Ардагерлер пленумы өтті

Ағымдағы жылдың 10 қаңтар күні Жарма ауданының Жастар ресурстық орталығының залында Жарма аудандық ардагерлер кеңесінің VI пленумы өтті. Пленумге Жарма ауданының әкімі Ахметқали Ахашұлы Нурғожин, Жарма аудандық мәслихатының хатшысы Айгүл Жансапқызы Сахметжанова, аудан әкімінің орынбасары, округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары, бастауыш ардагерлер ұйымының төрағалары  қатысты.

Пленумды  Жарма аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек  Оспанбекұлы  Есполов ашып, жұмыстарымен таныстырды.

Пленум күн тәртібінде қаралған бірінші мәселе – Жеңістің 75 жылдығына дайындық және оны жоғары деңгейде өткізу болды. Сондай-ақ, Нұрлыбек Оспанбекұлы батыр ата-апаларымыздың майдандағы, тылдағы ерліктерін есте сақтау, ортамызда жүрген ардагерлерімізге қамқорлық таныту – баршамыздың  ортақ борышымыз екенін атап өтті.  Жас ұрпаққа әскеери-патриоттық және рухани-ізгілік тәрбие беру – ардагерлер ұйымдарының  басты назарында. Бүгінде, соғыс ардагері, тыл еңбеккерлерімен оқушы, жұмысшы жастардың кездесулері. Мемлекет басшысы жолдауларын, халық бірлігін, қоғам тұтастығын түсіндіру, насихаттау жұмыстарына баса мән берілуде.

Екінші мәселе – аудандық ардагерлер кеңесінің және төралқа құрамына толықтырулар енгізу.

Үшінші – «Дәнекер» пилоттық жобасына қатысатын медиаторларды ұсыну болды.

Пленум барысында аудан әкімі мерейтойлық жасқа толған, қоғамдық жұмысқа белсене қатысып жүрген ардагерлерге грамота табыс етті.