«Жолда қабылдау акциясы өтеді»

Аудан көлемінде халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2020 жылдың  ақпан айының 14-15 күндері «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтеді.

Акция аясында Полиция бөлімінің бастығы, оның орынбасарлары , жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция бөлімшесі және көші қон полиция қызметкерлері ағымдағы жылдың 14 ақпан күні Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Әлімбетов көшесі 16 (Нұр-отан), 15 ақпан күні Қалбатау ауылы , Бабатайұлы көшесі 36 (Жарма АПБ) мекен - жайында ашық есік жағдайында  халықты жеке қабылдау өткізіледі.

Осыған байланысты, азаматтардың өтініштеріне жүргізілген талдау көрсеткендей жиі қолданылатын сұрақтарға, яғни жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемаларына қатысты, автокөлікті тіркеу , жүргізуші куәлігін беру, жол жүрісін ұйымдастыру , көлік құралдарын қайта жабдықтауға , сондай –ақ  әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу  бойынша сұрақтарға жауап беріледі.

Сонымен қатар , полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңес беріледі. 

Жарма АПБ әкімшілік полиция бөлімше бастығы
полиция аға лейтенанты  А.Сағымбаев