Ашық есік күні

Қалбатау ауылының № 32 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Ашық есік күнін ұйымдастырып, өткізді. Осы іс-шара балаларды құтқарушылардың қызмет өткеруінің күнделікті өмірімен, негізгі, мамандандырылған өрт сөндіру техникаларымен және өрт сөндірушілердің құрал-жабдықтарымен таныстыруға, сондай-ақ жас ұрпақтың өз еліне патриоттық сезімін тәрбиелеуге бағытталған.

Ұйымдастырылған іс-шараға Семей қаласының Евразиялық колледж студенттері  шақырылды. Өрт сөндіру бекетіне 15 адам келді. Экскурсия барысында өрт сөндірушілер балаларды өрт-техникалық қару-жарақпен және авариялық-құтқару құралдарымен таныстырды. Жауынгерлік машиналардың гаражында оқушылар үлкен қызығушылықпен тыңдап, машиналар мен құрал-саймандарды қарады, сондай-ақ оларды қызықтырған сұрақтарды қойды: шығындалған су мөлшері, өртке қанша адам шығады.

Осы іс-шара жас ұрпаққа мамандық таңдауда көмек көрсетуге бағытталған, сондай-ақ ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу тәртібі, оқу нысандары мен әдістері бойынша түлектермен үгіт-насихаттау жұмысы жүргізілді.

Өткізілген іс-шара соңында студенттер №32 ӨСБ  жеке құрамына өз алғыстарын білдірді.

 

Жарма ауданы ТЖБ-і