен жұмыс

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес, қазіргі уақытта Жарма ауданы бойынша ресми тіркелген діни бірлестіктер саны – 12, оның ішінде 10 – ислам бағытында, 2 – католик бағытында. Олар: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы» - Жарма аудандық мешіті», Үшбиік ауылдық мешіті, Ақжал ауылындағы «Оралбай мешіті, Шар қалалық мешіті және «Жақсыбек Жұмағұлұлы» мешіті, Әуезов кентіндегі «Аманхан Қасымханұлы мешіті», Жаңғызтөбе кентіндегі «Нұр-Тоқтар» мешіті», «Қызылағаш ауылдық мешіті»,  «Суықбұлақ ауылдық мешіті» және «Жарма ауылдық мешіті». 
Рим-католиктік діни бірлестіктер – 2, олар: «Қасиетті Михаил  Римдік-Католиктік Шіркеуінің Қауымы» діни бірлестігі (Шар қаласы), «Христосты көкке көтеру римдік-католиктік шіркеуінің қауымы» діни бірлестігі (Қалбатау ауылы).  
Діни ғимараттар саны – 12, бұдан тыс Бірлік және Қапанбұлақ ауылдарында діни рәсімдер өткізетін жеке үй-жайлар (намазхана) бар. 
Ауданда мемлекеттің дін саласындағы саясатының негіздерін түсіндіру бағытында 1 аудандық және 19 округтік ақпараттық- түсіндіру топтары құрылған. Дін мәселелері бойынша ақпараттық-насихат тобының құрамына ішкі саясат, ішкі істер бөлімдерінің, ислам діни бірлестігінің өкілдері енгізілген. 
Дін мәселелері бойынша АТТ ұйымдастыруымен 2017 жылда аудан бойынша 35 іс-шара (кездесулер) өтті, жалпы 2165 адам қамтылды. Оның ішінде аудан мектептерінде 6 кездесу өткізіліп, 512 адам қамтылды, ұйымдармен 5 кездесу өткізіліп, 201 адам қатысты. Жұмыспен өзін-өзі қамтыған, жұмыссыздар мен кәсіпкерлік саласындағы коммерциялық ұйымдарда 4 кездесу ұйымдастырылып, 102 адам қамтылды.

  • Діни бірлестіктермен жұмыс
  • Діни бірлестіктермен жұмыс

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Шар қаласының Мәдениет үйінде Жарма аудандық ақпараттық түсіндіру тобының Шар қаласындағы білім мекемелері - Абай атындағы ОМ , Т.Көбдіков атындағы ОМ, Карелин атындағы ОМ және Б.Тұрсынов атындағы ОМ 9-11 сынып оқушыларымен «Деструктивті теріс ағымдардың кері әсері» атты тақырыпта кездесуі өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шарада қалалық мешіт имамы, дінтану пәнінің мұғалімдері және жергілікті атқарушы органдар өкілдері қатысты. Кездесудің мақсаты ханафиттік мазхабтың құндылықтарын түсіндіру және жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу болып табылды. Іс шара барысында экстремистік бағыттағы діни ағымдардың қауіптілігі туралы бейнеролик көрсетіліп, оқушыларды толғандырған сұрақтарға жауап берілді.

  • Діни бірлестіктермен жұмыс
  • Діни бірлестіктермен жұмыс

 

Мұрағат

2017 жыл
2016 жыл
2015 жыл
2013 жыл

Парақтар өзгертілді: 07-03-2018