Волейболдан ашық аудандық жарыс өтті

2020 жылдың 8 ақпан күні ауданның спорт кешенінде еріктілер жылына орай Жарма ауданы мешіті мен спорт бөлімінің ұйымдастыруымен волейболдан ашық аудандық жарыс өтті . Аталмыш іс-шараны құттықтау сөзбен Жарма ауданы мешітінің наиб имамы Абдусамат Тойқылды ашып, спортшыларға сәттілік тіледі. Жарысқа барлығы 5 команда қатысты.Олар: Қалбатау, Шар,Жарық, Ақжал ауылдық округтер командасы мен 2544 әскери бөлімі. Жарыстың нәтижесі бойынша І орынды Қалбатау ауылдық округінің командасы, ІІ орын Шар қаласы және ІІІ орынды Ақжал ауылдық округінің командалары иеленіп, сыйлықтармен марапатталды.