Ашық үкімет

Есеп беретін транспарентті мемлекетті қалыптастыру институционалды реформасы (94-қадам) бойынша, «Ақпаратқа қол жеткізу» Заңына  сәйкес «ашық үкімет» модулін қалыптастыру бойынша жұмыстарды атқаруда. 
Бүгінгі күнде «Ашық деректер», «Ашық НҚА» және «Ашық бюджеттер» порталдары іске асырылды.
Заңға сәйкес, ақпарат иеленушілері, яғни мемлекеттік биліктің, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының органдары мен мекемелері  аталған порталдарда ақпаратты орналастырады:

  • Ақпаратты «Ашық бюджеттер» интернет-порталында орналастыру «Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпаратты орналастыру тәртібін бекіту туралы» 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1271 Бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
  • Ақпаратты «Ашық нормативтік құқықтық актілер» интернет-порталында  орналастыру 2015 жылғы 16 қарашадағы №1272 «Заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау қағидаларын бекіту туралы» Бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
  • Ақпаратты «Ашық деректер» интернет-порталында орналастыру 2016 жылғы 26 қаңтардағы №86 «Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру тәртібі мен форматы» Бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Парақтар өзгертілді: 09-11-2017