«Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасының өтуі туралы

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша шығарылған қаулыны уақытында орындау мақсатында, Жарма ауданында ағымдағы жылдың 08-16 ақпан  аралығында «Борышкер» жедел алдын алу шарасы өткізілуде.

Жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің негізгі мақсаты, ерікті түрде орындалмаған қаулыларды орындату. Сонымен қатар орындалмаған қатар ерікті түрде орындалмаған қаулыларды құқық бұзушылардың жұмыс орны, сонымен қатар аумақтық және сот орындаушылар палатасы арқылы жеке сот орындаушыларға жолданып, салынған айыппұлдарды уақытында өтемеген тұлғалардың үйлері бойынша аралау жүргізілетіні жайлы хабарлаймыз.

Сонымен қатар әкімшілік айыппұл төлемеген тұлғалардың ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес көліктері айыппұл тұрағына қамалуы немесе уақытша көлік жүргізу құқығына шектеу қойылуы мүмкін. Немесе әкімшілік айыппұлды ерікті түрде төлмеген тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабына сәйкес жауапқа тартылып оларға қатысты бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы немесе бес тәулік мерзімге дейін әкімшілік қамаққа қамалуы мүмкін.

ҚР ӘҚБтК-не сәйкес әкімшілік айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі айыппұл салынған күннен бастап отыз тәулік.

          Құрметті тұрғындар, салынған айыппұлды уақытында төлеп, төленген түбіртекті Бабатай ұлы көшесі 36 үйде орналасқан Жарма АПБ-нің  ӘПБ-нің инспекторына тапсыруларыңызды сұраймыз.

Жарма АПБ ӘПБ әкімшілік тәжірибе инспекторы
полиция капитаны Е.Джазыбаев