Жарма аудандық мәслихатының кезектен тыс XLII сессиясы

2020 жылдың 13 қаңтарында Жарма ауданының әкімшілік ғимаратында кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихаттың 13 депутатының 10 депутаты қатысты. Сессия отырысына Шар қаласының әкімі, кенттер мен ауылдық округтерінің әкімдері, аудан бөлімдерінің басшылары, БАҚ және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері шақырылды.

Қала, кенттер мен ауылдық округтерінің бюджеттеріне қатысты мәселелерді қарау үшін кезектен тыс сессия аудандық мәслихат депуттарының ұсынысымен шақырылды.

Күн тәртібіндегі мәселелер депутаттық корпусымен толық қаралып, отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.