Волейболдан чемпионат жалғасуда

Ағымдағы жылдың 11 күні волейболдан ардагерлер арасындағы өңірлік чемпионаттың үшінші кезеңі ауданның Жарма, Белтерек, Жаңғызтөбе, Бірлікшіл ауылдық округтері мен Шар қаласында өтті. 19 округтің ардагерлері арасында бастауын алған салауатты шара аймақтық негізде өтуде. 20 команда бес топқа бөлініп, өзара мықтыларды анықтауда.
Ардагерлер чемпионаты ағымдағы жылдың 8 сәуіріне дейін жалғасып, жарыс жеңімпаздары анықталатын болады.