Патриоттық шара өткізілді

2020 жылдың 14 ақпан күні Жарма ауданы Қалбатау ауылында Кеңес  әскерлері құрамының Ауғанстаннан шығарылуының 31 жылдығына арналған шаралар орталық саябақтағы интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткіш тақтасына  аза гүлдерін қою рәсімінен басталды. Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін атқарушы М.Саябаев кіріспе сөз сөйлеп, бір минут үнсіздік жариялады. Бұдан әрі  Жастар ресурстық орталығында «Ауғанның от жалыны» атты патриоттық шара  өтті.

Патриоттық шараға аудан әкімінің орынбасары, әскери бөлім, ауданның мекеме басшылары, ұстаздар және оқушылар қатысты.

Шара барысында Ауған соғысы туралы видеоролик көрсетілді. Аудан әкімінің орынбасары А.Ибраев, 47007 ӘБ-нің командирінің орынбасары майор А.Базылжанов және Ауған соғысы ардагерлері ұйымының жетекшісі Т. Бургожинов өздерінің алғашқы құттықтау лебіз сөздерін жеткізді.

Шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.