Божығұр ауылдық округінің есепті кездесуі өтті

2020 жылдың 14 қаңтар күні Божығұр ауылдық округінің есепті кездесуі өтті.   Есепті кездесуге аудан әкімі А. Нурғожин қатысты. Округ әкімі Ғ. Жанаков Божығұр ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы, білім саласы, көп балалы аналар мен зейнеткерлер мәселесі жөнінде, округ аумағындағы мүгедек жандар жағдайы жайлы ақпарат ұсынды.  Сондай-ақ, экономикалық белсенді халық саны, мал басын түрлендіру мақсатында жасалған жұмыстар барысын, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, атаулы әлеуметтік көмек, мәдени және спорттық іс-шаралар тағы да басқа бірқатар мәселелердің шешімдері жайлы толық ақпарат берілді. Есеп беру барысында ауылдық округтің тұрғындары аудан әкіміне көкейкесті сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды. Ауылдың дамуына байланысты ұсыныстар  қойылды, аталған ұсыныстар алдағы уақытта жүзеге асырылмақ.