Тұрғын үй секторындағы рейд жұмыстары

Жарма ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлерімен от жағу маусымы кезеңіне өткізілетін рейдтердің ең басты міндеттері жылу беру маусымының кезіндегі өрттердің алдын алу болып табылады.

Бөлім қызметкерлері тұрғын үй секторын кезекті реті аралап шықты.  Өрттің алдын алу, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу мақсатында тұрғындармен жеке меншік үйлерде және оған іргелес аумақтарда өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Халықпен әңгіме жүргізу барысында қызметкерлер тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің негізгі қағидаларын түсіндірді, ашық отты, пеш жылуы мен электр құралдарын пайдалану кезінде абай болу қажеттілігі туралы ескертілді.

Сонымен қатар, жаңадан басталып жатқан өртті сөндіру тәсілдері, өрт кезіндегі іс-әрекеттер туралы айтып өтті, 101 және 112 телефондары тегін, тіпті нөлдік баланс кезінде де қоңырау шалуға болады деген ақпаратты халыққа жеткізді.

Жас жігіттер тұратын отбасыларында  ҚР ІІМ ТЖК КТИ оқуға түсу және азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу бойынша үгіт-насихаттау жұмыстарын жүргізді.

Түсіндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін өрт қауіпсіздігі тақырыбына жадынамалар таратылды.

 Жарма ауданы ТЖБ-і