Ішкі саясат

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс

Работа с неправительственными организациями Ауданда ресми тіркелген  үкіметтік емес ұйымдар саны – 8, олар: «Келешек-Будущее» қоғамдық бірлестігі (төрайымы Түкиева Әсел, Шалабай ауылындағы Крупская атындағы орта мектептің мұғалімі), «Ауғанстан соғысы ардагерлерінің Жарма ауданындағы ұйымы» қоғамдық бірлестігі (төрағасы Бургожинов Тілеухан Әнуарбекұлы), «Қарасу» бірлестікті дамыту қоғамдық қоры (төрайымы Қанапиянова Гүлнар, мәдениет қызметкері), «Жарма ауданының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің одағы» ҚБ (Ибиятов Валерий Минигереевич, жеке кәсіпкер), «Жанама» футбол клубы қоғамдық бірлестігі (Балтабаев Қыдыр Рауаянович), «Жігерлі жастар» (жетекшісі - Зухра Какенова), «Жарма ауданының әлеуметтік серіктестік орталығы» қоғамдық қоры (атқарушы директор Құрма Нүкенқызы Тулеубаева), «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Жарма аудандық филиалы» (Нұрлыбек Оспанбекович Есполов).
Ауданда үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен әр түрлі  қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылуда.
10 наурыз күні Жарма аудандық Мәдениет үйінде аудандық ардагерлер ұйымының бастамасымен ақсақалдар арасында «Батаменен ел көгерер» атты аудандық сайыс өткізілді. Шараның басты мақсаты халқымыздың салт-дәстүрін насихаттау, бата берудің қасиеті мен қадірін дәріптеу. 

Қорытынды бойынша ақсақалдар арасында бата берудің шебері атанған Қаратөбе ауылынан келген З.Таңатаров ақсақал бас жүлде иегері атанды, екінші орынға Терістаңбалы округінен М.Рахиянов пен Қызылағаш ауылынан С.Мубараков ие болды. 
Үшінші орынға Әуезов кентінен Т.Керейбаев ақсақал мен Шар қаласынан Т.Айқынбеков жайғасты. Сайыс жүлдегерлері аудан әкімінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
27 мамыр күні ардагерлердің Тарбағатай ауданына сапары ұйымдастырылып, оның барысында аға буын өкілдері Ырғызбай кесенесіне тағзым етіп, қазақ күресінен әлем кубогының жарыстарын тамашалады.
Сондай-ақ, өткен кезеңде ардагерлер арасында шағын футболдан, бильярдтан, үстел теннисінен, шахматтан аудандық турнирлер өткізілді. «Ауғанстан соғысы ардагерлерінің Жарма ауданындағы ұйымы» қоғамдық бірлестігі тарапынан әскери-патриоттық ойын, шайбалы хоккей жарысы, жастармен кездесулер өткізілді.

Мұрағат

2016 жыл
2015 жыл
Парақтар өзгертілді: 19-06-2017