«Ашық әкімдік» фронт-кеңсесі ашылды

2019 жылдың 29 қараша күні Мемлекет басшысының халық пен атқарушы билік арасындағы байланысты дамыту, жұмыс ашықтығын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес Жарма ауданы әкімдігінде «Шығыс - Адалдық алаңы» жобасы аясында «Ашық әкімдік» бөлімі ашылды.

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі А.Нұрғожин мемлекеттік мекеме басшыларымен жиын өткіздіріп, жобаның түпкі мақсатын кеңінен танытты.  Яғни, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, онымен күрес жолында қоғамның сауаттылығын арттырып, қолданыстағы заңнама мен ережелерді түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу бағытталды. Мемлекеттік мекемелердің жұмыс ашықтығын қамтамасыз ету бағытында жұмыстар қолға алынып, алғаш болып аудандық қаржы бөлімі жабдықталды.

Салтанатты түрде іске қосылған «Ашық әкімдік» бөлімінде аудан әкімі А.Нұрғожин азаматтарды жекелеген мәселелер бойынша қабылдап, көтерілген мәселелер оң шешімін тапты. Жаңадан қолданысқа енген бөлімде арнайы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы қарастырылған. Бұл орындағы ғаламтор желісімен қамтылған дербес компьютерді пайдалану арқылы әрбір келуші өзіне қажетті қызмет ала алады.

Алдағы уақытта бекітілген кестеге сәйкес «Ашық әкімдік» бөлімінде азаматтарды қабылдау жүзеге асатын болады.