2020 жылдың 6 қаңтар күні Жарма ауданына арнайы...

2020 жылдың 6 қаңтар күні  Жарма ауданына арнайы жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мусин Дүйсенғазы Мағауияұлы келіп, өңірдегі Шалабай ауылдық округі және Әуезов кентіндегі жалпы әлеуметтік ахуалымен таныса отырып, өткен жыл соңында қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Заңын талқылап, ауданда ақ бас асыл тұқымды ірі қара өсіруші «Шалабай асыл тұқымды мал зауыты» ЖШС басшысымен кездесіп, мал басын түрлендіру бағытындағы жұмыс жобасын пысықтады.

ҚР Парламенті Сенатының 2019 жылғы жұмысына кеңінен тоқталған   депутат, қабылданған 83 заң жобаларының маңыздылығы мен мәніне терең үңіле отырып, еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған бірқатар заң жобаларын жіктеп берді.