Ішкі саясат

Саяси партиялармен жұмыс

Ауданда 1999 жылдан «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы (төрағасы Н.Сыдықов) жұмыс істейді. Филиал жанынан аудандық мәслихат депутаттары фракциясы (жетекшісі М.Оспанбаев), сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес  (төрағасы Е.Мұхаметқанов), «Жас Отан» жастар қанаты (атқарушы хатшы Е.Қабасова) құрылған.
«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ауданда өткізілетін барлық қоғамдық-саяси, әлеуметтік мәнді шараларға белсене қатынасады.
Партия филиалы тарапынан «Кедергісіз болашақ», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кәсіпкерлерге қамқорлық», «Жол қоғамдық қабылдау» акциялары өткізілді.
Филиал жанынан «Мұрагер» клубы құрылып, оның құрамына тыл және еңбек ардагерлері енгізілген. Клубтың басты мақсаты жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, өз халқының тіліне, салт-дәстүрлері мен мәдени мұраларына құрмет пен сүйіспеншілікті сіңіру болып табылады. Клуб мүшелері білім мекемелерінде, әскери бөлімдерде, ауылдық округтерде концерттік сапармен болып қайтты.             
Кестеге сәйкес, қоғамдық кеңес мүшелері қабылдау өткізеді.  Сондай-ақ, қоғамдық қабылдау бөлмесі тұрғындар өтініштері бойынша жұмыс жүргізеді.
Партиялық бақылау тобы әр түрлі бағдарламалар бойынша жүргізілетін жұмыстардың жай-күйін үнемі назарда ұстайды.

Мұрағат

2016 жыл
2015 жыл
2013 жыл

 

 

Парақтар өзгертілді: 19-06-2017