Жарма ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын алу және «Жарма ауданының Қоңырбиік ауылына және «Елнар», «Ербол», «Арай», «Жарықтас », «Матай», «Бикен» шаруа қожалықтарына шектеу іс – шараларын белгілеу туралы» Жарма ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі      № 2 шешімнің күші жойылды деп тану туралы» шешімі

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 - 1 бабының   8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы  Ауыл  шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік  мекемесінің бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы  № 597 ұсынысы негізінде, Қарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

1. Ірі қара малдардың арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Жарма ауданының Қоңырбиік ауылына және «Елнар», «Ербол», «Арай», «Жарықтас», «Матай», «Бикен» шаруа қожалықтарында шектеу іс – шаралары алынсын.

2. Жарма ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 2 «Жарма ауданының Қоңырбиік ауылына және «Елнар», «Ербол», «Арай», «Жарықтас », «Матай», «Бикен» шаруа қожалықтарына шектеу іс – шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5889 тіркелген, 2019 жылғы 26 сәуірдегі «Қалба  тынысы»  аудандық газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

3. «Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Округ әкімі А. Кныбаев