Ішкі саясат

Мемлекет басшысының жолдауының орындау нәтижелері
Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс
Саяси партиялармен жұмыс
Діни ұйымдармен жұмыс
Дін көшбасшылары съездерінің тұрақтылықты сақтаудағы ықпалы
Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл
Діни бірлестіктер тізімі
   

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2017 жылың     9 айында атқарылған  іс-шаралар туралы ақпарат

«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен әр түрлі  қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылуда.
4 шілде күні аудандық Жастар үйінде «Астана күніне» арналған салтанатты шара болып өтті. Жиынға аудандық әкімдік,  маслихат өкілдері, ауыл тұрғындары және жастар өкілдері қатысты.

Шара барысында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мемлекеттік қызмешілер ант қабылдап, «Нұр Отан» партиясының қатарына қабылданушыларға куәліктер табысталса, көп балалы аналарға «Күміс алқа» төсбелгілері берілді.Мерекелік шара аудандық Мәдениет үйінің концерттік бағдарламасына ұласты.
2017 жылғы 7 шілде күні Жарма ауданының орталығы – Қалбатау ауылындағы Мәдениет үйінде мемлекет және қоғам қайраткері, партизан-жазушы, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, Жарма  ауданының тумасы Әди Шәріповтің 105 жылдығына арналған «Қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция болып өтті.
Жарма ауданының әкімдігі, Қазақстан Жазушылар Одағы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті бірлесіп ұйымдастырған бұл шараға Ә.Шәріпұлының жұбайы, филология ғылымдарының кандидаты Клара Жағыпарқызы Мыңжасарова және Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, танымал ақын, драматург, көрнекті қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі ақын Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин қатысты.

  • Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі
  • Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі



Конференция жұмысын кіріспе сөзбен Жарма ауданының әкімі Н.Б. Сыдықов ашып, келген қонақтармен таныстырып өтті. Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Н.Оразалин, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Тәуелсіздік дәуірдегі әдебиет және көркем публицистика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж.Орда, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ф.Ш.Оразбаева, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Р.З.Зайкенова, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор С.С.Қорабай, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Талдау және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, доцент С.В.Ананьева және Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің оқытушы-ғалымдары сөз сөйлеп, Ә.Шәріповтің қаламгерлік, қайраткерлік, ғалымдық тұлғасы туралы ойларын ортаға салды.Іс-шараны аудан әкімі Н.Сыдықов қорытындылап, белгілі қаламгердің 105 жылдығына арналған конференцияны ұйымдастыруға қатысушыларға, қонақтарға алғысын білдірді.
31 шілде күні Жарма ауданы Қалбатау ауылындағы орталық алаңда әуенді су бұрқақтың ашылу салтанаты өтті. Су бұрқақтың ашылу салтанатының алдында жиналғандар балаларға арналған сыйлықтары бар ойын-сауық бағдарламаларын тамашалады. Сондай-ақ, аудандық Мәдениет үйінің өнер ұжымдары арнайы әзірлеген концерттік бағдарламаларын ұсынып, әр округтен келген бишілер жұрттың көңілін көтерді. 5-6 тамыз күндері Жарма ауданының Қалбатау ауылында белгілі айтыскер ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қалихан Алтынбаевтың 90 жылдығына арналған мәдени-көпшілік және спорттық шаралар болып өтті. Шаралар Қ.Алтынбаевқа арналған ескерткіштің ашылуынан басталды, онда ардагер журналист М.Зүкенов, ақын Т.Жанғалиев, республикалық айтыстардың лауреаты Д.Омарбаева, Қ.Алтынбаевтың ұлы  – Қалбай Алтынбаев сөз сөйледі.
Әрі қарай іс-шара аудандық Мәдениет үйінде жалғасты. Мәдениет үйі өнерпаздарының концертінен соң аудан әкімі Н.Б.Сыдықов құттықтау сөз сөйлеп, жергілікті ақындар М.Зүкеновке, Д.Омарбаеваға, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Н.С.Сабильяновқа «Жарма ауданының «Құрметті азаматы» атағын табыс етті.

  • Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі
  • Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі

Осында республикалық айтыс өткізіліп, оған әр өңірден келген 12 үміткер қатынасты. Бас жүлдеге (1,5 миллион теңге) алматылық Қазірет Бердіқан ие болды. Екі күндік бағдарлама аясында 6 тамыз күні ипподромда түрлі қашықтыққа ат жарысы өткізілді.
2017 жылғы 8 тамыз күні Қалбатау ауылында, аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің тапсырысына сәйкес, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені аясында, «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, оның ішінде жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының құрылысы барысында сыбайлас жемқорлықты болдырмау» тақырыбында көшпелі мәжіліс өткізілді.
Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық және этномәдени бірлестіктер, БАҚ өкілдері, квазимемлекеттік сектор субъектілері, бизнес-құрылым, білім беру саласы қызметкерлері шақырылды. Мәжілісті кіріспе сөзбен Жарма ауданы әкімінің орынбасары С.М.Брынзов ашты.
Күн тәртібіне сәйкес төмендегі мәселелер қаралды: «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру туралы» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Асқар Арыстан), «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салуда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау шаралары туралы» (Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы М.Қ. Жұмағалиева), «Электронды үкімет порталы және азаматтарға арналған үкіметтің мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызмет туралы көпшілікке тарату» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы А. Ф.Жүкенов), «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, оның ішінде жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарын салуда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау шаралары туралы» (Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы О.М. Бекмолдин), «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, оның ішінде жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарын салуда бизнес-қауымдастықтың проблемалық мәселелері туралы» (Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Д. Б.Мұхаев, «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы «нөлдік» төзімділікті қалыптастыруда «Нұр Отан» партиясымен өзара іс-қимыл туралы» («Нұр Отан» партиясы Жарма аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б. Ж. Оразғалиев), «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл туралы» (аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Д.С.Какиманов). Мәжілісті Жарма ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы М.С.Матанов қорытындылады.
23 тамыз күні Жарма ауданының Әуезов кентінде «Рухани-адамгершілік құндылықтардың бүгінгі қоғамдағы орны» атты тақырыпта аудандық семинар өтті. Оған әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдері, мешіт имамдары, ардагерлер кеңестерінің төрағалары шақырылды. Семинарға қатысушылар алдымен кенттің әлеуметтік нысандарын: «Аққу» балабақшасын, орталық саябақты, Даңқ мемориалын және мешіт ғимараттарын аралап танысты.

  • Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі
  • Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі

 

Семинар жұмысын кіріспе сөзбен «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-сінің басшысы М.Матанов ашты. Діни қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы жиналғандарға Шығыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасының бас маманы Қ.Т.Тұтқышев баяндап өтті. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі мәселе бойынша Жарма аудандық мешітінің бас имамы М.Ж.Оспан, Әуезов кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Қ.Жақпеков, Шар қалалық мешітінің бас имамы М.Қ.Бүркітбаев, Жарма аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.О.Есполов сөйлеп, өз пікірлерін білдірді. 26 тамыз күні Қарасу ауылында Ресей Федерациясы, Смоленск облысы, Угри ауданының «Набат» ізшілер отряды тарапынан табылған, аталған ауылдың тумасы, жауынгер М.Толымғожиновтың мүрдесін қайта жерлеу рәсімі өткізілді.
28 тамыз күні Конституцияның 22 жылдығы мерекесіне орай, аудандық Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Жиынға аудан активі, ақсақалдар, құрметті азаматтар, жастар және Қалбатау ауылының тұрғындары қатысты. Салтанатты марштың сүйемелдеуімен 47007 әскери бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік туды сахнаға алып келді. Бұдан соң Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны шырқалды. Мәслихат хатшысы А.Сахметжанова құттықтау сөз сөйлеп, әр саладағы азаматтарға өз істерінің шеберлігі үшін «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттар» табыстады. Мерекелік шараға жиылған қонақтар аудандық «Ауылым-алтын бесігім» атты көркемөнерпаздар байқауының гала концертіне қатысушылардың концерттік бағдарламасын тамашалады.

  • Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі
  • Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі



29 тамыз күні Қызылағаш ауылдық округінде спорт алаңының ашылу салтанаты өтті. Алаңның ашылуына Жарма ауданының әкімі Н. Сыдықов қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, Қызылағаш ауылының балаларына спорттың әр түрінен командалық спорттық киімдер мен доптар сыйға табыс етті.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі салтанатты шараға орай шағын футболдан жарыс ұйымдастырып, оған Қалбатау, Ақжал, Қызылағаш ауылдық округінің және Жарма кентінің жас футболшылары қатысты.
12 қыркүйек күні Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылының Орталық алаңында жастар арасында «Деніңнің саулығы - өз қолыңда» атты акция өтті.Қатысушылар тұрғындардың назарын аудару үшін арнайы дайындалған плакаттарды іліп, көшедегі адамдарға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында сауалнама жүргізді, шылым шегудің, нашақорлықтың денсаулыққа зияны және салауатты өмір салтын ұстану жайлы буклеттер таратты.

Іс-шараның қорытындысы ретінде темекі тартып отырған ауыл тұрғындарына 1 тал темекіні тәттіге ауыстыру туралы ұсыныс жасалды. Үгіттеп, тапқырлығын көрсетіп, темекіні ең көп жинаған қатысушы жеңіске жетті.
27 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам Министрлігі жастар саясаты департаментінің директоры Ғабидулла Оспанқұлов жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында болып, белсенді жастармен кездесу өткізді.

Кездесуге жасотандықтар, мемлекеттік мекеме мамандары, білім, денсаулық және әлеуметтік саланың жас қызметкерлері шақырылды. Кездесу барысында қатысушылар әр түрлі тақырыптарға сұрақ қойып, өзекті мәселелерді қозғап, ұсыныстарын білдірді. Жарма ауданы әкімінің орынбасары А.Ибраев өз кезегінде қонақтарға және белсенді қатысушы жастарға ризашылығын білдірді.
29 қыркүйек күні Жастар мәслихатына сайлау өткізілді.Сайлауға аудан бойынша 16-29 жас аралығындағы жастардың 50 пайыздан астамы қатысып, өз таңдауларын жасады.
Барлығы 58 үміткердің ішінен баламалы негізде 21 адам сайланды.
30 қыркүйек күні Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында Республикалық ардагерлер ұйымына 30 жыл толуына орай, Қарттар күні мерекесі қарсаңында Ардагерлер үйі ашылды.
Аталған салтанатты шараға облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы А.Шерубаев қатысты. Шара барысында бірқатар ардагерлер республикалық, облыстық, аудандық марапаттарға ие болды.

  • Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі
  • Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі

 

Аудан басшысы Н.Сыдықов құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлер үйінің жұмысына табыс тіледі. Жарма аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Есполов өз кезегінде ауданның ардақты ардагерлері мен қарттар қауымын мерекелерімен құттықтады. Демеушілер атынан «Теньши» ЖШС-нің директоры Б.К Мұсажанов және «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-нің қоғаммен байланыс жөніндегі жетекші маманы Б.Аскерканов құттықтау сөз сөйлеп, сыйлықтарын тарту етті.
1 қазан күні Жарма кентінде футбол алаңының ашылу салтанаты өтті. Алаңның ашылуына аудан басшысы Н. Сыдықов қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, Жарма кентінің балаларына спорттың әр түрінен командалық спорттық киімдер мен доптар сыйлады.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі салтанатты шараға орай шағын футболдан жарыс ұйымдастырды.
4 қазан күні Жарма аудандық Мәдениет үйінде «Таза жүрек» акциясы аясында «Жылы жүрек- Жомарт қол» атты қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. Аталған шараға қоғамдық кеңестің, ардагерлер кеңесінің мүшелері, дербес бөлім, мекеме басшылары, кәсіпкерлер мен аудан орталығының тұрғындары шақырылды.  Шара барысында аудан басшысы Н.Сыдықов құтықтау сөз сөйлеп, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне жылы лебізін білдірді. Қонақтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы тәрбиеленушілерінің қолөнер көрмесі мен концерттік бағдарламалары тарту етілді. Жиналған қаражат Қалбатау ауылдық округіндегі аз қамтылған отбасылардың қажеттіліктерін өтеуге жұмсалатын болады.

6 қазан күні аудандық Мәдениет үйінде облыстық «Жасыл ел» еңбек жасақтарының он үшінші маусымының салтанатты жабылу рәсімі өткізілді. Салтанатты шараға Жарма ауданының әкімі Н.Сыдықов, облыстық «Жасыл ел» еңбек жасақтары штабының жетекшісі Қ.Қасенов, облыстық ішкі саясат басқармасы жастар ресурстық орталығының директоры А.Есимбекова қатысып, үздік жасақтар мен жетекшілерге арнайы жүлделер табыс етті. Жарма ауданының «Жасыл ел» отряды «Үздік жұмыс беруші» номинациясына ие болды.

Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі7 қазан күні Әуезов кентінде қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері М.О.Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына орай, қаламгерге арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті. Аталған шараға жазушының ұлы, мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов қатысып, өз сөзінде аудан әкімі Н.Сыдықовқа, кент тұрғындарына және мүсінші Нұрбол Қалиевке алғыс айтып, ерекше тебіреніспен жылы лебізін білдірді.

Аудан басшысы Н.Сыдықов құттықтау сөзінде шараның демеушісі, меценат, Ресейде жұмыс істейтін «Югантрансстрой» фирмасының басшысы, Қалиев Оразхан Аманханұлына алғыс айтып, Жарма ауданының «Құрметті азаматы» атағын табыс етті. Шараның салтанатты бөлімінен соң, келген қонақтар мен тұрғындар ескерткіш төріне гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті.
13 қазан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Н.Сыдықовтың жастар мәслихатына сайланған депуттармен кездесуі өтті. Оған бөлім басшылары, аумақтық бірліктер әкімдері, қоғамдық кеңес, ардагерлер кеңесінің мүшелері және ауданның белсенді жастары шақырылды. Шара барысында аудан басшысы құттықтау сөз сөйлеп, жаңадан сайланған жас депутаттардың алдағы уақытта атқаратын жұмыстарына тоқталып, мақсаттарын айшықтап берді.

Бұдан соң депутаттарға төсбелгі мен куәліктерді табыстау рәсімі өтті.
21 қазан Жастар үйінде «Маусымашар-2018» Жайдарман ойыны өтті. Оған қатысушы 10 команданың әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерімен танылды.

  • Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі
  • Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі
  • Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі
  • Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі

 

Көрермендер ойынды көз алмай тамашалап, көтеріңкі көңіл-күй мен күлкіге толы кеш өткізді.
25 қазан күні Жастар үйінде этнограф-тарихшы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі Мұхаметқазы Мұхамадиұлының жұртшылық өкілдерімен, жастармен «Рухани жаңғыру» - рухқа әсер» атты кездесуі өтті. Кездесу барысында М.Мұхамадиұлы ауданда алғаш құрылған «Мұрагер» мәдени-этникалық клубының жұмысы, көп жылғы жұмыс тәжірибесі, ұрпақтар сабақтастығы, мәдени-рухани шаралардың маңызы туралы әңгімеледі.
28 қазан күні Қазақ ССР-нің халық әртісі, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, эстрада әншісі, киноактриса, педагог-профессор Роза Қуанышқызы Рымбаеваның  60 жылдық мерейтойына орай, туған өлкесінде өнер саңлағының концерті ұйымдастырылды.

Концерт барысында аудан басшысы Н.Сыдықов Роза Қуанышқызына «Жарма ауданының Құрметті азаматы» атағын табыс етті. Әйгілі әнші өз кезегінде жерлестерінің ыстық ықыласына дән риза екендігін жеткізіп, алғысын білдірді.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын
және мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын насихаттау мақсатында  жалпы 181 адамнан 37 ақпараттық-насихат тобы, оның ішінде: 43 адамнан құралған 4 аудандық, 181 адамнан тұратын округтердегі 33 ақпараттық-насихат топтары құрылып, жұмыс жүргізуде.
2017 жылғы 5 қаңтар күні Жарма ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Н.С.Сабильянов және А.Платонов келді. Ауданға сапары барысында олар Жаңаөзен, Шуақ ауылдарының, Шар қаласының және аудан орталығы - Қалбатау ауылының тұрғындарымен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында ҚР Парламентінің депутаттары заңнама саласында баяндама жасап, «Рақымшылық туралы», «2017 жылға арналған республикалық бюджет туралы» жан-жақты әңгімелеп, «Нұрлы жер», агроөнеркәсіп секторын дамыту бағдарламаларымен таныстырды, жергілікті округтер бюджеттерінің қалыптасуы және кірістерді жалпыға бірдей міндетті декларациялауға дайындық жұмыстарына тоқталды.         
Ақпан айының 6-сы күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.С.Оспанов Жарма ауданына келіп, Елбасының Жолдауына, конституциялық реформаларға байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өткізді.
Аудан басшысы Н.Сыдықовтың төрағалығымен аудандық Жастар үйінде өткен жиынға қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудан активтері, дербес бөлім, мекеме басшылары, кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары қатынасты.
Ақпан айының 16-сы күні Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Д.Мусин Елбасының Жолдауы мен конституциялық реформалар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесулер өткізді.
Аудан әкімінің орынбасары С.Брынзовтың төрағалығымен өткен Үшбиік, Аршалы, Қапанбұлақ ауылдық округтеріндегі кездесулерге қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудан активтері, дербес бөлім, мекеме басшылары, кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары қатынасты. Тұрғындар өзекті тақырыптарға тоқталып, көкейтесті сұрақтарын қойды.
3 мамыр күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ШҚО департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы О.Мұсағалидің мемлекеттік мекемелер қызметкерлері және ҮЕҰ өкілдерімен Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  Жолдауын түсіндіру жөніндегі кездесуі өтті.
Аудандық және ауылдық округтердегі ақпарат топтары тарапынан елді мекендерде 2017 жылдың 10 айында ҚР Президентінің Жолдауы, конституциялық реформалар және Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы бойынша 242 кездесу өткізілді.

Жарма ауданы бойынша қоғамдық бірлестіктер

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс

Ауданда ресми тіркелген  үкіметтік емес ұйымдар саны – 7, олар: «Келешек-Будущее» қоғамдық бірлестігі (төрайымы Түкиева Әсел, Шалабай ауылындағы Крупская атындағы орта мектептің мұғалімі), «Ауғанстан соғысы ардагерлерінің Жарма ауданындағы ұйымы» қоғамдық бірлестігі (төрағасы Бургожинов Тілеухан Әнуарбекұлы), «Жарма ауданының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің одағы» ҚБ (Ибиятов Валерий Минигереевич, жеке кәсіпкер), «Жанама» футбол клубы қоғамдық бірлестігі (Балтабаев Қыдыр Рауаянович), «Жігерлі жастар» (жетекшісі - Зухра Какенова), «Жарма ауданының әлеуметтік серіктестік орталығы» қоғамдық қоры (атқарушы директор Құрма Нүкенқызы Тулеубаева), «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Жарма аудандық филиалы» (Нұрлыбек Оспанбекович Есполов).
Ауданда үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен әр түрлі  қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылуда.
27 мамыр күні ардагерлердің Тарбағатай ауданына сапары ұйымдастырылып, оның барысында аға буын өкілдері Ырғызбай кесенесіне тағзым етіп, қазақ күресінен әлем кубогының жарыстарын тамашалады. Сондай-ақ, өткен кезеңде ардагерлер арасында шағын футболдан, бильярдтан, үстел теннисінен, шахматтан аудандық турнирлер өткізілді. «Ауғанстан соғысы ардагерлерінің Жарма ауданындағы ұйымы» қоғамдық бірлестігі тарапынан әскери-патриоттық ойын, шайбалы хоккей жарысы, жастармен кездесулер өткізілді. 18 тамыз күні «Жарма ауданының әлеуметтік серіктестік орталығы» қоғамдық қоры тарапынан «Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де «Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін әрі қарай жаңғырту тұжырымдасы – азаматтардың құқықтарын сапалы жүзеге асыру» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Оған қызмет алушылар, әлеуметтік қызметкерлер, орталық мамандары қатысты.  Ағымдағы жағдай және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру туралы пікірлер айтылды. 20 қазан күні Қалбатау ауылындағы Спорт модулінде ауданның ардагерлер кеңесінің бастамасымен ауданның Құрметті азаматы, білім беру саласының ардагері, ауданның волейбол командасының мүшесі болған М.Әбеновті еске алуға арналған волейболдан ардагерлер арасында аудандық турнир өтті.

  • Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі
  • Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі

 

Саяси партиялармен жұмыс

Ауданда 1999 жылдан «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы (төрағасы Н.Сыдықов) жұмыс істейді. Филиал жанынан аудандық мәслихат депутаттары фракциясы (жетекшісі М.Оспанбаев), сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес  (төрағасы Е.Мұхаметқанов), «Жас Отан» жастар қанаты (атқарушы хатшы Е.Қабасова) құрылған.
«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ауданда өткізілетін барлық қоғамдық саяси, әлеуметтік мәнді шараларға белсене қатынасады.
Партия филиалы тарапынан «Кедергісіз болашақ», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кәсіпкерлерге қамқорлық», «Жолда қоғамдық қабылдау» акциялары өткізілді.
Филиал жанынан «Мұрагер» клубы құрылып, оның құрамына тыл және еңбек ардагерлері енгізілген. Клубтың басты мақсаты жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, өз халқының тіліне, салт-дәстүрлері мен мәдени мұраларына құрмет пен сүйіспеншілікті сіңіру болып табылады. Клуб мүшелері білім мекемелерінде, әскери бөлімдерде, ауылдық округтерде концерттік сапармен болып қайтты.
Қыркүйек айында «Жас Отан» жастар қанатының есеп беру-сайлау конференциясы өткізілді. 2017 жылғы  12 қазан күні Жарма аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалында «Кедергісіз келешек» партия  жобасының  аясында Жарма ауданы әкімдігінің «Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-сі бірлесе «Жылу жүрек, жомарт қол» қайырымдылық  акциясы өткізіліп, мүмкіншіліктері шектеулі жандар арасындағы әлемдік, облыстық, аудандық жарыстарда жүлдегер атанып жүрген спортшыларға  жиналған  қаражаттан ақшалай көмек табыс етілді.

Кестеге сәйкес, қоғамдық кеңес мүшелері қабылдау өткізеді. Сондай-ақ, қоғамдық қабылдау бөлмесі тұрғындар өтініштері бойынша жұмыс жүргізеді.
Партиялық бақылау тобы әр түрлі бағдарламалар бойынша жүргізілетін жұмыстардың жай-күйін үнемі назарда ұстайды.

Діни бірлестіктермен жұмыс
Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес, қазіргі уақытта Жарма ауданы бойынша ресми тіркелген діни бірлестіктер саны – 12, оның ішінде 10-ы – ислам бағытында, 2-уі – католик бағытында. Олар: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы» Жарма аудандық мешіті», Үшбиік ауылдық мешіті, Ақжал ауылындағы «Оралбай мешіті, Шар қалалық мешіті және «Жақсыбек Жұмағұлұлы» мешіті, Әуезов кентіндегі «Аманхан Қасымханұлы мешіті», Жаңғызтөбе кентіндегі «Нұр-Тоқтар» мешіті», «Қызылағаш ауылдық мешіті», «Суықбұлақ ауылдық мешіті» және «Жарма ауылдық мешіті».
Басқа ресми тіркелген діни бірлестіктер – 2, олар: «Қасиетті Михаил  Римдік-Католиктік Шіркеуінің Қауымы» діни бірлестігі (Шар қаласы), «Христосты көкке көтеру римдік-католиктік шіркеуінің қауымы» діни бірлестігі (Қалбатау ауылы).
Діни ғимараттар саны – 12, бұдан тыс Бірлік және Қапанбұлақ ауылдарында діни рәсімдер өткізетін жеке үй-жайлар (намазхана) бар.
Дін мәселелері бойынша ақпараттық-насихат тобының құрамына ішкі саясат, ішкі істер бөлімдерінің, ислам діни бірлестігінің өкілдері енгізілген.
24 қаңтар күні Қалбатау ауылындағы Абай, Маяковский орта мектептерінің 9-11 сынып оқушыларымен «Теріс діни ағымдардың қазіргі қоғамдағы кері әсері» атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесуге ішкі саясат бөлімінің дін мәселелері бойынша бас маманы М.Камешев, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі С.Ақаев қатысып, қазіргі қоғамдағы дін туралы өзекті мәселелер жөнінде баяндама жасады.
Кездесу барысында оқушылардың теріс ағымдардың жетегіне еріп кетпес үшін сақтану жолдары және қазақ халқының дәстүрлері туралы ақпарат беріліп, соңынан «Дәстүрлі емес діни ағым қайтпас шыңырау» атты деректі фильм көрсетілді. Жиналғандардың туындаған сұрақтарына С.Ақаев, М.Камешев жауап берді.
1 ақпан күні Қалбатау ауылындағы Георгиевка орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларымен және «Рахат» қонақ үйі қызметкерлерімен «Теріс діни ағымдардың қазіргі қоғамдағы кері әсері» атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесуге ішкі саясат бөлімінің дін мәселелері бойынша бас маман М.Камешев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Есполов қатысып, дін саласындағы өзекті мәселелер жөнінде әңгімеледі.
16-18 наурыз күндері дін мәселелері бойынша облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы үш күндік жұмыс сапарымен Жарма ауданында болды. Облыстық дін істері басқармасының қызметкерлерінен құралған топ мүшелері ауданның елді мекендрін аралап, барлығы 21 кездесу өткізді.
Кездесу барысында жұртшылыққа бүгінгі таңда елімізде дәстүрлі емес діни ағымдардың белең алып тұрғаны, оның мемлекет біртұтастығына тигізетін кері әсері туралы әңгіме өрбіді.
Бас қосуға жиналған мешіт қызметкерлері, мекеме өкілдері, жастар тарапынан тиісінше сауалдар қойылды.
2017 жылғы 17 мамырда аудандық Жастар үйінде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекция есебінде тұратын жасөспірімдермен «Ата-анамен қатынаста үлкендерді сыйлау» атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы М. Камешев, аудандық мешіттің наиб имамы Ә.Тойғылды қатысып, қазіргі қоғамдағы отбасы, ата-ананы, ұстаздарды құрметтеу туралы баяндама жасады.
Кездесу барысында жиналған қауымға 21 ғасырдың өзекті мәселелері болып саналатын бала тәрбиесі, жаман қылықтардан сақтану жолдары туралы ақпарат беріліп, соңынан «Мен елімнің патриотымын ба?» атты деректі фильм көрсетілді.
1 қыркүйек – Құрбан айт мерекесі күні аудан әкімі аудандық орталық мешітте болып, жиналғандарды қасиетті мерекемен құттықтады.
27 қыркүйек күні аудандық орталық мешітте «Жаназа. Соңғы сапарға шығарып салу рәсімі» атты семинар өткізіліп, «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітаптың таныстырылымы болды. Бұл іс-шараға құқық қорғау органдарының, ҮЕҰ өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, мешіт имамдары шақырылып, тақырып төңірегінде өз ойларын ортаға салды.

  • Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі
  • Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі

 

 

Мұрағат

2017 жыл
2016 жыл
2015 жыл
«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2014 жылдың
«Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2013 жылдың
Парақтар өзгертілді: 20-11-2017