Республикалық лигаға жолдама алды

2020 жылдың ақпан айының 2 мен 9 аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Жайдарман» ойындарының 2020 жылғы республикалық маусымының ашылу фестивалі ойындары өтті.

Ел жастарының ерекше ықыласына бөленіп келе жатқан жастар ойынына Жармалық жайдарманшыларда қатысып, өнерлерімен тәнті етіп, көрермен ықыласына бөленіп қайтты. Жоғары деңгейде өнер көрсете білген жармалық жас өрендер Республикалық орталық лигаға жолдаманы еншіледі.

Жарма ауданының жайдарманшыларына сәттілік тілейміз!