Салтанатты шара өтті

2019 жылдың 29 қараша күні аудандық Мәдениет үйінде Тұңғыш Президент күніне және Жастар жылын қорытындылауға арналған салтанатты жиын өтті. Аудан әкімі А.Нұрғожин салтанатты жиынға қатысушыларды құттықтады. Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депуттары, жас депуттар, жұртшылық өкілдері және аудан тұрғындары қатынасты. Салтанатты жиын барысында аудан әкімі 11 номинация бойынша үздік шыққан жастарды марапаттады. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты.